400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Ізгілік педагогикасының классигі Абай

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Ізгілік педагогикасының  классигі Абай

                                                       

 

                                                     

Ізгілік педагогикасында еңбек еткен ұлы ғұламаларымыз көп.Өзінің еңбектерін, өз ісін құндылықтарды тануға бағыттаған, біздің ғұламамыздың бірі Абай Құнанбайұлы. Ойы,сөзі және ісі бір жерден шыққан жалпыадамзаттық құндылықтар бойына дарытқан азаматымыздың бірі. Абайдың ойы,сөзі, ісі барлығы бір жерден шығып астасып жататын кемелденген азамат екенін мына оқиғадан көруімізге болады.

Бірде әкесі Құнанбай ұлы Абайға :

Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда!

Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.

Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді. 

– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтамын, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтамын. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады... Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді. 
Міне Абайдың әкесіне берген осы жауабына қарап ол әу бастан ақ «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
өз өлеңінде жырлағандай барлық адамды бірдей көріп мейірімділік көрсеткені байқалады.Ол өз өлеңдерінде өзіне де сын көзбен қарап, өзінің жан дүниесімен сырласа, өз істеріне жауап іздеген.Абайдың әр шығармасынан құндылық тәрбиесіне бағыттауға болады. Ол өзгені тану үшін өзін тануға мол іс жасаған.

Абай атамыздың адамгершілікке, тәлім тәрбиеге ой салар 45 қара сөзі бар. Он жетінші қара сөзде қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады деп жазған. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Яғни Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. «Мен адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ...» Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс - әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс - әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде аяғын шалыс баспай, дұрыс өмір сүре алады.Осы жерлерде адамның бақытты болуы, оның жүрегіның тазалығында, «Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады...» деп, адамдарды ішкі жан дүниесі мен жүрегін таза ұстауға үйретеді.

Ақыл бізге түрлі ой салады екен кейде жақсы кейде жаман, бірақ соның бәрін ажыратып жол сілтейтін мына жүрек екен. Жүректі таза ұстап өмір бойы тәннің қалауына жұмыс жасамай жанның қалауына жұмыс жасауымыз керек. Абай адам – адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайдың ойынша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды.

«Осы үшеуі ( ақыл, қайрат, жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді Абай. Адамның тәні мен жаны табиғаттан жаралған, тек қана жаннан шығатын-өзіңді түсінуге ұмтылыс, жауыздықтан қашып,қайырымдылық іс жасауға талпыну- адамды адам етеді деген.

Абай еңбектері арқылы адамгершілік, имандылық, адалдыққа баулу, ғылым - білімді меңгерген азамат болуға баулиды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі