400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. "Білім алушылардың топтық жобаларын бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссенің мазмұнында сабақтарда білім алушылардың топтық жобаларын бағалаудың маңыздылығы мен нәтижесі туралы қарастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№18 Абай атындағы жалпы

білім беретін мектеп” КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Қуандықова Жадыра Темірханқызы



Эссе

Тақырыбы: Білім алушылардың топтық жобаларын бағалау


Қазіргі білім беру жүйесінде оқушыларды тек пәндік біліммен қаруландыру жеткіліксіз. ХХІ ғасырдың басты талабы – тұлғаның жан-жақты дамуы, өмірлік дағдыларды меңгеруі. Осы мақсатта оқыту процесіне топтық жобалар кеңінен енгізіліп отыр. Топпен жұмыс істеу – білім алушылардың ынтымақтастығын арттырып қана қоймай, жауапкершілік, шығармашылық, бірін-бірі тыңдай білу сынды маңызды дағдыларды қалыптастырады. Алайда мұндай жобаларды бағалау – мұғалім үшін күрделі, әрі маңызды процесс.

Топтық жобаларды бағалауда тек соңғы нәтиже емес, әр қатысушының үлесі, белсенділігі мен міндетіне жауапкершілікпен қарауы да есепке алынуы тиіс. Жобаның орындалу барысын қадағалау, аралық бағалау мен рефлексия жүргізу арқылы әр оқушының нақты жұмысы көрінеді. Бұл әділ бағалау үшін қажет. Сонымен қатар, бағалау критерийлерінің оқушыларға алдын ала таныстырылуы – олардың бағытты дұрыс таңдауына көмектеседі.

Бүгінде бағалаудың әртүрлі формалары: мұғалім бағалауы, өзін-өзі бағалау, топ ішіндегі өзара бағалау кеңінен қолданылады. Бұл тәсілдер оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, шынайы пікір білдіруін дамытады. Өзара бағалау арқылы оқушылар бір-бірінің еңбегін түсінеді, әділдікке, әдіснамалық мәдениетке үйренеді.

Топтық жобалар арқылыоқушы оқу материалын терең меңгеріп қана қоймай, логикалық және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар, әр оқушы өз рөлін сезініп, топтың жетістігіне үлес қосуға талпынанды. Мұндай тапсырмаларда оқушы бойындағы көшбасшылық , сыни ойлау, өзін-өзі бағалау, коммуникация және өзара көмек көрсету дағдылары қалыптасады.

Сондай-ақ, топтық жоба барысында көшбасшылық, идея ұсыну, ұйымдастырушылық қабілет сияқты көзге көрінбейтін, бірақ маңызды әрекеттердің де ескерілгені жөн. Өйткені топта біреуі идея ұсынса, екіншісі оны іске асыру жолын табады, үшіншісі материал жинайды – әрқайсысының рөлі құнды.

Қорытындылай келе, топтық жобаларды бағалау – жай баға қою емес, оқушы тұлғасын тану мен дамыту құралы. Әділ, нақты әрі ынталандырушы бағалау – білім алушының өзіне деген сенімін арттырып, одан әрі дамуына жол ашады. Мұғалім осы үдерісте әділ төреші, қолдаушы және бағыт беруші болуы тиіс.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі