Материалдар / Эссе "« Үштұғырлығы тіл –кәсіби табыстың кепілі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "« Үштұғырлығы тіл –кәсіби табыстың кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынның "Үш тұғырлы тіл» жобасы аясында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Запорожье орта мектебі» КММ





















Эссе« Үштұғырлығы тіл –кәсіби табыстың кепілі»











Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Какимова Салтанат Кабдугалиевна















































«Тіл»-деген үш әріптен тұратын бір сөздің мағынасы өте терең. Әр халық өз тілің құрметтеп,бағалайды. Әлемде қанша ұлт болса сонша тіл бар. Тіл арқылы әр халық өзінің салтын, тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. «Ұлттың тілі –ұлттың ділі» демекші,әр ұлттың өз ана тілі ең басты байлығы.Қазхақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Мен бұны маөтан етемін. «Менің тілім қазақ тілі» дегенде көкірегім бір мақтанышқа толы сезімге бөленеді.Қазақ болып туғаныма шексіз қуанамын.Әр ұлтқа тек қана өз тілінде сөйле деген қатып қалған қағида жоқ.Бірақта әр кім өз тілін құрметтеп,қастерлеу керек,білу керек деп ойлаймын.Ахмет Байтұрсыновтың «Тіліміздің бүлінбей сақталуын тілесек, әуелі,өз ана тілімізде оқытып,сонан соң басқа тілді үйренуге тиіспіз» -деген сөздерін де үлкен мән бар. Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап мемлекеттік тіліміздің мәртебесі көтеріліп, өшіп бара жатқан тіліміздің шоғын қайта жанғырттық. Сол жанып тұрған тіліміздің өшпеуіне кепіл болуға біз болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелеу керекпіз. Тәуелсіздік алғаннан кейін ең бірінші Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тіліміз –қазақ тіліміздің мәртебесін көтеру үшін көптеген мақсаттар қойды. Сол мақсаттар орындалып,сатымызбен жоғары көтерілдік. Дамыған елдердің қатарына ену үшін, дамыған ел болу үшін алда басқа мақсаттар тұр. Мақсаттардың ең өзектісі Елбасымыздың 2006 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етуі, 2007 жылы жыл сайынғы Жолдауында «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» - деп “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мәдени жобаны ұсынғаныұл жобаны біз бәріміз ел болып, ұжым болып талқыладық. Сол 13 жыл бұрын айтылған осы жаңалықты кейбіреулеріміз қуанышты хабар ретінде талқыласақ, кейбіреулеріміз бұның бізге не керегі бар деп қол бұлғадық. Халқымызға,болашақ ұрпаққа беретін пайдасын түсіне алмадық. Заман ағымына сай қазіргі танда «Үш тұғырлы тіл» қажетті құралға айналғанына көзіміз жетіп тыр. Дамыған елдер санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты басқа тілдермен қатар өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген сауатты,мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.Сауатты,мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу үшін ең бірінші тілді сүйе білу керек.Тілдің тереңдігін түсініп,ұғыну керек. Біз ұстаз болып әр баланың санасына осыны жеткізе білу керекпіз деп ойлаймын.Қазіргі таңда “Тілдердің үш тұғырлылығы” аясында қоғамда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үш тілді меңгеру қазіргі танда балабақша табалдырығынан бастап жүзеге асып жатқанына біз бәріміз куәгерміз.Мен бұл істі қолдаймын. Қазіргі дамыған технологиялар заманында жас ұрпақтың санасына білімді тез сіндіру қиын емес. Оған дәлел әр отбасындағы бала қазіргі таңда интернет желісі арқылы тілдерді мультфилім,ойындар арқылы танып жүр. Сондай-ақ мектепте пән мұғалімдері де сабақтарында ойын, суреттер, дыбыстар элементтерін қолдану арқылы жаңа оқыту жүйесіне сай үйретіп жатыр. Сонау ата заманымыздан келе жатқан «жеті жұрттың тілін біл» деген сөзі қазіргі бәсекеге негізделген өмірлік қағиданың өзі деп білемін. Жас ұрпақ буынынан осы талап етіліп отыр.Тәрбиелі,мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуге мектебімізде көптеген жұмыстар жасалуда. Қазіргі уақытта мектебімізде тілдер онкүндігі өтуде. Осы онкүндік аясында үш тілде ашық сабақтар, мерекелік іс-шаралар өтуде. Мектебімізде «Ұлы дала жеті қыры» , «Семь граней Великой степи», « Seven faces of the great steppe» атты тақырыпта іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ оқушылардың қызығушылығын оятар көптеген тәрбиелік іс-шаралар жүргізілуде.Біздің мектебіміздегі  тәрбиенің негізгі мақсаты-оқушылардың бойында азаматтықпен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді,тарихи құндылықтарымызды құрметтеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйретуге тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі заман ағымына сай, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталғаның білеміз.Осы қағидаларды ұжым болып ұстанамыз,іске асырып жатырмыз. Күнделікті қолданыста, оқушылардың өз ара сөйлескенде үш тілде сөйлей білетініне көз жеткізудеміз.Күнделікті әріптестермен сөйлескенде қазақ тілі мен орыс тілін қатар алып жүреміз. Жеке өз басым ағылшын тілін меңгермегендіктен оны түсіне қоймаймын,бірақ болашақта меңгеремін деген ойдамын.Оқушылардың өзара ағылшын тілінде сөйлескенің естігенде құлаққа жағымды тіл болып көрінеді. Ал басқа ұлт өкілі қазақ тілінде сөйлегенің естісем кеудемді қуаныш, мақтаныш кернейді. Қазақ тілінің мәртебесі тағы бір сатыға көтерілгенің сезінемін. Менің айналамда басқа ұлт өкілдерінің қазақша сөйлегені маған үйреншікті нәрсе. Сонау студенттік кезде танысқан құрбым Валентина ұлты орыс болса да, тек қазақша сөйлейді.Құдай қосқан жары Вадим де қазақшаны жақсы меңгерген. Отбасымыздың келіні Людмила үш тілді жақсы меңгерген. Өзге ұлт өкілі болса да, қазақша жақсы сөйлейді,ағылшын тілі мұғалімі болғандықтан ағылшын тілін де жақсы меңгерген. Таяуда интернет желісіндегі өзге ұлт өкілі Бойко В қазақ тілі туралы оқыған өлеңі өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметінің белгісі екендігін көкірегімді қуаныш сузімге толтыра айта аламын.Біздің мектебімізде неміс,орыс ұлтының балалары қазақ сыныптарында оқиды. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренгісі келгені,ол тіліміздің мәртебесінің өскені,Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының орындалғаны деп білемін.Шәкірім Құдайбердіұлы атамыздың «Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін» -деген сөздерін әр ұстаз ұстансақ, болашақ ұрпағымыз Елбасымыздың алға қойған «Үштұғырлы тіл» жобасының мақсаттарына жетеді деген сенім жүрегіме ұялайды. Сол сенімге жүз пайыз сенемін. Ел ертеңi — бiлiмдi жастар үшін, Қазақстанның жарқын болашағы үшін біз ұстаз қауымы ата-аналармен жұмыла аянбай еңбек етуіміз керек.«Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!