«Білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту үшін тапсырмаларды қолдану»
Бүгінгі білім беру жүйесінде мұғалімнің басты міндеті - білім алушыға дайын ақпаратты ғана беріп қою емес, оны өздігінен ойлай алатын, талдайтын, салыстыратын және дәлелдей алатын тұлға ретінде қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалардың маңызы ерекше деп ойлаймын. Сабақ барысында оқушыларға сыни ойлауға арналған тапсырма бере отырып, олардың қабілетін арттыра аламыз.
Ал, сыни ойлау оқушының ақпаратты жай қабылдамай, оған сұрақ қоя білуі, өз көзқарасын қалыптастыруы және қорытынды жасай алуы. Мұндай қабілет ең алдымен дұрыс ұйымдастырылған тапсырмалар арқылы дамиды. Сабақ барысында ашық сұрақтар, проблемалық жағдаяттар, салыстыруға және талдауға арналған тапсырмалар оқушыларды ойлануға жетелейді. Мысалы, «Неліктен?», «Қалай ойлайсың?», «Басқаша шешу жолы бар ма?» деген сұрақтар баланың ойлау белсенділігін арттырады.
Менің тәжірибемде бастауыш сыныпта тапсырмаларды өмірмен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Оқушы өзіне таныс жағдайды талдағанда, пікірін еркін білдіріп, дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар топтық және жұптық жұмыстар да сыни ойлауды дамытуға үлкен ықпал етеді. Бір-бірінің пікірін тыңдау, келіспеу немесе толықтыру арқылы оқушылар ойларын жүйелеуді үйренеді. Сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларда дұрыс немесе бұрыс жауаптан гөрі, ойдың логикасы мен дәлелділігі маңызды. Мұғалім оқушының жауабын бағалағанда, оның ойлау үдерісіне мән беруі қажет. Бұл балаға қателесуден қорықпай, өз пікірін айтуға мүмкіндік береді, өз білімін тереңдетуге, үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Оған сабақ барысында көз жеткіздім.
Қорытындылай келе, сыни ойлау қабілетін дамыту бұл сабақтағы тапсырмалардың мазмұны мен құрылымына тікелей байланысты деген пікірмен келісемін. Мұғалім тапсырмаларды саналы түрде іріктеп, оқушыны ойлануға жетелеген жағдайда ғана білім алушының сыни ойлауы қалыптасып, өмірде қажет болатын маңызды дағдыға айналады. Сонда ғана, баланың білімі дағды ғана емес, жалпы өмірлік тұлға болып қалыптасуына ықпал ете аламыз дер едім.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе. «Білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту үшін тапсырмаларды қолдану»
Эссе. «Білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту үшін тапсырмаларды қолдану»
«Білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту үшін тапсырмаларды қолдану»
Бүгінгі білім беру жүйесінде мұғалімнің басты міндеті - білім алушыға дайын ақпаратты ғана беріп қою емес, оны өздігінен ойлай алатын, талдайтын, салыстыратын және дәлелдей алатын тұлға ретінде қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалардың маңызы ерекше деп ойлаймын. Сабақ барысында оқушыларға сыни ойлауға арналған тапсырма бере отырып, олардың қабілетін арттыра аламыз.
Ал, сыни ойлау оқушының ақпаратты жай қабылдамай, оған сұрақ қоя білуі, өз көзқарасын қалыптастыруы және қорытынды жасай алуы. Мұндай қабілет ең алдымен дұрыс ұйымдастырылған тапсырмалар арқылы дамиды. Сабақ барысында ашық сұрақтар, проблемалық жағдаяттар, салыстыруға және талдауға арналған тапсырмалар оқушыларды ойлануға жетелейді. Мысалы, «Неліктен?», «Қалай ойлайсың?», «Басқаша шешу жолы бар ма?» деген сұрақтар баланың ойлау белсенділігін арттырады.
Менің тәжірибемде бастауыш сыныпта тапсырмаларды өмірмен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Оқушы өзіне таныс жағдайды талдағанда, пікірін еркін білдіріп, дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар топтық және жұптық жұмыстар да сыни ойлауды дамытуға үлкен ықпал етеді. Бір-бірінің пікірін тыңдау, келіспеу немесе толықтыру арқылы оқушылар ойларын жүйелеуді үйренеді. Сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларда дұрыс немесе бұрыс жауаптан гөрі, ойдың логикасы мен дәлелділігі маңызды. Мұғалім оқушының жауабын бағалағанда, оның ойлау үдерісіне мән беруі қажет. Бұл балаға қателесуден қорықпай, өз пікірін айтуға мүмкіндік береді, өз білімін тереңдетуге, үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Оған сабақ барысында көз жеткіздім.
Қорытындылай келе, сыни ойлау қабілетін дамыту бұл сабақтағы тапсырмалардың мазмұны мен құрылымына тікелей байланысты деген пікірмен келісемін. Мұғалім тапсырмаларды саналы түрде іріктеп, оқушыны ойлануға жетелеген жағдайда ғана білім алушының сыни ойлауы қалыптасып, өмірде қажет болатын маңызды дағдыға айналады. Сонда ғана, баланың білімі дағды ғана емес, жалпы өмірлік тұлға болып қалыптасуына ықпал ете аламыз дер едім.
шағым қалдыра аласыз













