Балабақша – бала шаттығы
Балабақша – бұл бір тұтас әлем... Балабақша атауын естігінде көз алдымызға әрбір үйдің еркесін сеніп тапсырған жылы ұя келеді. Қоғамда осы «Балабақша атауын өзгерту керек?» деген пікірталас бар. Олар мектепке дейінгі мекемеге жаңашыл атау беруді ұсынады. Бірақ мен балабақшадан артық атау жоқ дегім келеді.
Бақытты және алаңсыз балалық шақ, сүйікті ойыншықтар, көңілді мерекелік шаралар мен қойылымдар, алғашқы достар және алғашқы жетістіктер – мұның барлығы балабақшадағы ұмытылмас жылы естеліктер болып, баланың жадында сақталып қалары сөзсіз. Себебі балалық шақтағы ойыншықтың жанынан бас бұрмай өтетін адам жоқ.
Балабақша дегеніміз не? Бала өзін еркін, жайлы сезінетін, оның қабілеті мен талантын ашатын орын. Бұл қарапайым ғимарат емес, әсемдік, мейірімділік пен жылулық орнаған орда. Бұл ордада баланың негізі қаланады, бала тұлға болып қалыптасады. Сондықтан баланың өмірінде ерекше орын алатын, есінде мәңгіге сақталып қалатын осы мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешіге де үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол баланың жан-жақты дамуын, психологиялық саулығын, қауіпсіздігін және эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз етуге міндетті. Мұндағы әрбір бала сүйіспеншілікке бөленіп, ұжымдық сыйластық тепе-теңдігін табуы тиіс.
Шығармашылық жағынан еркін тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дамушы кеңістікті құрайтын ұжым - балабақша. Балабақшада шығармашылығын шыңдай алған баладан болашақта үлкен адам шығады. Ата- ана бала тәрбиесін балабақшаға тапсырып, өзі шет қалуы дұрыс емес. Отбасы, балабақша, бала тәрбиесі біртұтас болғанда ғана бала тәрбиесі мықты болмақ. Отбасымен ынтымақтастық орнатып, ата-ананы оқу-тәрбие процесіне тарту, баласына қатысты құзыретті педагогикалық ұстанымды қалыптастыру мақсатында үнемі тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен бірлескен іс-шаралар, көрмелер, шығармашылық байқаулар, мерекелер мен спорттық ойын-сауықтар ұйымдастырылып отырылуы тиіс. Ата-аналар мекеменің барлық іс-шараларына белсене қатысса, бала тәрбиесінен шет қалмайды. Қаланың кішкене ғана бөлігінде орналасқан біздің балабақша - біздің әлем. Біздің ұжымдағы басты міндет – баланың нағыз тұлға болып қалыптасуына көмектесу.
Балабақшаның қай жерде орналасқандығы, қандай екені соншалықты маңызды емес. Ең бастысы, бүлдіршіндер сол жерде өздерін бақытты сезініп, таңертең балабақшаға асықса, ал кешке анасына жетістігін марқайып айтуға асықса, ал келесі күні тылсым мен құпияға толы әлемді ашуды жалғастыру үшін үлкен ықыласпен балабақшаға қайта келгісі келсе – баланың бақыт мекенін тапқаны.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Балабақша – бала шаттығы"
Балабақша – бала шаттығы
Балабақша – бұл бір тұтас әлем... Балабақша атауын естігінде көз алдымызға әрбір үйдің еркесін сеніп тапсырған жылы ұя келеді. Қоғамда осы «Балабақша атауын өзгерту керек?» деген пікірталас бар. Олар мектепке дейінгі мекемеге жаңашыл атау беруді ұсынады. Бірақ мен балабақшадан артық атау жоқ дегім келеді.
Бақытты және алаңсыз балалық шақ, сүйікті ойыншықтар, көңілді мерекелік шаралар мен қойылымдар, алғашқы достар және алғашқы жетістіктер – мұның барлығы балабақшадағы ұмытылмас жылы естеліктер болып, баланың жадында сақталып қалары сөзсіз. Себебі балалық шақтағы ойыншықтың жанынан бас бұрмай өтетін адам жоқ.
Балабақша дегеніміз не? Бала өзін еркін, жайлы сезінетін, оның қабілеті мен талантын ашатын орын. Бұл қарапайым ғимарат емес, әсемдік, мейірімділік пен жылулық орнаған орда. Бұл ордада баланың негізі қаланады, бала тұлға болып қалыптасады. Сондықтан баланың өмірінде ерекше орын алатын, есінде мәңгіге сақталып қалатын осы мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешіге де үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол баланың жан-жақты дамуын, психологиялық саулығын, қауіпсіздігін және эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз етуге міндетті. Мұндағы әрбір бала сүйіспеншілікке бөленіп, ұжымдық сыйластық тепе-теңдігін табуы тиіс.
Шығармашылық жағынан еркін тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дамушы кеңістікті құрайтын ұжым - балабақша. Балабақшада шығармашылығын шыңдай алған баладан болашақта үлкен адам шығады. Ата- ана бала тәрбиесін балабақшаға тапсырып, өзі шет қалуы дұрыс емес. Отбасы, балабақша, бала тәрбиесі біртұтас болғанда ғана бала тәрбиесі мықты болмақ. Отбасымен ынтымақтастық орнатып, ата-ананы оқу-тәрбие процесіне тарту, баласына қатысты құзыретті педагогикалық ұстанымды қалыптастыру мақсатында үнемі тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен бірлескен іс-шаралар, көрмелер, шығармашылық байқаулар, мерекелер мен спорттық ойын-сауықтар ұйымдастырылып отырылуы тиіс. Ата-аналар мекеменің барлық іс-шараларына белсене қатысса, бала тәрбиесінен шет қалмайды. Қаланың кішкене ғана бөлігінде орналасқан біздің балабақша - біздің әлем. Біздің ұжымдағы басты міндет – баланың нағыз тұлға болып қалыптасуына көмектесу.
Балабақшаның қай жерде орналасқандығы, қандай екені соншалықты маңызды емес. Ең бастысы, бүлдіршіндер сол жерде өздерін бақытты сезініп, таңертең балабақшаға асықса, ал кешке анасына жетістігін марқайып айтуға асықса, ал келесі күні тылсым мен құпияға толы әлемді ашуды жалғастыру үшін үлкен ықыласпен балабақшаға қайта келгісі келсе – баланың бақыт мекенін тапқаны.
шағым қалдыра аласыз


