Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдасы тиер деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
269
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыстың тақырыбы: Өлең жаздым қолыма қалам алыпМақсаты: а)Ана тіліміздің байлығы туралы молынан игеріп, оны әрі қарай дамыту. Суырып салма жас ақындарды насихаттау , өлең құдіретін сезіну;б) Адамзат баласының ана тілін білуі – борышы, парызы. Оқушылардың суырып салма қабілеттерін дамыту;в) Өлеңге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, поэзия оқуға тәрбиелеу;Шараның түрі: сайысКөрнекілігі: интербелсенді тақта, өлеңдер жинақтары Сайыс жоспары:
  • «Оңашада – өз ойыммен сырластым» (Үй тапсырмасы)
  • «Жырлайды жүрек» (Шабытты шақтағы өлеңі)
  • «Өлең жаздым – қолыма қалам алып» (Берілген өлең жолын жалғастыру)
  • «Ақындардан нәр алғам» (Көрнекті ақындардың өлеңін мәнерлеп оқу)


Құрметті: ұстаздар, сайыскерлер және көрермендер. Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер! Халқымыз ежелден сөз өнеріне ерекше мән бергені белгілі. Бүгінгі сайыскерлеріміз де сөз өнеріне жақын, ақындықты жанына серік еткен оқушылар. Ендеше, сол өнерліріне сәттілік тілей отырып, сайыскерлеріміздің өнерін тамашалауға шақырамын. Әділ қазылар алқасымен таныстырып өту. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Нұрланқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қабешова Назира Қабиқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухамбеткалиева Гүлнар Самұратқызы. Сайыс барысында басты назарға алынады:мына жайттар басшылыққа алынады:
  • Өлең мазмұны;
  • Өлеңнің көркемдігі;
  • Өлеңнің құрылысы;
  • Мәнерлеп оқуы;
  • Өзін ұстауы;
  • «Оңашада – өз ойыммен сырластым»
Оқушылар өздерінің шығарған сүйікті өлеңдерін оқып береді. Жүрек қалауымен таңдап алған шығармаларын нақыштап, мәнерлеп оқып береді.
  • «Жырлайды жүрек»
Сайыс басталмастан бұрын 5-6-сынып оқушылары қазақ тілі кабинетіне жиналып, әрқайсысы жеке-жеке отырып, «Көктем» және «Достық» тақырыбына арнап бір 45 минутта шығарған өлеңдері жиналып алынды. Сол өлеңдеріне қарап сайыскерлер іріктелді. Ендеше, сиясы кеппеген ақындар өлеңдеріне кезек берсек. 3) «Өлең жаздым – қолыма қалам алып» деген жолды жас ақындарымыз әрмен қарай өз берттерінше алып кетуі тиіс. Ақындарға сәттілік тілей отырып, «Өлең жаздым – қолыма қалам алып» бөлімін бастайық. Бағы мен бабы қатар шапсын деген тілекпен жас ақындарға 15 минут уақыт беріп, кешегі 5-6-сынып оқушыларының «Шабытты шақтағы» шығарған екі тақырыптағы өлеңдерін тыңдап көрелік.

4) «Ақындардан нәр алғам» Көрнекті ақындардың өлеңін мәнерлеп оқиды. Оқушы кез-келген сүйікті ақындарының өлеңін мәнерлеп оқуға мүмкіндігі бар.Қорытынды сөз. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Назира Қабиқызы сөз сөйлейді. Оқушыларды марапаттау үшін әділ қазылар алқасының төрайымы Н.Нұрланқызына сөз кезегі ұсынылады. Жеңімпаз оқушыларға дипломдар табыс етіледі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ