Бала тәрбиесі – баршамызға
ортақ!
«Бала тәрбиесі – бір өнер,
өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер,
бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес тәрбиеші кінәлә, бала
сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау болса, бала айыпты емес,
тәрбиеші жазалы» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай. Тәрбие деген
бесәріптен құралған бір ауыз сөздің астарында қаншама мән мағына
жатыр десеңізші. Тәрбие бұл адам баласының дүние есігін ашпас бұрын
ананың ақ сүтімен берілетін бағдаршамы іспеттес. Әр бала үшін оның
ұстазы әрине ата-анасы. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін
байқаса қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көріп, тегіне
тартқан бала деп, әке мен атаның атын атап, ер адамның тәрбиесін
айтып отырады. Әкенің қалдырған ең үлкен мұрасы оның балаға берген
тәрбиесі, ал әке мектебі тәрбиесінен өткен бала сол мұраға қиянат
жасамаған.
Абай танушы Омар Жәлел
«Дәстүрлі тәрбиеде бала анасынан мейірімділік пен даналық сіңірсе,
әкесінен өжеттік, батылдық сияқты қасиеттерді сіңіріп өскен» дейді.
«Әке асқар тау, ана баурайындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ»
деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сиғыза
білген. Асқар таудай әкесіне пана тұтқан бала қорқақ болмайды, ал
ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен
қарайды.
Шыр етіп сәби дүниеге келген
сәттен батсап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен
қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі
алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық
тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық,
қайырымдылық,әдептілік, инабаттылық сияқты өасиеттер – жанұяда
тәрбие сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен
сіңеді.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге
қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен ақ әр
нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір
ата-ана «Жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп
ұрсып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп
жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның
үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың
аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де
ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына
жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды түсіндіріп
отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға
қарсылық білдірмейді.
Қазақ халқы қашанда бала
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, сәби дүниеге келген күннен бастап
оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасуына ақыл ойының жетілуіне
дейін көңіл бөліп отырған. Баланың санасы ақ қағаз іспеттес оған
қалай сурет салсаң солай түседі. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі» деген сөзде тектен текке айтылмағын. Отбасынан ұрыс-керіс,
дау жанжалды көріп өскен баланың тәрбиесі мен тағдыры, отбасынан
ата-анадан мейірім көріп өскен баланың тәлім тәрбиесінен ауылы
алысырақ болады.
Баланың жақсы, тәрбиелі болып
өсуіне әсер ететін үш фактор бар, олар: ата-ана, ұстаз және өзі
өскен ортасы.
Бала тәрбиесіндегі ең маңызды
рольді ата-ана атқарады себебі, бала ата-ананың айнасы. «Балаңызды
тәрбиелеп әурие болмаңыз, ол бәрібір өзіңізге ұқсайды» бұл сөзде
үлкен мән-мағына бар. Біз баламызды бір сәтте ақылды болғанын
қалаймыз, ол робот емес, құлағын бұрасаң қалаған бағытққа
өзгеретін. Ол адам, ол тұлға, ол жас шыбықжайқалып өсіп жа-жағына
саясын жаяр жанашыр болып қалыптасуы да, көлеңкесі өзге түгіл өзіне
жарыта алмай шыбықтай болып қу ағашқа айналуы ата-анаға байланысты.
Әрине балатәрбиесіне тек ата-ананы жауапты деп қарау қателік, бала
тәрбиесі баршамызға ортақ!
Мен міне бес жылдан аса уақыт
болды балабақшада тәрбиешілік қызметін атқырып келемін өзімнің
сүйікті кәсібімнің нанын жеп отырмын. Біреудің аманаты, ертеңгі
елдің болашағы кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәрбиесіне бей-жәй
қарамай «Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы» деген аса жауапкершілікпен
жұмысымды атқарып келемін. Әр баланың өмірден алар орны қандай
мағызды болса, менің де жүрегімнен алар орны зор. Балабақшада
тәрбиеші болып жұмыс істеу жауапкершіліктіөажет ететін ең қиын
жұмыс, соған қарамастан келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы
тәрбие беруден талған емеспін, балаларға үйрету арқылы өзімде көп
нәрсені үйреніп келемін. Балабақша бұл балалардың ойын дамытуға,
мінез құлқын қалыптасуына, көпшілік ортаға бейімдеуіне ықпал етіп
әдептілікке, адамгершілікке баулитын тәрбиенің бастау алар бұлағы.
Балабақша қабырғасында жақсы тәрбиеленіп тәрбие алған бала мектеп
табалдырыңына аттаған да еш қиындық көрмей, өмірден де өз орнын тез
табады. Біздің де балабақша талай бүлдіршіннің тілін шығарып,
бойында бар өнері мен талантын ашып «Мектеп» деген ұлы көшке
шығарып салып жаыр.
Осы еңбек жолында аянбай тер
төгіп, өз мамандығымның, яғни, нағыз үздік тәрбиешінің майталманы
атансам деген арманымда бар, менің адал өызмет етуіме таңертең
құлшынысымды арттырады. Бала жаны өте нәзік, тілі тәтті, сол әр
бүлдіршіннің жұдырықтай жүрегінен орын ала білу білікті тәрбиешінің
іскерлік қабілеті мен жылу шашатын мейірімінде деп
ойлаймын.
«Қазір бой жарыстыратын заман
емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай, дарынды,
білімді ұрпақ тәрбиелеу еліміздің ертеңі екені даусыз, ел болашағын
ойлайтын әр тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ендеше,
тәрбиеші балаларға білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен
қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шағармашылық қабілетін
дамытуы тиіс. Сондықтан кез келген тәрбиеші оқу жоспарын құрған
кезде, бұрыңғы бірсараңдылықты артқа тастап, заман талабына сай, әр
баланың жас ерекшілігін, зияткерлік деңгейін ескере отырып
құрастыруы қажет. XXI ғасырдың балаларын таң қалдыру қиын, осы
орайда тәрбиешілерге қойылатын талап өте жоғары. Яғни тәрбиеші
балалардың жан-жақты қызығушылығын арттыру үшін өз кезегінде тынбай
еңбектенуі тиіс.
К.Д.Ушинский тәрбиенің ең
басты мақсаты – адамның рухани дамуымен тығыз байланысты, ол үшін
халықтың мәдени-тарихи дәстүріне сүйені және ұлттық ерекшілігін
ескерту қажет деп тапты. Ушинскийдің негізгі тезисі – оқыту мен
тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету болатын. Ол тәрбиенің маңыздырақ
екеніне тоқталып, жалпы ақыл-ойдың дамуы тәрбиелілікпен сабақтасып,
толығуы керек деп түйіндейді.
Қорыта келе тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні «Ұлды тәрбиелегенің – елді тәрбиелегенің, Қызды
тәрбиелегенің ұлтты тәрбиелегенің» деген нақыл сөзбен аяқтағым
келіп отыр.
Адам ұрпағымен мың жасайды
емес пе. Олай болса «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ!» Бала
тәрбиесіне бей-жәй қарамай әр бір адам ұрпағым өссін деген ұранмен
өмір сүретініне сенімім мол. Саналы білім, саналы тәрбиені бойына
сіңіріп өсіретін, ұрпағымыз мың жасаса нұр үстіне нұр болары
хақ!