МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен мұғалімдерге қажет деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
342
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлт саулығы -мемлекет болашағының негізі



Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатыы, ұлтжанды, рухы биік парасатты дені сау ұрпақты тәрбиелеу- қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Адам тірі кезінде қадірін білмейтін екі асыл құндылық бар. Оның бірі уақыт болса, екіншісі – денсаулық . Әобір адамның денсаулығын алдын -ала ойлайтын мемлекетте қлт саулығын жоғары қояды. Ұлт саулығы– бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығы.

Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – күш жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулығы сыр берген ұлттың да ұлт саулығы әлсірей бастайды.. Себебі, бүгінде аурудың түрлері өте көп.  Ал қазіргі кезде жастардың басым бөлігі денсаулыққа басты назар аудармайды. Жастар арасында кеңінен белең алған шылым, ішімдік және тағы да басқа зиянды заттар денсаулықтың қас жауы. Қандай да болмасын, олар адам өмірін өте қысқартап жіберетіні сөзсіз.Сонымен қатар бірнеше айлар немесе жылдар бойы дәрігерлерден кеңес алмай ұзақ уакыт бойы жүріп қалады. Алайда мұның барлығы аурудың асқынуына алып келеді. Қазіргі таңда мемлекетіміздің медициналық әл – ауқаты бұрынғыға қарағанда әлдеқайда дамыған. Әлемдік дамыған елдермен салыстырғанда терезесі тең деуге болады. Кез келген азамат осы мүмкіндіктерді тегін әрі сапалы пайдалануға құқылы.
Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам. Басқа жағынан қарағанда, дені сау ұлт мықты мемлекеттің нағыз белгісі болып табылады.« Қазақстан халқының әл – ауқатын
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты .Дені сау ұлт – жалпы ұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек .Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылатыны белгілі. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады. Демек, өміріңіз бен нұрлы болашағыңыз өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану – әрбір азаматтың міндеті.Ендеше ұлт болашағын ойласақ, ұлт саулығын әрқашан маңыздылығын түсінейік.





Жаhанданудың ұлттық құндылықтарға әсері қандай?



Жаhандану осы күнге дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық маңызға ие болмаған . Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең көлем алуы ,ұлттың аман қалу мәселесі ретінде қаралады.Кез -келген халықтың ұлттық ерекшеліктерін тілінен, дінінен,әдебиетінен таныймыз. Олар ұлттық құндылықтарымызға міндетті түрде әсер етеді. Бүгінгі Қазақстан ұлттық жаhандану кезеңін бастан кешіруде.Қазіргі заман жағдайында қарасақ ұлттық мәдениеттен жаhандық мәдениетке ауысу жүріп жатыр. Әлемдік жүйе әрқашан бар және көп мәдениетті болса да,батыстық құндылықтар әсерінің өсуіне көз жұма қарауға болмайды. Мәселен соңғы кездері салт-дәстүрімізге өзгеріс еніп,қонақжайлылық қасиетіміз жойылып бара жатқандай.сонымен қатар үлкенге ізет көрсету де сын көтермейді. Бұрынғы кезде үлкен кісінің алдын кесіп өтпеу,қарт кісілерді қадірлеу , қоғамдық көліктерде қарияларға орын беру, жақсы дамыған болатын . Ал қазір жағдай мүлдем бөлек. Негізінде өркениет дамыған сайын жаhандану барысында ұлттық құндылықтар түбінде азаяды деп ойлаймын. Өйткені ғаламданудың қарқынымен адамдардың ой-талғамы бір-бірінеи ұқсай бастайды. Кез-келген ұлтқа жалпы адамзаттық кұндылықтарды қабылдауға тура келеді. Демек бұл заңдылық.Бүгінгі жастар өзін-өзі табуды, барлық тілді меңгеруді, өркениетті дамыған елдерде өмір сүргенді қалайды. Алайда өздерінің алтын уақыттарын теледидар мен смартфонға қарап бекерге өткізіп жатқанын да мойындауымыз керек. Сондықтан бос уақытымызды білімге ,кітап оқуға жұмсасақ өзіміз үшін тиімді .Әрине ол үшін ең бірінші білімді ,сауатты, болуымыз керек. Сонымен қатар кез -келген жастардың ойы- өркениетті өзгерістер үдерісіне ілесу. Өте күшті заманауи ақпарттық құралдардың көмегімен жаhандану түрлі мәдениеттер арасындағы қағидаларды бұзып жарады. Бұның жарқын ұлгісі деп біз -Жапон мәдениетін айта аламыз. Жаппай мәдени жаhандану бұл жағдайларға ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзегінен де күшті болып шықты десек те болады. Ұлттық құндылықтарды сақтау біздің негізгі міндетіміз болуы керек .


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!