эссе "Абай - ұлы тұлға"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе "Абай - ұлы тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Қабанбай ауылы

«Жарбұлақ орта мектебі»КММ- ның 11 сынып оқушысы

Тоқтасынова ЕркежанРауанқызы

Жетекшісі Омарова Г.А.



Абай – ұлы тұлға

Шығыстың ұлы ойшылы əл-Фараби, Иранның ғұламасы Фирдоуси, Қытай кемеңгері Конфуций болса, қазақтың өлең-сөзінің патшасы, бас ақыны – Абай Құнанбаев. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мəңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, ел жадында мəңгі сақтаулы.

«Ғылым таппай мақтанба,

Білім таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге», - деп басталатын өлең əрбір мектеп оқушысының айбынды ұранына айналған. «Бұл күнде Абай сөзі əр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тəн қорегі ретінде жас сəбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді» - деп Ж.Ысмағұлов сөз зергері Абай жайында тамаша философиялық пікірін білдірген.

Абайдың бай-шонжарларды, ояз, болыс жəне бастықсымақтарды сынау мақсатында жазған шығармалары қылыштың жүзіндей өткір, қара темірдей қатты əрі жыланның уындай ащы. «Болыс болдым мінеки» өлеңіндегі:

«...Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап.

Сыяз бар десе жүрегім,

Орнықпайды суылдап...» – деген жолдарынан-ақ біраз астарлы ақиқатты аңғаруға болады.

Осы бір сəтті пайдаланып, М.Əуезовтің төрткіл дүниеге танымал «Абай жолы» роман-эпопеясы жайында сөз қозғағым келеді. 8-9 сыныптарда оқыған бұл роман, мен үшін Даналық кітабы, тағылымға апарар жол, ізгілік кілті іспеттес. Мұхтар атаның қандай тылсым қасиетке ие екендігін білмедім, бірақ, бала Абайдың дара Абайға айналу жолын, оқу барысында кейіпкермен бірге қуану, күйініш, ашу- ызаға булығу немесе солқылдап жылу сынды түрлі көңіл- күйді кеше отырып байқадым. Мен «Абай жолын» менің дара жолымның айшықты бастауы деп білемін.

Ойымды қорытындылай келе, сөзімді М.Жұмабаевтың:

«Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Əлемнің құлағынан əні кетпес!» – деген əдемі өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2019
9756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі