Эссе
“ Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан”
(Қайруллаев Нұртілек Жарқынұлы)
Ұстаз болу-ең асыл іс.Ұстаздық ешқашанда еш нәрсемен салыстыруға келмейтін,еңбегі өшпейтін,ең ерекше,күрмеуі көп,жауапкершілігі мол,ең дара жол.Өзің үйреніп,оны өзгеге үйретіп,оның бойына сіңіртіп,өз білгеніңдей түсіндіру,кімнің қолынан келе беретін жұмыс? Әлбетте,сабырлы әрі ұстамды,бойында парасаттылық пен ізгілік мол,зерделі әрі алғыр,үлгілі ұстаздың қолынан ғана келеді.Бұл айтқан асыл қасиеттер ең негізгілері ғана,ал ұстаздан табылатын басқа да қасиеттер қаншама?!Ұстаз деген атқа лайық болудың өзі неге тұрарлық! Оқыттым,тоқыттым,білгенімді айттым,болды мен ұстазбын деп санауға болмайды.Сіздің ықпалыңызбен ол шәкірттің адам болып шығуы маңызды.Алғашқы іргетасты баланың бойына қалап,өзі ары қарай тұшынып,әйтеуір бір адамшылық жолыңда пайдаңды тигізу.Ал осы ұстаз деген атты қаншалықты қадірлейміз? Оны ардақтап, қадір-қасиетіне жетіп жүрміз бе? Осындай сұрақтардың туындауы да орынды.Өйткені,ұстаздың шаң баспас атын тоздырып жүрген адамдар қаншама? Шапқылап,шыж-быж болып жүрген адамды тыңдамау,оны сыйламау,лайық орынға санамау үлкен қате.Біз кейде осы дәрежеге жетіп,ілім-білімді өзіміз үйреніп алғандай не болмаса ата-анамыз құйып бергендей,әуел баста ұстаздар адам қылған кезімізді ұмытып кетеміз.Ұстаз-ол сенің екінші ата-анаң,оларды қалай құрметтесең,бас исең,ұстазыңа да солай қызмет қыл.Тегі,бұлай жасағаннан еш нәрсең кетіп қалмас,қайта ұстазыңды бір қуантып аласың.Шәкірттерінің өзіне деген ыстық сезімін,сол баяғы күнінен,осындай аяққа нық тұрған кезінде де ұстазын құрметтеп,қызмет қылып,рахметін алса,бұдан асқан бақытты ұстаз жоқ шығар.
Бүгінде,күн өткен сайын,ұстаздарға қойылатын талап та көбейіп келеді.Мұның өзі,заманның ілгері жылжып,дамушы елдің жаңа ұтаздарының жан-жақты болуын негіздейді.Ал енді ұстаз қандай болуы керек,- деген сауал туындайды.Сонау ықылым заманда,ғалым-ұстаз,даналарымыз осы сауалдың жауабан қазықтай қадап тұрып айтқан болатын.Ол сол заманда айтылған дүние болса да,сіз бен бізге,мына ұстаздар қауымына,ортақ,берік ұстанатын қағидат.Осы ретте,Әл-Фараби бабамыздың ұстаз қандай болу керек,- деген сауалға күдік ұялатпайтын, мына бір сөздері есіме түсіп отыр: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» ,-деген екен.Міне,әлемге әйгілі екінші ұстаз атанған дара тұлғамыздың ұлағатты сөздері ойымызда қатталып,жадымызда жатталу керек.
Ойлана келе,қазіргі ұстаз қандай болу керек дегенге өзімше жауап беріп көрдім.Оны былайша тарқата алам:
1.Өзіне деген сенімділік.Білімі мен білігі мол ұстаз, әрқашан өзіне сенімді болады.Әрбір сөзі,жүріс-тұрысы нық,дәл болуы керек.Өзінің ісі мен сөзі арқылы оқуышыны сендіре алуы тиіс.
2.Мықты психолог болуы шарт.Қандай жағдай болмасын,әп сәтте оқушының ойын ұғып алатындай,оның мінез-құлқымен,айналасымен қарым-қатынасын білу керек.Қиын сәтте оқушыны дағдарыстан шығара біліп,психологиялық көмек көрсетуі тиіс.
3.Жанашыр және қамқор.Оқушыларды үйреніп кететін жай ғана адам ретінде қарамай,оларды жақын тартып,өзінің туысындай көріп,керек кезде қолдау беріп,жанашырлық таныту.Мұғалімдік кеңестен бөлек,өмірлік кеңестер беріп отыру.
4.Сөздік қоры бай,шешен сөлей білу.Жай,жаттанды сөздермен оқушыларды жалықтырмай,шешен сөйлей білу.Оқушылар тыңдағанда еш алаңдамастан,ұйып тыңдайтындай,бәрі тәнті болатындай сөйлей білу.
5.Киімі,жүріс-тұрысы,бейнесінің өзі тұлғаға айналған адам.Шынымен,ұстаз келгенде барлығы алыстан танитындай,біздің ұстаз деп,дереу тына қалатын,оқушылардың бейнесінде сақталған тұлға.
6.Алғыр,шапшаң әрі байқампаз.Кез-келген істе тез шешім қабылдай білетін,әр болып жатқан түйткілді бақылап отыратын байқампаз,ойлау қабілеті жоғары алғыр болуы шарт.
7.Технологиялық сауаты жоғары.Балаларды оқытқанда түрлі электронды бағдарламалар,тапсырмалар арқылы сабақты тиімді әрі қызықты өткізуі.Қағазды толтырып,шұбыртқаннан гөрі,электронды нұсқалар арқылы қысқа да нұсқа түсіндірмелер,бағалаулар жүргізу.
8.Әділдік және шыншылдық.Құдай кімнің жағында десеңіз дәл осы қасиеттерді айтуға болады.Ұстаз қара қылды қақ жарған әділ,қандай қыспақ болса да тек дұрысын айтып отыратын шыншыл болуы керек.Оқушылар әрдайым сенім артатын,әріптестері иек тірейтін,әділдігімен абыройлы, шыншылдығымен әдемі боп жүруі тиіс.
Міне,осындай бірнеше өз ойымда жүрген талаптармен бөлісіп отырмын.Бұл шартты әрбір ұстаз болам деген жан білетін,білуі тиіс,және білетін де блар.Қайткенменде,санасуға тұрарлықтай,ойыммен келісетіндей талап ұсындым деп ойлаймын.
Қорытындылай келе,бұл абыройлы,әрі үлкен жауапкершілік қажет ететін үлкен мамандықты таңдай салу кез-келгеннің қолынан келеді.Ал ары қарай шәкірттерді тәрбиелеп,біліммен толықтыру,ұстаз деген атқа лайық болу,әркім ие болар дүние емес. Ендігі алдағы кезек күттірмейтін міндет,мына біздер,ұстаздар қауымына,терең білім мен парасаттылық,сабырлылық,ұстамдылық,бір сөзбен айтқанда жан-жақтылық керек. Кезінде Ахмет Байтұрсынов атамыз: Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім,-деп айтып кеткен болатын.Бұдан шығатын түйін,менің алдағы уақытта осындай қарым-қабілеті бар,сауаты мол,білімді де білікті,кәсіби маман ретінде өзімді көргім келеді.Әлбетте,бұның барлығы әп сәтте орындалатын жұмыс емес,осы жолда ерінбей-жалықпай,тынбай еңбек арқылы келетін нәтиже.Ал енді мен,осы жолда өзімді барынша сарп етіп,алдағы бітіретін 2 жылымды жақсы жаңалықтар мен дүниелерге толтырғым келеді.Жаңа оқу жылымның алғашқы қадамын жаңа жетістіктер мен жүлделерге ие болып басқым келеді,әрмен қарай осы мамандыққа деген ынта-жігерімді,құлшынысымды одан сайын ашқым келеді.Осы айтылғандарды ескере отырып,талай тың тәжірибелер мен жетістіктерге жетіп,шәкірттерім құрмет тұтатындай,үлгілі тұлғаға айналарыма сенімім мол!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан"

шағым қалдыра аласыз