Эссе.
Абайдың қара сөздері.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904)
Абай – халқымыздың ұлы ойшысы. Абайдың «Қара сөздері» - терең пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық
ойларға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Онда айтылған даналық ойларды жыл сайын оқысақ та, қайта-қайта оқысақ та зерікпейміз. Әр оқыған сайын көңілдегі көп сұраққа жауап алып, жаңа ой түйіндеп, басқаша тұжырым жасадым.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтті, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ! [17-ші сөзі] Қара сөздің шығуы мен жазылуының тарихы міне осыдан бастау алған еді.
Ал Абай заманында сөзге түсінбес пәтуасыздардың қатары көп па алде қазір көп па мен сол есепке жете алмадым тек бір білетінім қазір бәрін өзгеден не биліктен көріп сауатты бола тұрып сауатсыз кейпте тап қазіргісінен арғыны көре алмаған, жан дүниесінде тыныштық жоқ, бар нарсені шығара алмай тұншықтырып өз - өздерін тірідей өлтіріп жүрген надандар мыңғырып жүр. Абай атамыз қара сөздерін кімге қарап отырып кімді түзесем екен деп жазды тек әрине өзімен бірге жүрегі қатар соққан қалың қазақ жұртына арнады. Ал, ол заманда көкірегі ашылмаған надандарға арналып жазылан дұние ғой бізге қажеті жоқ деп өздерінше көкіректерін ұрып жүргендерде баршылық. Жоқ менің ойымша Абай атамыздың қара сөзі бізге осы заманға арнап жазып кеткендей.Адам баласының шыр етіп дүниеге келгеннен кеткенге дейнгі өмірі өмір сүруде қателіктер мен жақсылықтар, жасампаздық пен шынайылық, махаббат пен такаппарлық ешбір жағдайды қалт жіберместен қағаз бетіне түсіріп отырған. Мен Абай атамыздың қара сөздерін оқи отырып Абайдың соншалықты тілге байлығын, білім ғылымға шақырғанын, елінің болашағын ойлаған жаны ашыған адамды таныдым. Батыс философиясындағыдай болмыс, таным, материя, деген ұғымдар Абайдың қара сөздерінде болмаса да, Абай атамыздың қара сөздері философиялық терең ойы бар, өмірдің мәні және ғылымның маңыздылығы діннің тазалығы сиякты өзекті тақырыптарды алға койған...Абай айтқан сөздерінің басты идеясы ол уақытыңды босқа өткізбе деген.
Оның қара сөздерінің басты тақырыбы – адам, жеке тұлға, ал басты мақсаты - адам тәрбиесі. Адам болғанда да, адамдар үшін еңбек ететін, жан - жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». Ол «нағыз адам», «толық адам» қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі өзінің қара сөздерінде соған жауап береді. Ол адамды жан-жақты қарастырып, мінезін, өзін-өзі тануын, адамды жат қылықтардан аулақ болуға шақырып, жоғары сезімдерге: махаббат пен парыз, борыш сезімдеріне тәрбиелейді.
Ақын: «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» [17-ші сөзі] деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Адам ұғылы екі нәрседен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйқтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-мәз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады. [43-ші сөзі] осы сөзінде Абай атамыз тән мен жанның айырмашылығы н атап көрсетіп , бес сезім мүшесі арқылы сырттан келген ақпарат саналы кейде бейсаналы түрде түпкі санаға келіп түсетінін онда рухани күйге жету үшін де адамның өзіне байланысты екенін атап көрсетіп берген. Шіркін ай осы дан соң Абайдың ұлылығына қалай бас имеске. Ал, енді мына қара сөзді оқыңызшы Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. [35-ші сөзі] Бұл сөзде Абай естиген сөзді не көрген затты есте сақтау үшін көрген нарседен ғибрат алып, көңілге бекітіп, ойды тек жақсы нарселерге бағыттаса онда сол зат не сөз бизде маңгілікке сақталады. Адам көргені не сезінгені ешуақытта жоқ болып кетпейді, тек кейбір себептермен ұмыт болады.
Абай атамыздың қара сөзінің әрқайсысын оқи отырып өзімнің өмірім көз алдыма кино лентасы секілді зулап өтіп жатты. Әр сөзі ту сыртымнан қамшымен ұрғандай әсер етіп, жүрегің бір қынжылып езіледі.Мен өзімнің өткен өмірімді де болашағымның қандай болмағында осы Абай атамыздың қара сөздерін оқи отырып жауап та алдым. Абай дара, Абай дана Абай ойшыл, Абай ұлы мен Абай атамыздың осы даналығына бас ием.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЭССЕ "Абай Құнанбаевтың қара сөздері"

шағым қалдыра аласыз