Абай
Құнанбайұлы-шын
аты Ибраһим,
Абай 10
тамыз 1845 ж.
қазіргі Семей
облысының Шыңғыс
тауларында Қарқаралының аға
сұлтаны Құнанбайдың төрт
әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта
жүз Тобықты
Арғын ішіндегі Олжай
батырдан басталады.
Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді
3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы
кейін бір-бір рулы ел болып кеткен.
Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай,
Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл
туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы,
ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел
болған. Сол
Айпара балаларына:
«Шынжыр
балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ
жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі
де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә
да оңбас торғайым...»
(1845-1904) — ақын,
ағартушы, жазба
қазақ әдебиетінің, қазақ
әдеби тілінің негізін
қалаушы, философ, композитор, аудармашы,
саяси қайраткер[1],
либералды білімді исламға таяна
отырып, орыс және еуропа мәдениетімен
жақындасу арқылы қазақ мәдениетін
жаңартуды көздеген реформатор. Абай
ақындық шығармаларында қазақ халқының
әлеуметтік, қоғамдық, моральдық
мәселелерін арқау еткен.
Абай
Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін
жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының
еңбектерімен жақсы таныс болған.
Философиялық трактаттар стилінде
жазылған «Қара
сөздері» -
тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық
тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
салмақтылығымен құнды. Абай атамыздың
өлеңдері, қара сөздері және кітаптары
бар. Абай жас кезінен білімге құштар
болған. Абайды қазір бүкіл Қазақстан
біледі өлеңдерін жаттайды. Абай атамыз
білім алып болғаннан кейін, текке
жатпайын жастарға білім берген. Оның
бір өлеңінде “бұл сөзді тасыр ұқпас,
талапты ұғар”-деген. Осы сөзінің өзінде
қаншама ақыл,ой жатыр.
Абай атамыздың.әр
сөзінде терең ой жатыр.Кітап
– ақылшы, өткеніңді көз алдыңа әкелетін,
болашағыңа қиырдан көз тастауға үйрететін
қамқор тәрбиеші. Жақсы кітапты оқу –
адам жанының ізгіленуіне, ақыл парасатының
мейлінше жан – жақты қалыптасуына
көмектеседі. Ұлы Абайдың: «Артық ғылым
кітапта, Ерінбей оқып көруге», - деуі
кездейсоқ айтылған пікір емес. Тағы да
Абайдың: «Бір ғылымнан басқаның, бәрі
де кесел асқанға», - деуі әр оқырманды
ойландырса керек.
Абай атамызға көп ақын, жазушылар ой
тастаған оны сипаттаған. Мысалы Поэзияда,
музыкада, қоғамдық
– азаттық
ой-пікір саласында өлмес-өшпес
шығармалар
берген Абай қазақ
халқының
өткен
замандағы
өмірін
зерттеуші біздің
ұрпаққа
таңғажайып
тұлға
болып көрінеді.
Ол өз
халқының
ғасырлар
бойғы
мәдениетінің
таңдаулы
нәрін
алды
және
бұл
қазынаны
орыстың
және
Батыс Европа мәдениетінің
игі әсерімен
молықтырды.
Абай лебі, Абай үні,
Абай тынысы- заман тынысы, халық
үні.
Бүгін
ол үн
біздің
де үнге
қосылып,
жаңғырып,
жаңа
өріс
алып тұр.
Мұхтар
Әуезов
Қазақтың
бас ақыны
Абай Құнанбаев.
Онан асқан
бұрынғы
- соңғы
заманда қазақ
даласында біз білетін ақын
болған
жоқ.
Ахмет Байтұрсынов.
Тағы
Абай
есімі – қазақ
халқының
ұлттық
санасының
оянуы мен рухани қайта
жаңғыруының,
қоғамның
озық
күштерінің
өркениеттілікке
ұмтылысы
мен әлеуметтік
әділдіктің
символы -
Зәки
Ахметов,
және
Әдебиетіміздің
негізіне қаланған
бірінші кірпіш - Абай сөзі,
Абай аты боларға
керек...Ең
жоғары,
ардақты
орын – Абайдікі-Міржақып
Дулатов және тағыда басқа.
Орыстар
үшін
- Пушкин, ағылшындар
үшін
- Шекспир, грузиндер үшін
- Руставели... қандай
ұлы
құбылыс
болса, Абай да қазақтар
үшін
сондай теңдессіз
құбылыс.
Абай атамыз өзінің
өмірінде осы қазақ халқына, баларға
үлкен ақыл тастап кетті. Ол қазақ
адамдарына көп еңбегін сіңірді.