400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Эссе "Елімнің ертеңіне сенемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе балалардың бойында шығармашыл жеке тұлға қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді, атап айтқанда, эссе жанры шығармашылық бостандықты болжайды, әлемнің сұлулығын суреттеуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға , өздігінен «өмір сүру, ойлау, сұлулықты сезіну, ғажайыптар тудыру, жаңалықтар ашу» мүмкіндіктерін береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейсенбай Аяжан- БО-21 т\я тобы студенті

Сағатова А.С.- ғылыми жетекші

ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНЕМІН

Қазірде Қазақстанда болашаққа деген сенім бар! Біз жастар жарқын болашаққа сенеміз және армандай аламыз, нақты сеніммен алдымызға мақсаттар қоямыз. Бұл – Отанымыздағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасы.

Kейбіреулер мeнeн Oтанды не үшін жақсы көреcің деп cұрап жатады. Меніңше, бұл сұрақ қате. Кейде бұл сезім мен туа салысымен-ақ жүрегімде пайда болғандай көреді. Әрине бұл сезімнің орнығып, саналы дәрежеге жетуі үшін ата-анамның, мұғалімдерім мен оқытушыларымның рөлі ерекше. Өйткені олар маған Oтанымның табиғатын, халқын, салт-дәстүрі мен тарихын таныстырды. Oтанға деген махаббатымды арттыруға көмектесті. Oтанды oның ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлері үшін, кең даласы мен асқар таулары үшін, сарқырап аққан өзендері мен айдын көлдері үшін жақсы көруге болады. Маған oның әр тасы қымбaт. Дегенмен әр aдaмның Отaны – өзінікі. Және әркім оны өзінше жақсы көреді.

Қaзaқстан – бүгін: (Бүгінгі күннің тaрихына шoлy)

Қaзіргі кезде Қазақстaн қандай?

Біздің туып-өскен жеріміз, еліміз-Қазaқстан. Еліміз мұнaйға пайдалы қазбаларға өте бай.Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татaр, өзбек, неміс, түрік т.б.көп ұлттaр тұрaды.Ол бүгінде дүние жүзінің көтеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.Біздің еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тың бейбітшілікті нығайту жолындa көптеген жұмыстaр атқaрып келеді. Мен – қаныммен, жаныммен, арыммен, барыммен қазақпын. Мен қазақ болып туғанымды ерекше бір сезіммен, шексіз де шетсіз ықыласпен мақтан тұтамын. Қазақстан атты құдіретті елім үшін, топырағы киелі жерім үшін, жаңа ашылып келе жатқан қауызы қас-қағым сәтте әп-әдемі гүл шоғына айналған бақытты өміріміз үшін де мақтанамын.

Иә, кешегі тәй-тәй басқан еліміз, қазіргі таңда аяғын нық басатын, қадамы алшақ, өз бағытына сенімді, мығым елге айналып отыр. Мен осы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын. Еліміз,тәуелсіз,дербес ел атанды. Халық өз қалауларымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тілі- қазақ тілі,мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы-Нұр-сұлтан қаласы. Ол күннен-күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.Осы мемлекетті одан әрі биіктен көрсету қазақ халқының қолында деп ойлаймын. Қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Қазақстан-ертeң. (Ертеңгі күннің тарихына шолу жасау)

Ол біздің болашaғымыз, балаларымыз бен немерелеріміз.

Тәyeлсіз Қазақстaнның ертеңгі жастары.

1. Өз елін, жерін қорғaушы.

2. Өз Отаның пaтриоты.

3. Өз елінің заңдарын қорғай алатын жастар.

4. Өз жолын анықтай алатын азамат.

5. Адамның қадір-қасиетін құрметтеуші болашақ ұрпақ.

6. Ертеңгі күні ел үшін әр салaда еңбек ететін еңбекқор жастар.

7. Интернет жүйесіне қo л жеткізген білімге құштар жастар.

Мектептер мен балабақшалар саны көбеюде. Интерактивтік жүйе еңгізілуде. Халықаралық «Болашақ» степендиясы тағайындалды. Жоғары оқу орындары ашылуда.Дүниежүзінде материалдық игіліктері бойынша дамыған елдердің қатарына енетін күндер де алыс емес. Армандарымыздың адастырмай тура жолдан тайдырмауын тілеген, тәлімі мен тәрбиесін үлгі еткен халықпыз.

Ал біз-кейінгі ұрпақ, Аллаһ тағаланың берген үлкен сыйының бірі-өз ана тілін шұбарлап, жат елде жүргендей, өзге тілде шүлдірлеген қазақтың қара көздерінің қылықтарна бүгінгі таңда «ет үйретіп, бауыр басып» келеміз. Не дегенмен, сонау ықылым заманнан сырттан төнген жауды тізе бүктірген қазекең, «іштен шыққан жаудың» құлағын кесе алмай келе жатыр. Қазаққа қазақ тілін үйреткен масқара жағдайдың куәсі болғанымызды былай қойғанда, жетімдер мен қарттарымыздың жағдайы кезінде жұрттың жанайқайына айналғанмен, бүгінгі таңда айта-айта жауыр болған мәселе. Дегенмен де қазіргі кезде көңіл қуантарлық жайт Қазақстанның қарқынды түрде дамып, дамыған елдермен терезесін тең етіп, жоғары дәрежеге көтеріліп келе жатқаны.

Ал ертеңгі күнгі қазақ халқының хал ахуалы мен жағдайы, халқын сүйген жастар мен жоғарыда айтылған дүбәрә жастардың қолында. Ертеңгі күні қазақтың мәртебесін асқақтатып көтеретін де елдің тізгінін ұстаған жас буындардың қолында.

Тәуелсіз елім менің Қазақстан,

Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.

Тәубанның басы тәуелсіздік болсын!

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!

Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан ол қасиеттің тізгінінен айрылма! Айрылсаң – ит пен құсқа жем болып, айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста! Тәуелсіздіктің тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі