400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе Ел болашағы-жастардың қолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың болашаққа көзқарасы туралы мәлімет береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Ел болашағы-жастардың қолында

Іле ауданы

Боралдай кенті   

№ 40 орта мектеп

5 «В» сынып оқушысы

Сабит Қасым  



Мен өз елімнің патриотымын. Мен үшін біздің еліміздің болашағы өте маңызды деп ойлаймын. Біздің еліміз, біздің жеріміз, біздің Тәуелсіз Қазақстан! Ежелден бері біздің ата-бабамыз тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен. Біздің қазақ хандары мен батырлары қасық қаны қалғанша, бар күшін салып кіндік қаны тамған байрақ жерін қорғаған. Мен біздің ата-бабамызға ризашылығымды білдіргім келеді. Ата-бабаларымыздың арқасында біздің еліміз тәуелсіздігін алып, көк туымызды көк аспанда желбіретіп,басқа елдерді мойындаттырдық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауында мақсаттар қойып, сол мақсаттарға халықпен бірге жетуде. Меніңше, ең негізгі мақсаттарның бірі – Азия Барысы атағына ие болып, дамыған 50 елдің қатарына қосылу. 1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі. Біз жасөспірімдер, өз еліміздің басты қозғаушы күшіміз. Біз ертең көзді ашып-жұмғанша, елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз.

Қазақстан жастары – белсенді де жарқын топ. Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын. Ақылды да тапқыр, жас та жігерлі қазақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр. Бұдан бұрын қазіргі жастар келбеті қандай деген сауалға келер болсақ, қазіргі жастарының келбеті қандай дегенге бір ғана тұжырым жасауға болмайды. Біз барлығымыз да қайталанбас бірегей тұлғалармыз. Біздің жастар даңқы әлемге танылатын дизайнер, режиссер, ғалым, сәнгер болуда. Олар бионикалық протез ойлап тауып, робот техникасын зерттеуде, керемет фильмдер түсіруде, өнер туындыларын жасап, теңдесіз идеяларды тудыруда. Біздің алдымызда осының барлығын игеріп, өз әлеуетімізді тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал бұл жолда біз анықтап алуға тиістінің ең басты талабы мынандай болмақ: «Біздің ең маңызды әрі бағалы құндылығымыз – осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар» Ендеше талабымыз да, бағдарымыз да айқын: "Біздің ең басты құндылығымыз - осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар, басты мақсатымыз - қуатты мемлекетті құру.

Әр жеке адам өз болашағын өз көзімен елестейді. Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
13979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі