Эссе. Ел тәуелсіздігіне үлес қосқан тарихи тұлғалар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Ел тәуелсіздігіне үлес қосқан тарихи тұлғалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Тәуелсізідігімізге 30 жыл болғанына орай
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ел тәуелсіздігіне үлес қосқан тарихи тұлғалар»

Қазақ елі тәуелсіз,бейбіт ел.Ал енді оған қалай жеттік.Оны қазақ елі өте жақсы біледі.Тіпті жас балаға мектеп табалдырығын аттағаннан сәттен бастап осы тәуелсіздікке жетер жолдағы қиындықтар жайлы толық мәлімет бере бастайды.Тарихи тұлғалар жайлы да толық айтылады.Әрбір қазақ баласы оны білуі тиіс деп санаймын.Қазақ тарихында орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларды басқарған,ұйымдастырушы,жазушы,ақын болған немесе асқан ерлік көрсетіп,жауға төтеп берген батырлар халық батыры және ұлт тұлғасы атанған. Қазақ халқының бағына орай әр ғасырда жау жүрек батыр ұл-қыздарымыз көп болған. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бастау алған батырлық үрдісі өз жалғасын тауып, ұрпақтан –ұрпаққа тарады. Ел аузында жүрген жыраулардың жыр дастаны бүгінге дейін жетті. Одан кейінгі ғасырларда да осындай жауынгерлікпен батыр ел қорғады. Бөгенбай , Қабанбай ,Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атағы әлем жарған Абылайхан мен қазақ қолдары ел алдынада елі үшін соңғы демі қалғанша күресуге дайын болды. Осы заманда және кейін қазақ жыр –жыраулары олар туралы жыр- дастан ,аңыз –әңгімелер жаза бастады. Ол жыр –дастандарды оқымаған бала жоқ шығар. Қанжығалы Бөгенбай батыр бола тұра әрі сөзге шешен әрі қол басшы болған. «Қашан қазақ жері жоңғарлардан азат болмайынша, мен аттан түспеймін»- дейді Бөгенбай.

Халық рақымына бөленген батыр ел есінде.Аталған батырлар өз елінің әрдайым жүрегінде. Оларға арнап ескерткіштер соғылды. Қала, көше, мектеп атаулары берілді. Одан кейін біздің батыр ата-апаларымыз 1991 жылға дейінгі Ел тәуелсіздігі үшін күресте орасан зор күш салды. Елі үшін, жері үшін қаншама қазақ хан майданға аттанды. Ұлы тұлға деп-мен Б.Момышұлын айтар едім. Ол өзінің қайсар батылдығымен жауға қарсы тұра білді. Онымен қоса ақындық өнері де бар және қол басшы болған. Б.Момышұлының керемет бір ұраны бар. «Екі қадам алға бір қадам артқа» және де тәртіп жайлы мақалдар жазған «Тәртіпке бағынған ел-құл болмайды». Қайсарлы, айбатты батырда, батыл ата-әжелеріміз болды. Олар: М.Мәметова, Ә. Молдағұлова, Б.Момышұлы, Қ.Майданов, Қ.Рысқұлов, Б.Бейсенбаев, С.Айтқұлов, М.Ғабдуллин. Талмай еңбектеніп жарқын болашақ үшін біздер үшін соғысты. Бұл жандар біз үшін қымбат. Сол хан майдан кезінде өмірге құштар бола тұра майданда қаза болатынын біліп, не бәрі жиырма сегіз жасында Баубек Бұлқышев өз шығармаларын жазып кетті. Оның Отанға деген соншалықты сүйіспеншілігі келер ұрпақтың болашағы үшін уайымын «Шығыс қлына хат» мақаласында айтады. Ол жаста болса өз өмірінен отанын жоғары қойды. Ата-анасына деп хат жазыпты. «Мен үшін қайғырмаңдар, қайта қуаныңыздар мен өз борышымды өтеуге барамын»- деп оларды жұбатады. Қан көл болып аққан бұл соғысқа есін енді жиған жастардан бастап, барлық ер азаматтар қатысты.

Тәуелсіздік жолы онай келген жоқ.Алматы қаласында өткен 18 мин. созылған жиналыста қазақ елінің басшысы ретінде Кольвинді сайлады.Оған қазақтар қатты ашуланды.Мәскеу басшысының адамдарының бірін қазақ елінің президенті деп тағайындады.Қазақ халқына таңдау берілмеді.Сол үшін қазақ қақаған аяз денеңді мұз шалдырардай суық кернеп тұр еді.Ешбір қазақ оған риза болмады.Бірақ амал нешік көнбестен басқа амал жоқ деп отырды.Сол кезде ашумен кеуделері ызаға толған қазақ ұл-қыздары батылдықпен Алматы қаласындағы саябаққа көтеріліске жиналды.Әрбір ерікті студенттер мен жұмыс жасап жүрген жас ұл-қыздар өз еріктерімен сол алаңға беттеді.Сондағы мақсат қазақ елін қазақ басқарсын біз бұған риза емеспіз.Сол жерде М.Шаханов атамыз балаларым тараңдар,бұл жер ойын алаңы емес,қазір мұнда басшылықтан адамдар келсе қан төгіс болайын деп тұр деп дейді.Сендер әлі жассыңдар.Ал азумен ызамен жиналған жастар тайсалмай тұра берді.Басшылықтан адамдар келіп,қаншама баланың үстінен қақаған аязда мұздай су шашты.Қаншамасын ай далаға апарып тастады.Түрмеге жауып,аяусыз азап шектірді.Міне осыншама қиындықтан кейін біз азат болдық.Біз бұл замандарда өмір сүрмедік.Бірақ біз мұның бәрін білеміз.Ол біздің ақын,тарихшы,жазушыларымыздың арқасында.Мен көптеген кітаптар оқыдым.соның арқасында тарихымды білдім. Әр бір тұлға мәңгі есімізде.Тарихта өз орны бар тұлғалар.Бәрі елеулі із қалдырған.Ақын жазушылардың түрме,соғыс,немістер, көтеріліс жайлы әр бір өлеңдері мен мақалалары мәнді де мағыналы.Үш биден бастау алған шешендер,даналар өз сөздерімен батырлардың рухын көтерген. Майданда жүріп ер жеткендерде, қоштасқандар да өте көп. Қазақ халқы сан мың ғасыр жылдардан бері тәуелсіз ел үшін, бейбіт жер үшін шайқасып келді. Ж.Жабаевтың жыры арқылы соғысқа кеткен батырлар күш-қуат алды. Ж.Жабаев соғыс ортасын барып, сол жерде жыр шырқайды. Жыршы ақын жазушылар оларға күш- қуат бері үшін өлең , шығарма жырлар жазды. Оларды барша қазақ халқы қолдады. Мен оларға бас иемін. Батыр апа-аталарымызға рахмет айтамын.Біз батыр тұлғаларымыздың арқасында бейбітшілдік кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Ешқандай соғыссыз өмір сүруіміз үшін батырлық танытқандарға үлкен алғыс. Тек шындық айтып дәлдікпен сөйлей білген қазақ нәзік аруларына мың тағзым.Ел тәуелсіздігіне өте көп үлес қосқан батыр тұлғаларымыз тарихта аттарыңыз қалуына менде үлес қосамын. Тұлғаларымыздың есімі мәңгі жадымызда. Менің атам ақын.Атамды ұлы тұлға деп есептеймін.Мен атамның газет журналдан бастау алып,кітап болып жазылған жыр-дастандарын үзбей оқимын.Мен де атам секілді және басқа жазушы аталарымыз секілді талмай еңбек етсем,мен де мүмкін өте жақсы ақын-жазушы болармын.Атам өз ұрпақтарына асыл мұралар жазды.Мен атамды тарихи тұлғадеп санаймын.Оған көптеген марапаттар берілді.Балғынбай адам тыл ардагері.Ол өз кітаптарын осы соғысты арқау етті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
1439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі