Эссе
Ерлікке
тағзым
Биыл
Ұлы Отан соғысының Жеңісіне – 75 жыл.
Бұл
– аға буын ардагерлеріміздің жанқияр
ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Уақыт
өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең
оқиғалары алыстап барады. Десек те Отан
үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан
ардагерлеріміздің ерен ерліктері
ұмытылмайды.Бүгінде сол ардагерлеріміздің
де қатары азайып бара жатқандығы жанға
батады. Батыр бабаларымыздың қатары
азайғанымен ерен ерліктері еш ұмытылмайды.
Жәлел
Қизатов атындағы мектептің 5- сынып
оқушысымын.Бірінші сыныптан бері Кеңес
Одағының батыры Жәлел атаның ерліктерімен
танысып, батыр ерліктерінен өзіме рухани
күш алып өсіп келемін.Біздің мектепте
батырдың немересі оқыды.Есімі-Арслан.Қазір
жылда тоғызыншы қазан күні мектепке
келіп батырға арналған салтанатты
шараға қатысады.Биыл Жәлел батырдың
100 жылдық туған күніне көптеген шаралар
ұйымдастырылып жатыр.Жәлел ата тек
батыр ғана емес жазушы әрі ақын екенін
білесіз бе?Өзінің батыр досына арнаған
поэмасы бар. Мен оқыдым.
Менің
ойымша, Жәлел ата тек қана туған
жерін сыртқы жаулардан қорғаушы батырлар
ғана емес, сонымен бірге үзеңгілес,
айнымас достықтың белгісі ретінде
танылды.Осы үлкендердің айтуларынан
түйгенім-бұл ардагер батырлардың рухтары
қазір де біздерді, яғни ұрпақтарын
әр жақсы бастауларда қолдау беріп,
жамандықтан қорғайды.Ал, біздер
ата-бабаларымызға құран бағыштап,
есімізге жиі алып отыруымыз жөн. Көреген
қазақ халқы «Өлі разы болмай, тірі
байымайды» деп бекерден айтпаған.
Отан
үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен
даласында қайсарлықпен шайқасқан Жәлел
ата! Сізге мың тағзым!
Ұлы
Отан Соғысына қатысқан ардагерлерді
ардақтау барлығының міндеті. Сіздер ел
басына күн туғанда жауынгерлік ерлік
пен елдіктің өнегесін көрсеттіңіздер.
Адам төзгісіз қиыншылықтарды жеңіп,
халықтың
адал ұлдары мен қыздарына айналдыңыздар.
Бүгінгі
қазақ елінің ұрпағы, біздер, сіздерді
әрдайым сізді мақтан етеміз. Сіздерден
үлгі – өнеге алып, есімдеріңізді мәңгі
жүректе сақтаймыз!
Тәуелсіз
Қазақ елінің балғын балаларының басты
парызы – Ұлы Жеңістің маңызы мен мәнін
қастерлей білу деп білемін. Жәлел
Қизатов атамыздың ерліктері
ешқашан ұмытылмайды.
Әрбір
жас өрен сіздің ерліктеріңізді, ел
алдында өтеген еңбектеріңізді әрдайым
есте сақтайды.
Құлмағанбетова
Айзере
№23
Жәлел Қизатов атындағы мектеп-лицей
5-сынып
оқушысы
Пән
Мұғалімі :Козыбаева Айгул