Эссе "Балабақша баспалдақ бастауы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Балабақша баспалдақ бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша туралы мағұлмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе: «Балабақша-бақыт баспалдағы»

«Боранқұл» бөбекжайы мекемесінің

тәрбиешісі Алибава Перизат Бакыткалиевна


«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,

оларға жастайынан жақсы қасиеттерді

сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы

дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін

қоса алатын азамат өсіре аламыз»

Н.Ә.Назарбаев.



Мәңгілік ел болу жолында ұрпаққа тәрбие беру үшін басынан бастап өзекті мәселерді қолға алу қажет. Дүние есігін алғаш ашқан әр сәби отбасында ата-әжесінің, әке-анасының және бауырларының махаббаты мен жылулығына бөленіп өседі. Әр отбасында берілетін тәрбие түрліше болады. Өздерінің қалыптасқан отбасылық құндылықтары арқылы тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін балабақшада жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып, елін сүйетін, адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Эссеге арқау болып отырған «Балабақша-бақыт баспалдағы» тақырыбына тоқталар болсам балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені емес,ата-аналар үшін баласын уақытша әкеліп тастайтын орын болмауы керек. Осындай көзқарастар болмауы үшін балабақшада үнемі жүргізілетін жұмыстар жаңарып, мықты болуға жұмыстанып отырады.

Балабақшаға бүлдіршіндердің қызығушылығын қалыптастыру үшін үйде еш ойнамайтын, көрмеген дүниелерді ұйымдастырып отыру әрине әр педагог-тәрбиешінің біліктілігіне байланысты. Балабақша бүлдіршіндерге қызықты ойындар үйрететін, ертегілер айтатын, әндер үйренетін және достарымен қарым-қатынас жасай алатын шуақты мекен.

Балабақша-бақыт баспалдағы болу үшін тәрбиешінің қосар үлесі мол. Тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиындығы қатар жүреді.

Балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс, егіншілер егінін баптап өсірген сияқты үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек.

Жасыратыны жоқ тәрбиеші болу өте қиын, себебі қазіргі таңда әр бала әр үйдің еркесі, дегендерін жасата білетін болып өсуде, сол себепті кейбір ата-аналарда қиындықтарын көрсетіп жатады. Осындай қиындықтан шығу үшін әр тәрбиеші өздерінің тәжірибесінің, парасаттылығының арқасында тіл табысып бірлесіп жұмыстарын атқарып отырады.

Мен Алибаева Перизат Бакыткалиевна «Боранқұл» бөбекжайында 12 жылдан бері еңбек жасап келемін. Бұл мамандықтан еш жалыққан емеспін. Өйткені менің осы уақытым алдымдағы сүйкімді кіп-кішкентай бүлдіршіндерге арнаған ең бақытты да, бағалы кездерім деп білемін.

Тәрбие отбасынан басталатындықтан қашанда алдымдағы тәрбиеленушілердің ата-анасымен жете танысып, үнемі қарым-қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Әр бала дарынды немесе дарынсыз, жылдам немесе ақырын қимылдасын бәрібір өздеріне деген сүйіспеншілікті қалайды. Сондықтанда әр баланың жанын түсініп, мақтап, көмек көрсету арқылы өз қызметімді жақсы жетістіктерге жеткізуге жұмыстанамын.

Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілер болсам, мақсаты тәрбие беру екенін түсінемін. Сондықтан тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзім жетеді. Балабақшада дұрыс тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барғанда саналы түрде сапалы білім алуға тырысады.

Біз тәрбиешілер түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеудеміз. Тәрбиеші жұмысы оңай емес. Бірақ абыройлы, сыйлы жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды. Оған дәлел жыл сайын қимастықпен мектепке шығарып салған тәрбиеленушілерім. Олармен кездесе қалсам маған қарай жүгіріп келіп құшақтағанда олардың сағыныштарын көремін. Оларды ешқашан ұмыту мүмкін емес. Сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым жаңа нәрселерді күтеді. Ал мен олардың өмірімен бірге өмір сүремін, олардың жетістіктеріне қуанамын.

Мен бақытты болуды былайша жауап берер едім.

-Мен әр бүлдіршіннің мөлдіреген көздерін көруіммен бақыттымын.

-Мен олардың бал тілін естумен бақыттымын.

-Мен олардың сыңғырлаған күлкісін естумен бақыттымын.

-Мен оларға білім беріп, қиялын самғатумен бақыттымын.

-Мен бүлдіршіндерімнің үлкен мықты, дарынды азамат пен азаматша болғандарына куә болып, азда болса өз үлесімді қосқаныма бақыттымын.

Менің еңбек еткен 12 жылдың ішінде жинаған тәжірибемді жас мамандарға үйретіп, үнемі қолдау көрсетіп отырамын. Кішкентай балалармен жұмыс жасау өте қызықты. Оларға айналадағылардың бәрі қызық, бәрін танып білгісі келеді көп сұрақтар қояды. Сондықтан олардың балдай тәтті қылықтары мен былдырлаған тілдері өте қызықты.

Тәрбиеші ең алдымен балаларды өте жақсы көруі керек, жұмысқа деген ынтасы мен балаға деген мейірімі, жылуы болуы маңызды. Осы қасиеттердің бәрін жас мамандарға тәлімгер ретінде үйретіп отырамын. Үнемі тәрбиеленушілерімді балабақша және аудандық іс-шараларға және интернет арқылы республикалық сайыстарға қатыстырып жүлделі орындарға ие болып келемін. Тәрбиеленушілерімнің жетістіктерін атап айтар болсам:

2016 жылы Аудандық «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында өткен сайыстан тәрбиеленуші Жолдас Нұрәділ марапатқа ие болды.

2016 жылы Аудандық «Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбында өткен сайысқа қатысып тәрбиеленуші Талғат Нұрсая марапатқа ие болды

2017 жылы Республикалық қашықтан қатысу арқылы «Әлем менің көзіммен» тақырыбындағы сайысқа қатысып II –III дәрежелі дипломен тәрбиеленушілер Жолдас Нұрәділ, Абдрахман Асем, Сұлтанбек Айзере марапаттарға ие болды.

2017 жылы Республикалық қашықтықтан өткен «Менің отбасым» байқауына тәрбиеленуші Жолдас Нұрәділ қатысып II орынды иеленді.

2018 жылы Республикалық қашықтықтан өткен «Күз береке бастауы» байқауына қатысып тәрбиеленуші Достанов Қасиет I орынға ие болды.

Салыстырмалы түрде қарасақ балабақшаға барған баламен бармаған балалардың арасында үлкен айырмашылық болады. Сондықтан балабақшаны тек балаға бас көз болатын орын деп қарамаған жөн. Керісінше балабақша балаға білмегенді үйрететін, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін орын деп түсінген абзал.

Балабақша- бала бағбандарының мекені деп тани отырып, бақыттың баспалдағына айналдыру біздің біліктілігіміз бен еңбекқорлығымызға байланысты.

Балабақша – бақыт баспалдағы. Әрбір бақша табалдырғын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына ертеңге деген нық сенім, патриоттық сезімді ұялатып, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа.

Егеменді еліміздің мәңгілік ел болып, мәңгі жасауы өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпағымыздың қолында. Болашақ ұрпақты талапқа сай ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор.

Сондықтан да балабақшаны «Балабақша – бақыт баспалдағы » деп атаудың өзі шынайлықты көрсетеді.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі