Эссе Балаларға арналған жүрек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Балаларға арналған жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің өз мамандығына деген көзқарасы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаларға арналған жүрек

Ғылым мен техника дамыған ХХІ ғасырда білімі кемел, күш-қуаты мол мемлекет қана өзге елдермен саяси, экономикалық, мәдени жағынан иық теңестіріп, толайым табыстарға қол жеткізе алады. Бұл жолда, яғни ел тізгінін ұстайтын, тәуелсіздігіміздің көк туын желбірететін ұлтжанды ұрпақты қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жатқан ұстаздардың еңбегі орасан зор.

Бар саналы ғұмырын шәкірттеріне арнап, білім нәрімен сусындатып, бойларына үлгі-өнегенің ұрығын шашып, тәлім-тәрбие беруден жалықпаған бұл асыл жандарды нендей ғажап күш қанаттандырады, нендей ғажап күш алға жетелейді?

Ол ғажап күш – балаға деген махаббат, «халқымның баласын оқытып жатырмын ғой» деген жауапкершілік сезімі, өз мамандығына деген адалдық.

Бұл қасиеттер тек өз атына лайық мұғалімдердің бойында табылары анық. Алайда қоғамымызда ұстаз деген ардақты атқа кір келтіріп жүрген әріптестеріміздің де бары қандай өкінішті.

Өзім мұғалім болуды жастайымнан армандап едім. Сол асқақ арманым бұл күнде оқушыларымның алдында сыйлы болуыма қатты әсер еткен болар. Әрине, бәрі ізденіс, еңбекпен келеді. Сол себепті балаларға бар білгенімді әрі білмегенімді іздеп тауып, үйреткім келеді. Әр сабағым қызықты, танымды өтсе екен деймін. Мен үшін нашар оқитын, түсінбейтін бала жоқ. «Менің атым - Қожа» кинофильміндегі директор ағайдың «Оқушы – шам сияқты, оны тек жаға білу керек» деген сөзін санама нық сіңірдім. Әрбір оқушыны жеке дара тұлға ретінде бағалаймын. Өйткені мен егемен елімнің өркендеуіне тамшыдай болса да үлес қосатын ұл-қыздарымызды, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жалынды жастарды» тәрбиелеп отырмын.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп айтқан. Рас, мұғалім баланы оқытып қана қоймай, өмірдегі көзқарасының қалыптасуына әсер етеді, бойына ізгі қасиеттерді дарытады, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Меніңше, мұғалім болу – кез келген адамның қолынан келе беретін қарапайым мамандық емес. Ол терең білімді, шығармашылықты, ізденімпаздықты, мейірімділікті талап ететін ұлы мамандық. Нағыз мұғалім үшін жалақының көлемді болуы маңызды емес. Нағыз мұғалім үлкен қалада да, шағын ауылдық мектепте де, мейлі сыныпта жиырма оқушы болсын, мейлі жалғыз оқушы болсын, ол өз ісін абыройымен атқарады. Ұстаз үшін шәкіртінің жүзіндегі «жаңа тақырыпты түсінгендім» деген қуаныштан артық бақыт жоқ шығар деп ойлаймын.

Мен – қазақпын, жүрегім «қазақ» деп соғады. Еліме деген махаббат пен құрмет менің ұстаз деген ұлағатты есімге кір келтіруіме жол бермейді. Алтын таққа да айырбастамайтын ұстаздық қызметімді, адал жүрегімді ел ертеңі – балаларға арнадым.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі