Материалдар / Эссе Ана тілі – айбыным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Ана тілі – айбыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
6232
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ана тілі – айбыным

Ана тіліміз - қазақ тілі. Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ана тілі бізге ана сүтімен дарып кеткен. Ана тілі бізге қымбат. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Ана тілім – ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген мәтел бар. Біз әрқашан өз тілімізді құрметтеп үйренген жандармыз, сонымен бірге өзге тілді де үйреніп аламыз. Бұрын балаларымыз медреседе, молдадан білім алған. Қазірдің өзінде біздің ана тілімізді үйренгісі келетін ұлттар көп. Осыдан–ақ ана тіліміздің асқақтап тұрғанын білуге болады. Ана тілі – адам болып жаралағанын бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына", деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл". Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құр алақан қалады. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толыққанды интеллект емес. Жас ұрпақты ана тілінің қазір – қасиетін түсіне білуге шақыра отырып, халқына деген махаббатын арттыру керек. Тіл – Ұлттың белгі, халықтың мұра, дүниетаным құралы. Тіл халықтың жаны, мәні, кескін келбеті мен болмысы. Тұтастай бір ұлттың тарихта қалуы ана тілінің тағдырына байланысты болмақ.

«Туған ана тілімді қорғау отаныңды қорғаудан да маңыздырақ". Отаныңды жау басып алса, оны әйтеуір бір азат етеріне сенімдімін. Ал, ана тіліңді құртсаң, онда болашағың жоқ деген . «Ана тілден биік асқар тау, терең теңіз жоқ». Өз ана тіліңді дұрыс білмей тұрып, өзге тілге еліктеген қате. Ана тілі бестен басталмайды, бесікті тербеткен Анадан басталады. Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі деп бекер айтпаған. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік,  тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Менің ана тілім шексіз бай. Тіл тағдыры барша қазақ халқының тағдыры. Қазақстанның болашағы


ана тілінде. Ана тілім мен үшін тірегім. Сондықтанда мен ана тілімді мақтан тұрамын. Ана тілі жүрегіміздің ұмытылмас тарихы болып саналады. Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ. Бұл сөздің мағынасы өте терең, түсіне білгендерге. Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыра отырып, халқына деген тіліне деген сыйластвығын арттыру керек. Ана тілін білмеушілер өзднерін білімсіз деп санауы керек. Себебі өз ана тілімізге құрмет көрсетуге міндеттіміз.

Қазақ қоғамына танымал ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем, – деп Отанымызды сүюдің, өз ана тілімізді сүюдің құдіретті биік сезім екендігін айтқандай.

Қорытындылай келе, Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.













































Сұраныс беру үлгісі

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты

Бауыржанқызы Әйгерім

Оқушының және жетекшісінің аты жөні, лауазымы

Галымжанова Нургуль Сералыкызы

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Эссе байқауының және номинация атауы

Ана тілім - айбыным

Білім беру мекемесінің атауы

«Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп - интернаты»

Байланыс телефоны

87007167186

Е-mail

nurka_96.30@mail.ru

Автордың сапалы 3*4 сапалы фото















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!