400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Дархан халықтың-дана Абайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерге көмегін тигізеді. Абай туралы эссе жазғанда немесе оқушылара жаздырғанда дайын материал болып саналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дархан халықтың - дана Абайы

Дархан халықтың дана Абайы деп тегін айтылмаса керек. Абай –лебі, Абай - үні, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Мен Абай атамыздың ұлылығын мақтан етемін.

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрсек.Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.Бәрі осы ата-анасы берген махаббатан басталды деп ойлаймын.

Абай атамыз біз үшін, халқым үшін дара тұлға. Осындай дархан елді өз шығармалары арқылы махаббаты мен шапағатына бөле білген бұл тұлғаны,қалайша дара,дана тұлға деп айтпаймыз. Мен Абай атамыздың өлеңдерін шын көңіліммен, шын ниетімен оқимын. Оның өлеңдерінің әрбір жолы,әрбір шумағында терең ой жатыр. Оның қара сөздері адам баға бере алмайтын құнды дүние деп ойлаймын. Мұхтар Әуезов атамыздың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абай атамыз барлық әлемге танылды. Осыдан барып тек Абай атамызды емес, қазақ елін барлық ілем танитын болды. Бұл біз үшін бір дәреже,бір мақтаныш емес пе?

Қорыта келгенде, қазақ елі де,жері де дархан, сондықтан осындай дархан елімізде Абай атамыз сынды дара да,дана,ұлы тұлға болғанына мен мақтан етемін. Абайдың шығармаларын оқыған, «Абай жолын» оқыған қазақ жастары өздеріне үлкен тәрбие алады деп ойлаймын және де бәрі Абай атамыздың шығармаларын оқыса екен деп кеңес беремін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.04.2021
1429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі