Елбасы –тәуелсіздік
тірегі
Президент дегеніміз – өз
елінің тәрбиелі тұтқасы.
Ж.Аймауытұлы
Әлемде елінің тәуелсіздігін,
халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік –
біз үшін басқа қонған бақ, астына тиген тақ. Бақты бағалаған
халықты бастамайтын тақ иесіде болуы тиіс. Бұл-ежелден келе жатқан
өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел
басқарған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге
болады. Күллі қазақ өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан
Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен
Кеңесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Осы Ұлылардың жалғасы
ретінде Нұр аға, Нұрсұлтан аға Сізді айтар
едім.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң
халықтың басын біріктіріп өз алдына ел қылуда сіз, Нұрсұлтан
Әбішұлы Қазақстан халқының тұңғыш Елбасы болдыңыз. Тәуелсіздіктің
алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлады.
Сізге үлкен сенім артты. Міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы
түсінеміз. Сіз – елге, барша әлемге танылған, өмір мен еңбектің
шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған болашақты көрегенділікпен
саралап, болжай білетін азаматсыз. Сіздің бастауыңызбен менің
Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін
танытты.
«Тәуелсіздік – ғажайып ұғым,
мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз», - деген едіңіз Нұрсұлтан
Әбішұлы өз сөзіңізде. Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын
Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел
боларына кәміл сенемін.
Мен – өркениет өріне қадам
басқан еркін елдің өренімін. Өткенге бойлап бүгінгі ақыл-таразысына
салып, баға беру, ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатқан қазақ
мемлекеті туралы өз пікірін айту – менің өз парызым
сияқты.
Сіздің ел астанасын Сарыарқа
төсіне көшірудегі көрегендігін қалай айтпасқа? Қазіргі Астана
танымастай құлпырып барады. Күні кеше елімізге қонақ болып келген
Рим папасының өзі таңдай қағып,риза болып кетті. Ол кісіге
көрсеткен сіздің кісілігіңіз, азаматтылығыңыз жас ұрпаққа, яғни
бізге, үлгі өнеге.
Жаңа астанамыз бүгінгі күні
өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де
көркейіп келеді.Мұндағы бәрі-сіздің елеулі еңбегіңіз. Сіздің
көрегендігіңіздің арқасында бүгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз
орнын ойып алған Азия мен Европаны мойындата білген өжет елдің
мекені. Ел сенімі ақталады деген – осы.
Мен осындай данагөй,
асыл қасиетке бай елде дүниеге келгенімен мақтанамын. Мен қазақ
екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп
өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған сізге ерекше
ілтипатпен қараймын. Сіз менің пір тұтатын адамдардың бірісіз.
Біздің елді басқарып тұрған сіз сияқты елбасының бар екеніне
мақтанамын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның
өзі – бақыт. Сізге деген ыстық ықыласымды енді өзім шығарған өлең
жолдарын арнағым келеді.
Ел басқарған Нұрсұлтандай атам
бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам
бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін
тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам
бар.
Бірде шырқап, бірде төмен
құлаған,
Өмір жолы болған қиын
бұралаң,
Қазағымды жарқын жолға
бастады
Аман болсын Нұрсұлтандай ер
бабам.
Әлдилеп дала сырын сан
ғасырын,
Толқыған ұлы қзен
арнасымын
Осынау қалың елім жұртым
деген,
Тілегі қабыл болсын
Елбасының.
Бірлігін,қаншама ұлттың
таулығын,
Айшықтап,
Ай-жылдарым жатыр
бүгін.
Жебей
гөр
Көкте
Тәңір,
Жерде
халқы,
Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды
ұлын!