Эссе
Еркіндігім
қасиетім
« Бұл дүниеде біздің бір
ғана Отанымыз бар: ол Тәуелсіз
Қазақстан».
Нұрсұлтан
Назарбаев
«Тәуелсіз!,Қазақстан өз
Тәуелсіздігін алды!, Алақай біз Тәуелсіз мемлекетпіз!» деген
сөздерді естігенімде, мен өз елімнен жырақта жүрген, жоғары оқу
орындарының бірінде оқып жүрген, шәкірттердің бірі едім.
«Тәуелсіздік», «Еркіндік» деген сөзді естігенде аспанда қалықтап
ұшқан қыран құстар көз алдыма елестеді, ата- бабамыз сан жылдар
армандаған еркіндігім. Міне, сол еркіндікке тәуелсіз мемлекет болып
шыққанымызға да биыл 30 жыл толды. Еркіндік мақтаныш сезімін оятып,
ұлтжандылыққа жетелейді.Еркіндік бізге оңайлықпен келген
жоқ. 1986 жылдағы
желтоқсанның желі мен ызғарына
қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында
еркін ел болып қалыптастық.
Міне, осындай жігердің арқасында 1991 жылы
Еркіндікке, өз Тәуелсіздігімізге қол
жеткіздік. Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі
кезең. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан
құдіретті
сөз.
Отыз жыл ішінде Қазақстан
етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел
болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16
желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен
ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды.
Жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік,
керегесі кең, көп ұлтты мемлекет болып
қалыптастық. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз –
тұрақтылық, білегіміз –
бірлік.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз
Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.Тәуелсіз мемлекет
болып Қазақ елі өз тәуелсіздігін нығайту жолында
шұғыл өзгерістерді қабылдады. Тарихи себептер салдарынан туған
топырағынан көз жазып, әлемнің әр еліне бытырап кеткен бауырларымыз
бен олардың ұрпақтары, егемен ел болып, көк байрағы желбірегенде өз
еліне ағылып, жан -жақтан келе
бастады.«Есің барда, еліңді тап!»
демекші, тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап, өзге жұрттағы
қандастарымыз атамекендеріне орала бастады. Сол Ұлы көш әлі
толастаған жоқ. Бір кездері тағдырдың тәлкегімен шекара асып кеткен
ағайындардың атамекенге ағылуына – 1997 жылдың 13 желтоқсанында
«Халықтың көші-қоны туралы» Заңға ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың қол қоюы даңғыл жол ашып берді. Әлемнің әр түкпіріне
тарыдай шашылған талай қазақтың ата қонысқа деген сағынышы
үзілмейтін үмітке, селкеусіз сенімге айналған
еді... 1992 жылғы 28 қырқүйек пен 3 қазан аралығында
Алматы қаласында өтті. Осы құрылтайда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан
Назарбаев: «…Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол –
тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды
етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта
абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз», «Бар қазақ – бір
қазақ» деген отты сөзін айтып миллиондаған елдің жүрегін елжіретіп,
рух сыйлаған еді. Сол қандастардың арасында мен
де өз отбасыммен «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан
бол»деген мақал қағидаға алып келдім. Маған елім не береді екен
деп, күтіп отырмадым. Жапа тармағай әрекет жасап, отбасымызбен
еңбек ете бастадық. Мен еліме не беремін? Қай салада тәуелсіз еліме
өз үлесімді қоса аламын, деген ой үнемі мазалады. Өз мамандығым
бойынша 2005 жылы орыс тілді мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі болып орналастым, қаншама шәкірттерді
еліміздің салт-дәстүрлерін,
әдет-ғұрыптарын, тілін білім нәрімен сусындатып
жатырмын десем, артық айтқандық емес. Шетелде
туып тәуелсіздікпен бірге елімізге оралған басқа да танымал
тұлғалар адал қызмет етуде.
Қорыта
айтқанда, Біз тәуелсіз, азат елміз,
біз Мәңгілік елміз! Еркіндігім –ол қасиетім! Тәуелсіздігіміздің 30
жыл бойы басынан өткерген жетістіктеріне қуана отырып, біз
қазақпыз, мен қазақпын!-дегім келеді. Қазақ болып туылғаныма
әрқашан мақтанамын. Тілім - туым, жерім – жақұтым, дәстүрім
байлығым, елім – бабамнан қалған асыл мұрам. Сол мұраны көзімнің
қарашығындай қорғау менің және бүкіл қазақтың азаматтары қасиетті
борышы. Жалғыз қаруымыз бар, ол - отанымызға деген махаббат,
елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, тарихымызды, тіліміз бен
дінімізді ұмытпай қастерлеу мен бірлігімізді жоғалтпау болып
табылады. Мәңгілік ел болуы үшін өткенімізді қастерлеп болашаққа
жеткізуіміз керек. Ол - біздің
парызымыз.
«Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Есіл ауданының білім
бөлімі»КММ «Кеңес Одағының Батыры – Т.Позолотин
атындағы
№ 1 Явленка орта мектебі»
КММ
Динасилова Фарида
Мирзабаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Эссе «Еркіндігім
қасиетім»
Солтүстік Қазақстан облысы,
Есіл ауданы, Явленка селосы
2021
жыл