Материалдар / Эссе "Әріптес туралы сыр"

Эссе "Әріптес туралы сыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптес туралы сыр Эссе Ордабасы аудандық мұғалімдер арасында ұйымдастырылған эссе байқауына ұсынылған материал
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әріптес туралы сыр

Өмір арнасы бір орнында тұрмайды. Кеше ғана мектеп партасында мұғалімдеріме қарап, менде осы кісілердей мұғалім болсам екен деп, арман қуып отырған бала едім. Мұғалім бізге өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектесетін жанашырлар болған соң ба, әлде олардың әсері сыныптан тысқары жерлерге жететіндіктен бе, әлде осы кісілердің бойынан болашақ өзімді көргендіктен бе, ес білгелі бар арманым мұғалім болу болатын.

Зымырап, зулап уақыт шіркін өте шықты. Бала Мейір бүгінгі таңда арманы орындалып мұғалім Мейір болып, қазіргі таңда Д. Қонаев атындағы жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Әрине ересек адам ретінде біз күнделікті өміріміздің көп бөлігін жұмыс орнында өткіземіз. Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз,көпшіліктің адамы болыңыз демекші, осы орайда әріптестерімізбен қарым- қатынасымыз жайлы сөз қозғамасқа болмас. Біздің әріптестерімізбен қарым-қатынасымыздың сапасы біздің өміріміздің сапасына тікелей әсер етеді.

Абай атамыздың  «Адам баласы бір-бірінен ақыл-ой, оқу-білім және  парасатпен озады. Басқасымен оздым  деу ақымақшылық»

дегеніндей мен үшін жақсы әріптестің ең маңызды сипаттамасы - білімділік. Білім бізді әрдайым алға сүйреуші күш. Ал мұғалімнің білімді болуы, баланың білім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Менің әріптестерімде бағалайтын тағы бір қасиет - позитивті көзқарас. Позитивті көзқарас педагог өмірінде үлкен рөл атқарары анық. Позитивті көзқарас жұмыстың алға басуына, шығармашылық табысқа жетуге, жаңа технологияларды игеруге өзіндік септігін тигізеді деп нық сеніммен айта аламын.

Ал қазір білім мен білігі астасқан, осы қасиеттердің бәрі бойынан артығымен табылатын, баршамызға үлгі болып жүрген әріптесім педагог- зерттеуші, жазған еңбектері аудан көлемінде таратылып жүрген, мектебімізде, ауданымызда, облыста, ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында өзіндік ойып алар орны бар әріптесім Өтебек Әлия Ерғалиқызы жайлы сөз қозғағалы отырмын.

Әлия апай ең алдымен қарапайымдылығымен, мейірімділігімен, ақжарқын, ақкөңілділігімен барша балалардың жүрегін жаулаған мұғалім. Замануи мұғалімнің бойынан табылу керек ең бірінші қасиет мейірімділік, әділеттілік пен позитивтілік болса, сол қасиеттердің бәрі Әлия апайымыздың бойынан табылатындай. Әр мұғалім өзінің артында көзге көрінбейтін із қалдырады. Алайда сол көзге көрінбейтін із, әр баланың жүрегінде ойып тұрып орын алары анық. Әлия апаймызда әр баланың жүрегінде өзіндік ізі бар мұғалім. Мұғалім мектептің жүрегі- деп, Әлия апайымыз жайлы айтылған секілді.

Шығыс халқында мынандай бір нақыл бар: “Адамның екі тізесі болса, бірі дәрігердің, бірі мұғалімнің алдында иілуі үшін берілген”. Дәрігерден адамдар тәніне дауа тапса, мұғалімнен жанына дауа табады. Бізге дейін де қаншама мұғалімдер тарихтан өзіндік орындарын алды. Мұғалім күн сайын шәкірттерінің өміріне өзгеріс әкелетін атымен өшпес батырлар. Мұғалімдер – қоғамымыздың іргетасы, олардың маңыздылығын айтып жеткізу мүмкін емес. Олар біздің әлемнің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әрбір мамандық иесі, ғалым да, ақын да, шешен де, көсем де, би де мұғалімдерден білім алады. Сондай үлкен жетістіктерге жеткен, өмірде өз орнын ойып тұрып алған тұлғалардың бәрі, білім мен білігі астасқан мұғалімдердің нәтижесі деп нық сеніммен айта аламын.

Міне сондай қатарластарының алды, мектебіміздің мақтанышы, ауданымыздың құрметті ұстаздарының бірі Әлия апай мұғалімдердер арасында өзінің білімімен, білігімен, тәжірибесімен, шығармашылығымен, ізденімпаздығымен әрдайым көш басында тұрады. Әлия апайдың мектебімізге сіңіріп жатқан еңбегі ерен.

Әлия апай бір орнында тұрмай, үнемі өз білімін жетілдіріп отырады. Қазіргі таңда Әлия апай Ордабасы аудандық әдістемелік кабинеті жанынан құрылған шығармашылық топ мүшесі, 2019 жылдан бастап Түркістан облысының әдістемелік кабинетінің жанынан құрылған шығармашылық топ және комиссия құрамының мүшесі. 2020 жылы Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерініңің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген «Ең білімді педагог – 2020» ІV Республикалық пән олимпиадасында жүлделі 2 орын алып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталған. 2021 жылы «Жалпы білім беру ұйымдарында ағылшын тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарды жазу жолдары және үлгілері» атты әдістемелік құрал жазып шығарған. Қазіргі таңда осы әдістемелік құрал көптеген мұғалімдерге пайдасын тигізіп жатыр. Әлия апай әрбір жаңа технологияны игеріп, оны өз практикасында қолданып, біздерге де білмегенімзді үйретіп отырады. Үнемі зерттеу жұмыстарымен, ғылыми жобалар жазумен айналысады. Әр жыл сайын оқушыларын аудандық, облыстық, республикалық олимпиядаларға дайындап, жүлделі орындарға ие болып отыр. Жеткен жетістіктерінің бір бөлігін тілге тиек етер болсақ, Біз үшін де әріптесіміздің осындай жетістіктерге жетуі үлкен мақтаныш.

Алия апайымызға шығармашылық табыс тілеймін, алар асулары көп болғай, педагог шебер атануына тілектеспін.






Орындаған: Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылы Д. Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің ағылышын тілі пәні мұғалімі Смат Мейір Ғаниқызы

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!