400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абдинурова Айжамал Мырзашерқызы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

А.Асқаров ЖОМ, Түлкібас ауданы



Эссе

                                                        «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»                                     Абай


Ізгілік педагогикасында еңбек еткен ұлы ғұламаларымыз көп.Өзінің еңбектерін, өз ісін құндылықтарды тануға бағыттаған, біздің ғұламамыздың бірі Абай Құнанбайұлы. Ойы,сөзі және ісі бір жерден шыққан жалпыадамзаттық құндылықтар бойына дарытқан азаматымыздың бірі. Абайдың ойы,сөзі, ісі барлығы бір жерден шығып астасып жататын кемелденген азамат екенін мына оқиғадан көруімізге болады.

Абай атамыздың адамгершілікке, тәлім тәрбиеге ой салар 45 қара сөзі бар. Он жетінші қара сөзде қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады деп жазған. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Яғни Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. «Мен адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ...» Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс - әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс - әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде аяғын шалыс баспай, дұрыс өмір сүре алады.Осы жерлерде адамның бақытты болуы, оның жүрегіның тазалығында, «Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады...» деп, адамдарды ішкі жан дүниесі мен жүрегін таза ұстауға үйретеді.

Ақыл бізге түрлі ой салады екен кейде жақсы кейде жаман, бірақ соның бәрін ажыратып жол сілтейтін мына жүрек екен. Жүректі таза ұстап өмір бойы тәннің қалауына жұмыс жасамай жанның қалауына жұмыс жасауымыз керек. Абай адам – адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайдың ойынша да ең басты мәселе – осы үшеуінің бірлігі. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды.

«Осы үшеуі ( ақыл, қайрат, жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді Абай. Адамның тәні мен жаны табиғаттан жаралған, тек қана жаннан шығатын-өзіңді түсінуге ұмтылыс, жауыздықтан қашып,қайырымдылық іс жасауға талпыну- адамды адам етеді деген.

Абай еңбектері арқылы адамгершілік, имандылық, адалдыққа баулу, ғылым - білімді меңгерген азамат болуға баулиды. Абайдың ойы,сөзі, ісі барлығы бір жерден шығып астасып жататын кемелденген азамат екенін мына оқиғадан көруімізге болады.

Бірде әкесі Құнанбай ұлы Абайға :

Сенің басыңнан мынадай міндерді көремін. Соны тыңда!

Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді – деді. 

– Осы айтқандарыңызға дау айтамын, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтамын. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.
Міне Абайдың әкесіне берген осы жауабына қарап ол әу бастан ақ «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» өз өлеңінде жырлағандай барлық адамды бірдей көріп мейірімділік көрсетіп , жан тыныштығын биліктен емес қарапайым халыққа жақсылық жасау арқылы табатындығы байқалады. Жоғарыда айтып өткендей ақыл және қайратын жүрекке бағындыра білген кемелденген адам деп өзім түсінемін. Ол өз өлеңдерінде өзіне де сын көзбен қарап, өзінің жан дүниесімен сырласа, өз істеріне жауап іздеген.Абайдың әр шығармасынан құндылық тәрбиесіне бағыттауға болады. Ол өзгені тану үшін өзін тануға мол іс жасаған. Абай атамыздың кез келген шығармалары және өмір жолы бізді ізгілік жолына , құндылықтар тәрбиесіне бастар қайнар жол деп білемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
14280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі