400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Эссе "Арман қала-Астана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаламын ұштап жүрген шығармашыл ұстаздарға,мектеп оқушыларына арналған эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы
ЭссеАрман қала-Астана «Астана – Отанымыздың жүрегі»Н.Ә.НазарбаевӘр тәуелсіз елдің өз астанасы болары хақ. Ал мен туып-өскен, балалық шағымды өткізіп, білім алып жатқан «Қазақстан» деп зор мақтанышпен айта алатын елімнің астанасы-АСТАНА қаласы. Астана – Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елі мен халқына,қасиетті қазақ жеріне, өз даласына қондырып, орнықтыра білген өзіндік бір әлемі! Абыройы асып, көк туы желбіреген Астана! Әлемді тамсандырған Астана!Мен Атырау қаласы, жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде оқушыларымның «Астана қалай Қазақстанның астанасы болды?» деген сауалға жауабым әрқашан дайын тұрады. Өйткені тарихтың парақталған беттерінсіз, бүгінгіңді,болашағыңды елестету тіптен де мүмкін емес! Тарихқа көз жүгіртсек, Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады, ал Астананың тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.Жерұйығын іздеген Асанқайғы бабамыздай тәуелсіз елі үшін ендігі жерұйығын іздеген Нұрсұлтан Назарбаев Есілдің бойына қаланың алғашқы қазығын өзі қағып, бүгінгі асқақтаған Астананы дүниеге әкелгендігі біздің, яғни, қазақ елінің мәңгілік ел бола алатындығын дәлелдеп келе жатыр. Енді келіп, ХХІ ғасырдағы қазақ елін және ата-бабаларымыз үшін ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізді бүгінгі Астанасыз елестету мүмкін емес деп ойлаймын. Өз басым,Астана қаласына аяқ басып,бармасам да, оның әсем де, көрікті жерлерін суреттерден көріп, тамсанып отырып,ерекше қызығасың...Мен білетін заманауи салынған ғимараттар көп-ақ.Олардың барлығын бәрі біледі, сөз етеді. Ақорда! Елбасымыздың бүкіл мемлекетпен әртүрлі құжаттарға қол қойысып, жаңа бастамалардың куәгері болып тұр! «Қазақ елі» монументі-Елбасының «Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!» деген осы бір сөздеріндей болып үн қосып тұрғандай! «Мәңгілік ел» қақпасы! Халқымыздың қасиетті би-шешендері мен ерлері де, «Тайқазаны» сияқты киелі құндылығымызды да тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көріктеген. Ал енді «Бәйтерек» бұл барша қазақ жұртын биіктерге шақырып тұрғандай. әПирамида» аталып кеткен Бейбітшілік пен Келісім сарайы! Қазақ жерінде барлық ұлттар мен ұлыстардың келіскен ынтымағының, бірлігінің, бүгінгі барлық қазақстандықтардың нығайған достығы мен туысқандығының биігіндей жарқырап тұр . «Хан Шатыры»! Небір найзасын алып, шапқыншылықтан қорғап қалған батырлардың қасиетті хас тұлпарының алтын тұяғындай болып, қазақ жұртының да мәңгілік халық екендігін растап, нүкте қойғандай! Айта берсек, әр «қазақпын» деп соққан жүректе Астана туралы тебірентер сурет те,сөз де көп болады демекпін.  2017 жылы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» үлкен көрме өтті, бұл халықаралық шара болды, оған барлық Қазақстандықтар, әлем халықтары ағылып барып жатты, әйтсе де мен бара алмадым. Бірақ бұл әлемдік іс-шараны теледидар мен газет-журналдардан оқып, тамашаладым. Бұл көрмеде мемлекетіміз өзінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетті. Мұндай іс-шараға әлемнен милиондаған адам қатысты. Міне, осылайша әлемге өзін мойындата, күн сайын құлпырып келе жатқан Астанамыз бүгінде арманы асқақ, бағыты айқан ақбозатқа мінген бозбаладай, әсем таранып, сұлулана түскен бойжеткендей сылаң қаққан Астананың болашағы зор. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз -өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Бүгінде бүкіл әлем Есілдің бойында жайқалған Астана сұлулығына тамсанып, болашақтың қаласы деп көз тігіп отыр. Күн санап жаңарып келе жатқан Астанамызға көп ұзамай биыл 21 жыл толмақ. 2018 жылы дүйім жұрт болып Астананың 20 жылдығын тойлады,осынау торқалы тойды қазақ елінің әрбір адамы қалыс жібермеді десек, артық айтпаған болар едім. Әрбіріміздің жүрегімізге ерекше қуаныш сыйлады. Болашақта мектептегі оқуын тәмамдаған оқушыларымның осы бас қалада білім алу жоспарларында бар,олар үшін үлкен арман, осыған қарап мен «Астана-заманауи білім ордасы» деп те айтқым келеді! Асқақтай бер,Айбынды Астана!
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
3878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі