Материалдар / Эссе «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал эссе түрінде жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
1202
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе тақырыбы:

«Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы»

Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.

Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдары мен қазіргі кезең­нің айырмасы жер мен көк­тей. Құлдыраған экономика, әл­­сі­реген әлеуметтің жағдайы сол кезде уығын енді тігіп жатқан жас мемлекеттің халқы үшін де, елді бас­қарушылар үшін де ора­сан сынақ болғаны сөзсіз. Алайда, осындай ауыр кезеңнен Қазақ елі біртіндеп аяғына тұрды.Осындай алмағайып кезде жас мемлекеттің тізгінін ұстаған көшбасшыға көп жағдай байланысты болғаны ақиқат. Бұл ретте республика жұртшылығы өз таңдауын дұрыс жасай білді деуге негіз бар.
1991 жылдың 1 желтоқсан күні елдің тілегімен, халықтың қол­дауымен Нұрсұлтан Назарбаев егемен еліміздің тұңғыш пре­зи­денті болып сайланды. Осы күн­нен бастап тәуелсіз мемлекетті басқару міндетін мойнына алған Елбасының саяси көрегенділігі, қиындыққа қарсы тұратын та­бандылығы таныла бастады.

Осындай өзінің тағдыры мен елінің тағдыры тоғысқан сындарлы кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен халқымның тәуекеліне сендім. Өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған осындай текті халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының пешенесіне бұйырмаған бақытты – тәуелсіз мемлекет құрудың бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық бақыт жоқ, осы жолда мен бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…» деп жүрекжарды сөзін айтқан болатын. Міне, содан бері Елбасы халқына сеніп, ел-жұртына арқа сүйеп келеді. Халқы да Тұңғыш Президентіне деген сенімділігін жоғалтпай, оның бастаған баянды істерін қолдап жүр.

Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыт ішінде Нұрсұлтан Әбішұлының ұтымды да ұтқыр басшылы­ғымен ауқымды эконо­микалық, саяси және әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Қазақстанның халық­ара­лық қоғамдастықтағы беделі мен мәртебесі күн санап, жыл санап асқақтай түсті. Соның айқын айғағы деп Қазақстанның ЕҚЫҰ ұйымына төраға болып Саммит өткізгенін, қысқы Азия ойындарын ұйымдастырғанын, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайын дәстүрге айналдырғанын айтуға болады. Қазақ елі төрткүл дүниеге бейбітшілік пен татулықтың мекені ретінде таныла түсті. Көптеген халықаралық беделді ұйымдар Қазақстанда түрлі саяси, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыруға мүдделілік танытып, қазақстандық даму модульдерін өз тірліктеріне жарата бастады. Бұл ретте, әсіресе, ұлтаралық татулық пен азаматтық келісім бағытындағы Қазақстан жетістіктері өнеге ретінде баға­ланып отыр. Осындай елің үшін мақтанатын, жұртың үшін шаттанатын игі бастамалардың жүзеге асуы мем­лекеттің тізгінін нық ұстаған Елбасымыздың саяси қайрат­керлігі мен қажыр-қайратымен тікелей байланысты екені сөзсіз. Тәуелсіздік жылдарында жүзеге асқан ең ауқымды жобаның бірегейі, әрине, жаңа елордамыз Астана болып отыр. Бұл, шынымен де, Елбасының саяси көрегенділігінің, нар тәуекелінің, қиындыққа қарсы тұра алатын қайсарлығының, мақсаткерлігі мен табандылығының жемісі. Сондықтан да жұртшылық «Елорда – Елбасының ерлігі» деп бағалайды.
Тұғырына қонақтаған қыран бүркіт, айналасына жіті қарап, сергек қимылмен айналасына жалт-жұлт қарағанда от жанарлы көзінен бірде жалын шарпыған Бетпақтың шөлді даласын, бірде Көкшенің көкпеңбек баурайы мен тал-қайыңы бұрала ырғалған қойнауын, енді бірде ай келбетті ару Астананың көрікті көшелерін көргендей боламын. Тұңғыш туымның ажарына ажар қосып қалықтаған қыран бейнесі, қырдағы көңіліме қанат бітіргендей. Тұңғыш деген ұғымның астарында тұңғиық ерекшелік барды-ай. Селт ете қаласың. Ұлы да қастерлі Отанымыз қазақ елінің тұңғыш Тәуелсіздігін әлем тұңғыш мойындады. Тұңғыш рет өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Тұңғыш төл теңгеміз шыққанда өз қазынамызға иелік ететін күніміз туғанда, ерекше толқыныста болғанымды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Тұңғыш Елтаңбам, тұңғыш өз Қарулы Күштеріміз құрылды.Дана қиялынан туған алып Астана бой көтерді. Бала қиялынан туған ертегідегі алып шынар, көз жетпес Бәйтерекке айналды. Осы Тұңғыш атрибуттардың ең басында осы тұңғыштарды тұңғыш еткен Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Ия, бірінші желтоқсан қазақ мемлекетінің тарихындағы жалпыұлттық мемлекеттік мереке-тұңғыш Президент күні. Бұл мерекеҚазақстанның бүкіл азаматтары мен оның Елбасының бірлігінің символы болып табылады.Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайтын мереке.

Біздің мемлекетіміз тұңғыш рет дербес мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропа Қауіпсіздігін әйгілейтін Ынтымақтастық ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ЮНЕСКО, ИЫҰ, АӨСКШК, ХВҚ және басқа да беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. 2010 жылы Қазақстан тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның төрағасы болды. Дәл осы жылы 1 желтоқсан күні Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының айрықша Саммиті өтті. Осы күн алдымен Елбасымыздың, одан кейін соңынан ерген халқының абсолюттік тұңғыш тарихи жеңісі болды.

Мемлекет басшысының өзі қызмет етіп келе жатқан жылдарының әрбір айлары мен жылдары, апталары мен күндері Тұңғыш сөзімен тікелей байланыса кетеді. Тәуелсіз жаңа мемлекет үшін жасалып жатқан ізгілікті істердің бәрі де «Тұңғыш» сөзіне саяды.

Өткенге көз салсақ жас Қазақстан мемлекеті үшін елде бейбітшілік пен келісімді сақтау бірінші кезекті міндеттердің бірі деп ұғынған Елбасымыз 1992 жылы өткізілген тұңғыш рет Қазақстан халқының бірінші форумында этносаралық мәселелер бойынша қоғамдық институт құру туралы идея айтты. Артынша 1995 жылы наурыз айында Президент жанынан жаңа консультативтік –кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы (кейін 2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы) құрылды. «Қазақстандықтар бірлігі-ол Қазақстанның бұлжымай алға басуының баға жетпес кепілі», деп атап көрсеткен Елбасымыз ортақ үйімізде мәңгілік тыныштық пен бейбітшіліктің салтанат құруы жолында қажырлы еңбек етіп, тер төкті.

Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде барлық салаларда халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарын, ой-санасын, дәстүрі мен салтын, өнері мен мәдениетін, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты.Тәуелсіз елдің Тұңғыш астанасы Астана қаласында дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретінде танылуы да еліміздің әлемдік қауымдастықтарда зор беделге ие екенін әйгілегендей.

Елімізде жүргізілген баянды реформалар мен игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған белестеріміздің басында тұрған Елбасы бейнесін айқын көреміз.

Даңқты реформаторлығы, саяси көшбасшылық тұлғасы жылдар өткен сайын биіктей түскен Тұңғыш Президентіміздің мерекесі мерейлі құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сәтті болғай!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!