400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Бірлігіміз жарасқан Көк туым желбіре!

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанға деген сүйіспеншілікті, құрметті, патриоттық сезімді арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау қаласы Б. Момышұлы атындағы № 25 орта мектеп

Жантөре Жұлдыз Жантөреқызы 8б сынып оқушысы


Бірлігіміз жарасқан Көк туым желбіре!


Көк тудың желбірегені-жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту жан емес,

маған керегі - Көк тудың желбірегені.

Көк туын желбіреткен,көкте қыранын биік самғатқан,байыры байтақ, даласы кең қазақ халқының салт-дәстүрлерін ерекше ұстануда үлкен мағына мен тәрбие қалыптасқан.Ата -баба салтын әдемі ,шебер ұстанған Қазақ халқы үшін әр күн мейрам, әр күн той. Төт құбыламыз теңеліп, тәуелсіздігімізбен келген жақсылықты тойлатып,мейрамдатып қарсы алса,басқа түскен ауыртпалықты халық болып,ел болып ауызбіршілікте жеңіп шығады.

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған Қазақстан жерінде тұратын әр ұлт үшін бұл мейрамның орны ерекше.Қазақстанның кең байтақ жерінде әртүрлі ұлт өкілдері мекен етеді.Барлық ұлт өкілімен тату-тәтті тұрып жатырған қазақ халқы шіркін ерекше қонақжайлылығымен сыйлы.Ұлт өкілдерін бөліп жармай төрімізден орын беріп ерекше сыйластық қалыптасқан. Қазақстан Республикасының бірлігі жарасқан көп ұлтты елміз.Татар,өзбек,орыс,ұйғыр тағыда басқа ұлт-өкілдері Қазақ жерімізде бәріміз расында бір анадан туған балалар сияқтымыз артық келеңсіздіктерсіз тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Бәрімізге белгілі кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Сол үшінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан ете отырып,оны қастерлейміз.

Қыран бүкіттің қос қанатындай біз осы бірлігіміз бен берекеміз жарасқан ынтымағымыздан айырылып қалмауымыз керек! Әсіресе, дәл қазір дана Абай атамыздың «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос!» деген ұлағатты сөзін естен шығармауымыз қажетпіз. Бүгінгі күні ел басына төнген короновирус COVID-19 пандемиясы қазақ елінде өршіп бой алуына байланысты ,әр қазақ елінің азаматы өз шаңырағында қорғану аясында айрандай ұйып, бірлік пен татулықтың жалауын желбіретуде .

Бірлікке бастау алу мақсатында « Біз біргеміз,біз үйдеміз» атты үндеу барша ұлт өкілдерін парасатты түрде болашаққа сеніммен күресе алатынымызға үміт сыйлады.Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ.

Мен халқымызға – ынтымақ, елімізге – молшылық, әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілеймін! Достықтың берекесі артып, татулықтың туы биіктей берсін!Барлығыңызды 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бірлігі жарасқан Қазақ елінің Көк туы мәңгіге биік желбіре!







Жантөре Жұлдыз Жантөреқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі