жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе "Ана тілің арың бұл ұятың боп тұр бетте"
ЭССЕ
Рухани
жаңғыру – адам баласының оның ішкі
әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа
өзгерісті қабылдай білуі. Рухани
жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен
байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз
жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне
осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы
көрікті қалаларымыз, сән салтанатты
таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени
мұраларымыз бұртартпас айғақ болып
табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың
бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік
қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне
еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың
қамына кірісу сапалы табыстың кілті
екенін атап айтты. Прагматизм. Ұлан
ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып,
қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге
жету арқылы түрлі саяси радикалды
идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын
ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық
код, яғни халқымызға тән салт-санамыз,
асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы
бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын
баса айтты, сонда ғана алға басулар
болатының ескертті. Білімнің салтанат
құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының
елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын
айта келіп, табыс тізгіні – білімді
болашақ жастардың қолында екеніне баса
назар аударды. Қазақстанның революциялық
емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр
қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан
сабақ алу және де дүрбелең туғызу
экономикалық күйреуге алып келетінін
қазіргі кезде болып жатқан әлемдік
толқыныстарды мысалға келтірді.
Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық
жаңару алып келуіміз керек екеніне ой
қортты. Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың
ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу
өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз
арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы
жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл
жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына
бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан
қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар
берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай,
ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа
мензеген дара жолымен биік шыңдарды
бағындырайық.
Елбасының
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды
кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны
анықтайтын, көпке түсінікті, рухани
жаңғыртуға бағытталған құжат деп
білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір
сөйлемінде бүгініміз бен болашағы
жарқын Қазақстанға апаратын нақты
жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім.
Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси
реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл
мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды
біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының
бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет
ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып,
жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен
жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз
өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді
сақтай, ескере отырып, әлемде болып
жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз
керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден
ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді
түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір
білімгер өз жері мен оның байлығының
иесі болу үшін жаңа технологияларды
меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің
жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның
даму кілті білімді адамдардың жаңаша
қызмет атқаруын керек ететін болса, сол
жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам
мүшелеріне білім мен тәрбие беруді
жүзеге асыратын мамандар дайындайтын
біздің білім беру ұйымдары Елбасы
көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.
Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған
жаңа талаптарды орындауда көптеген
жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде
білім алуына, жаңа технологияларды
білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде
келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын
орындауда әр саланың өзіндік үлесі
болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес
–жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп
білім мен тәрбие беруді жаңаша құру,
оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған
талаптарға сай орындау деп білемін.
Қай
кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген
халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы
елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық
және интеграциялық қабілетін кеңейтіп
отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен,
ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді
білетін мамандар иерархиялық сатымен
жоғарылап, көбіне салық төлеуден
босатылған көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренеміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.
Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.
Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал. Тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сонда жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.
Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.
P.S. Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.
«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. а Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?.
«Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.Не бары 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде.
Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген