400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Эссе. "Атаулар сыр шертеді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жұмысы. "Атаулар сыр шертеді" 7-сыеып оқушысы Жолдыбай Ризаның мектеп оқушыларына арналған жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы «Сымбат» жеке мектебінің 7-сынып оқушысы Жолдыбай Риза

Менің парасатты Елбасым

(эссе)

Біздің елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісі төменгі оқудан бастап, бірте-бірте көтеріліп президент болды. Біздің тәуелсіз ел болып отырғанымыз – елбасының арқасы. Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан ғана емес, барлық әлем таниды. Алты жасар баладан, алпыс жасар қартқа дейін қадір тұтып, құрметтеп әрқашан да жақсылығын айтады. Ол еліміздегі әрбір балаға үлгі болатын адам. Нұрсұлтан Әбішұлындай жан бір ғасырда бір-ақ рет қана туады. Бізбен бірге тәуелсіздік алған көп елдерде Президент екі-үш немесе одан да көп ауысып жатса, біздің елімізде осынау жиырма алты жылда Президент атауына лайықты адам табылған емес. Бұл нені білдіреді? Бұл - қазақ халқының өз көшбасшысына деген кәміл сенімін, адал пейілінің айқын айғағы. Бұл – халқы үшін жауапкершілікті сезінген, елі үшін күн-түн демей аянбай еңбек еткен, ел болашағы үшін қам жеген, халқын сүйген азаматтың адал еңбегінің дәлелі. Осының бәрі Н.Назарбаевтың өз халқына керемет басшы екендігін дәлелдейді.

Елбасымыз жастарға, біздерге үлкен сенім артып отыр. Мен сол сенімін ақтағым келеді. Сенімін ақтап, арманымның орындалуына үлкен үлес қосам деп армандаймын. Нұрсұлтан атамыздың кішіпейілділік пен адамгершілігі, қарапайымдылығы бір-бірімен ұштасып жатыр. Осындай асыл адам басқарған мемлекет дүниеге әйгілі болып, әлем сахнасында жарқырап көрінбеуі мүмкін емес. Менің бала жүрегім еліммен, Елбасыммен бірге соғады. Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Осы қасиетімізді бойымызда сақтап, қонақжайлылығымыз бен бауырмалдығымызды әлемге паш етіп, салиқалы саясатын сауатты жүргізіп отырған Елбасымыз көреген жан екені сөзсіз. Осынау тәуелсіздік алғалы өткен 26 жылдың ішінде Қазақстан халқының мәртебесін әлем сахнасында биік дәрежеге көтерді. Елімізде жыл сайын өтіп жатқан түрлі іс-шаралар, ауқымды көрмелер, конференциялар, спорттық, мәдени іс-шаралар – осының барлығы соның дәлелі.

«Елбасы» десе жүзі мейірім мен қайырымдылыққа толы, құшағы қазақтың жазира даласындай кең, тұлғасы баба батырларымыздай алып тұлға елестейді. Ол менің Елбасым – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол мен үшін ең мейірімді, ең адал, ең парасатты Елбасы!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.12.2021
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі