400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе " Менің өмірлік ұстанымым!" Қазақ әдебиеті пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің аты-жөнім –Мәлік Жазира. Мен Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің 11 «А» сыныбында оқимын. Мен осы мектепте оқығанымды мақтан етемін. Өйткені, осы мектеп қабырғасында оқып жүріп, білгенім мен түйгендерім көп. Әрине ол маған тәрбие берген ата-анам мен ұстаздарымның еңбегі. Балалық шақта мен көп армандаушы едім. Кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсылыққа жаны құмар, еліктегіш болып келеді. Енді сол армандарым біртіндеп жүзеге асып келеді.Бой жетіп сол армандарды өмірде орындауға тырысудамын. Әр адам өмірге келгеннен кейін, өмірлік ұстанымдары мен игі мақсаттары болады. 
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшыл, сазгері, Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам Өмір атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын табуға тырысады. Сол өмір табалдырығынан сүрінбей, бойымызды тік ұстап өте білуіміз керек. Әрине ол үшін адамда әр түрлі қажеттіліктер болу керек. Менің де осы өмірде көптеген ұстанымдарым бар. Мен өз елімді, өз тілімді сүйемін. Өз елімнің әр бір тасы маған қымбат. Елімнің осындай дәрежеге жеткенін көргенде қуаныштан сәби жүрек тулайды.
Қазіргі таңда Қазақстанды қай жағынан алсақ та дамып келеді, әрине кемшіліктерін айтып жатқанда құлағым шалып қалады. Көш жүре түзеледі демекші, болашақта бәрі жақсы болады. Мен оған сенемін. Өйткені біз Қазақстанның болашағымыз. Еліміздің әрі қарай гүлденуіне үлес қосу біздің міндетіміз. Яғни әр бір жас ұрпақ оған атсалысу керек.
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»-деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған.
Өз елін ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаса, біз біліммен қорғаймыз. Н. Назарбаевтың «Ұлт болашағы –білімді ұрпақ қолында» дегені әлі есімнен кетпейді. Расында, бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі, келешектің кемелі. Сол себепті, біз білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Қазір білім саласында көптеген өзгерістер бар. Көптеген сыныптар жаңа бағдарламамен оқиды. Мен де сондай жаңа бағдарлама бойынша оқығым келеді. Бұйыртса біз де оқитын шығармыз деп қоямын.
Бірақ, білімді қай жолмен алса да, бәрі бір деп ойлаймын. Ең бастысы - ол білім тәрбиелі жолмен берілсе екен. Әбу Насыр Әл –Фараби айтқандай: Адамға ең бірінші білім керек емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне қауіп әкеледі. Біздің тәрбиелі болып өсуімізге де мектеп пен ата-аналарымыз аянбай еңбек етіп келеді. Оған дәлел, бізде сынып сағаттарында үнемі ұстаздарымыз тәрбиелік маңызы бар әңгімелер айтып отырады. Кейде сынып сағаттарын дебат ретінде де өткіземіз. Мен өз тілімді жетік білемін. Өз ана тілімде еркін сөйлеп, жаза аламын. Әртүрлі тіл сайыстарына да қатысып жүремін. Сыныпта кейбір сыныптастарыма басқа сабақтардан көмектесіп, білмеген жерлерін айтып отырамын. Қазіргі заман талабына сай адам бірнеше тіл білу керек. Көп тіл білген адамның болашағы жарқын болады. Бірақ, өз тіліңді бәріннен де биік қою керексің.
Ана тілің- арың бұл, 
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! деп, Қадір Мырза Әлі жырлағандай, біз де ана тілімізде жырлайық!
Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде тіл апталығы өтеді. Сол тіл апталығында қазақ тіліннен ашық сабақтар болады, тіл туралы мерекелік шаралар өтеді. Сол шараларға біз белсене қатысамыз. Мектептің әрбір жұмысына белсене қатысамын. Мысалы, спорттық шаралар болсын, қоршаған ортаға қатысты болсын бәріне қолдау көрсетеміз. 
Спорт-денсаулық кепілі демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Бірінші байлық –денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Адамдардың дені сау болып, жаман әдеттерден аулақ болуы, елдің болашағы. Осы спорт саласында да еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшыларымыз көп. Оларды біз мақтан тұтамыз. Тіпті сол спортшыларға еліктеп, болашағын спортпен байланыстырып жатқан жастар да аз емес.
Деніміздің сау болуына спортпен бірге тұратын жеріміздің, қоршаған ортамыздың әсері де болады. Өз тұратын жерімізді аялай білуіміз керек. Қоршаған ортаға, табиғатқа зиянымыз тимесе екен деймін. Әлемде болып жатқан экологиялық мәселелерге бейжай қарамай, оны түзеуге ат салысыуымыз керек. Табиғатты қорғау керек. Табиғат-ана жер жүзіне мейрімін, жылуын сыйлап тұрғанда, біз неден аянуымыз керек. Тек қана алға жүреміз. Қай жерде, қай елде тұрсақ та өз елін сүйетін, ақыл –ойы таза, білімді, бәсекеге қабілетті, рухы биік азаматтарымыз көп болсын. Тек өз елі үшін туылған, жастар көп болсын. Менің сәби тілегім қабыл болсын!




Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Б.Кульбашева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі