Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Егер мен президент болсам....."

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Егер мен Елбасы болып сайлансам….»

Еліміздің Елбасысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев– Қазақстан мемлекетінің көшбасшысы. Қазақстан халқы үшін, елі үшін жаратылған кемеңгер, дара, дана тұлға. Осындай кең байтақ, еркін, тәуелсіз елде бейбіт өмір сүріп  жатқанымызЕлбасымыздың арқасында, осы үшін оған басымды иіп, үлкен  алғысымды білдіремін.

Егер мен Елбасы болып сайлансам,онда мен  бірінші  орында Қазақстанымыздың басқа елдерден тәуелді болуын тоқтатар едім.Қазақстан   мұнай мен газдан және басқа да кен орындарына толы.  Осыларды пайдаланып, мен жаңа технология жасап шығарып,елімізді дамытуға көп үлес қосар едім. Мемлекет өзін-өзі керекті тағам,киім-кешек, мүлік, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге көмегімді  тигізер едім. Сонда ғана Қазақстанның экономикалық жағдайы жақсарып, шет елдерді керек қылмайтын болады және Қазақстанда жұмыссыздықта азая түседі.

Қазіргі таңда бүкіл  Қазақстанның әсем табиғатын қоқыстар құртуда. Осы қоқыстарды жинап, өңдеп, қайта шығаратын зауыт және фабрикалар ашар едім.

Келесі,қозғайтын мәселе,бұл Қазақстанның   білім беру саласы және медицина. Қазіргі таңда технология  қарқынды дамып келеді. Сол себепті олардың оқуға қызығушылығы азайды. Мен білім беру  саласына жаңа бағдарлама құрастырып және оны жаңа технологиямен  байланыстырар едім. Осылайша қазақ жастарының оқуға деген ынтасын арттырар едім.Ал, медицинаға келетін болсақ,онда ең алдымен жедел жәрдем көліктерін көбейтіп және тегін медициналық қызмет көрсетуді дамытар едім. Жаман аурларды емдеу түрлері шыққан сайын, Қазақстанның барлық дәрігерлері оны білу міндетті етер едім.

Тағы бір талқылайтын өзекті мәселе — ол еліміздің және халықтың тұрмыстық жағдайы. Ең алдымен, халықтың алатын жалақыларын  және қарттардың зейнетақыларын көтерер едім. Қалалардағы үйлерге қысы-жазы  ыстық  су  бергізіп және жылуды ерте қосып, кеш өшірткізер едім.Ауылды аймақтарды толығымен жарықпен, су, газ және байланыспен қамтамасыз етер едім.  Тұрмысы төмен, көп балалы, асыраушысынан айырылған, жетім-жесірлерге ай сайын берілетін жәрдемақы мөлшерін көтерер едім. Жоғары оқу-орындарының оқу ақысын, кез-келген ата-ана төлей алатындай мөлшерді орнатар едім, яғни Қазақстаннның әрбір азаматының білімі жоғары болуы керек.

Атап өтетін тағы бір мәселе-тәртіп, тәрбие. Қазіргі таңда теледидардан шет елдердің арналары көбейіп кеткен. Осы арналарды бала мен үлкен кісіге дейін көп қарайды, ал бұл қазақтың санасын, ұлт-намысын төмендетеді, өйткені, шет елдердің салт-дәстурлері біздің қазақтың салт-дәстүрлеріне қайшы. Сондықтан шет ел арналарын жойып, қазақ тіліндегі өз еліміздің арналарын көбірек таратар едім.

Жалпы, ой-көкірегімде мені толғандыратын осы мәселелер. Егер мен Президент болсам, алдымен осы мәселелерді шешіп, ары қарай Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосуға бар күш-жігерімді жұмсар едім.

Мен Отаным-Қазақстанды сүйемін!!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2018
4490
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12