Эссе
« Ұстаз-ұлы ұғым»
Болашаққа
үміт сыйлайтын, болашақ ұрпақты
тәрбиелейтін,келешекке жолдау көрсететін
тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар
ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н.
Назарбаев халқымыздың болашағы туралы
тереңнен толғай: «Мемлекетіміздің ең
басты дүниесі тек қана табиғи байлық
емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы,
өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ
айнасы» -дегені мәлім. Олай болса, жас
ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз
– баға жетпес биік тұлға. Өз ойымды осы
өлең жолдарымен жеткізгім келіп тұр:
Ұстаз
– ұлы ұғым,
Бәріңіз
оны ұғын.
Ұстаз
болам десеңіз,
Белді
бекем мығын.
Ұстаз
болу үшін,
Болсын
ақыл,күшің.
Білім
нәрін таратар,
Болар
сенің ісің...
Ұстаздық
ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен
сусындаған жан. Абай атамыз: «Сен де бір
кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан»
-деп айтқандай әр оқушыға білім беріп,
оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш»
болып қалануына зор үлес қосушы - ұстаз.
Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны
таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны
қалыптастырып, баптайтын адамның өзі
де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол
«ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін
ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздың қолында -деп атап
көрсеткендей, - ұрпақтың тағдыры ұстаздың
қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ
тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға
үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан
біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің
жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды,
адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды
тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз
керек.
Мамандықтың
бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше.
Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте
қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар
ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана
орны – мектеп.
Елімізде
түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда
мектеп қадамын жаңа аттаған бүлдіршіндерге
білім беріп, сауатын ашу бастауыш сынып
ұстазы үшін – қасиетті парыз. Осындай
парызымды абыроймен атқарып,егеменді
еліміздің ертеңіне жақсы ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш
сыныпта алған білімі мен тәрбиесі,оқушының
алтын діңгегі.Сондықтанда,сол алтын
діңгегі орта және жоғары сыныпта ары
қарай өсуі керек. Сол діңгектің сынбай
,әрі дамуы бізге де байланысты. Бойымыздағы
барлық білім мен жақсы қасиеттерімізді
алдымызда отырған бүлдіршіндерге шын
жүректен тарту ету – біздің ұстаздық
шеберліміз.
Әрбір
сабақтан алған білімі баланың жүрегіне,
бойлай еніп, оның рухани өрісін дамытады.
Әрине шәкірттерім әңгімелер оқу арқылы
халқының арманы мен қиялын, өткені мен
бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті
кейіпкерлердің арасындағы достығы мен
сүйіспеншілінен, патриоттығы мен
еңбеккорлылығынан, адалдығы мен
адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып,
жақсысына жаны сүйсініп, жаманынан
жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты
іздене біледі. М.Дулатов атамыз
айтқандай: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз
үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң,
келешегі-тұман»- деген екен. Ендеше,
егемен елдің ертеңіне үлес қосатын
тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы
саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын
біліммен сәулелендіріп, сол білімді
биіктен көру-менің мақсатым мен арманым.
Қорыта
келгенде, «Ұстаз-ұлы ұғым» деген асыл
сөздің өзін айтып,оның мазмұнын ашу
және түсіну – мен үшін үлкен бақыт.