400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Абай - дана, Абай - дара қазақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай – дана, Абай – дара қазақта.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқпақпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық, білімсіздік, ашкөздік, өтірікші, өсекші, мақтаншақтық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол өз дәуірінің өмір шындығын, рухани болмысын танып біліп, өлеңде, қара сөзде өрнектеген ақын. Ұлы Абай - ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Оны мен, мен түгіл бүкіл қазақ жұрты солай түсінер деп ойлаймын. Шын мәнінде Абай қазақ үшін, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-сана, рухани болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек. Осы орайда, елбасының мына сөзі ойыма орағытады да тұрады: «Абай - біздің ұлттық ұранымыз болуы керек, Абайды тану арқылы біз қазақстанды әлемге танытамыз. Менің балаларым, мен ертеңгі ұрпағымызға Абайдан артық, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», - деп толғаған бұл байлам, әрбір қазақ баласының көкейінде жүрер, қасиетті ұғымға айналуы тиіс. Дегендей-ақ, бүгінде Абайды білмейтін, оның өлеңін, шығармаларын оқымайтын, Абайдың философиясын, таным-дүние түйсігін сезіп, білмейтін алаш кемде-кем шығар. Ендеше, бір сөзбен айтар болсақ ұлт мұратын, ұлттың тілін, діңін, халық аманатын әлемге паш етер болсақ, Абайға бас июіміз қажет. Сонда ғана ұлт армандарының, мұрат қағидаларының орындалғаны деп білеміз. Қазақтың бас ақыны Абай. Онан асқан, бұрын-соңғы заманда қазақ баласында болмаған. Сондықтан да бас ақын деп айтарымыз сөзсіз. Ендеше Абайдың поэзиялық, прозалық мұрасымен қоса әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазынасы, қара сөздері бар. Қазақтың жазба әдебиетін анық биік белге өрлетіп шығарған Абай. Өлді деуге сірә де сыймайтын, кейінгіге өлмес сөз қалдырған һәкім Абайдың қазақтың төбесінде биік болары осыдан. Қара сөз деген ұлы мұрасы қасиет теңдеген ұлының ғұмырын, шығармаларын әр толғанысын баяндау болса, бүгінге дейін асыл қара сөз мұрасы қазақтың жарқын болашағының тәрбие құралы. Демек, қазақтың қуанғанын да, мұңайғанын да, жылағанын да, қиналғанын да, күсінгенін де Абай мұраларында тебірене жырға қосты. Сөз өрнегі, інжу маржан мен өрнектелген мұрасының басты тақырыбы да адм болу, надандық жамандық әрекеттен аман болу. Ендеше, Абайдың даралығын, оның мұрасын бір ғана өлең шумағына сыйдырған айтыскер ақын Қойлыбай Асанның мына бір жыр шумақтарымен қорытындыласақ

Қазаққа ең жаманға надан болу,

Надан болып, басқаға бодан болу.

Ақын болу әркімге арман шығар,

Абай болу, алдымен адам бол

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 тамыз
2397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі