Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: Жаңа ғасыр ұстазы қандай болу керек

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл эссе ұстаздар қауымына арналған. Ұстаздар арасындағы сайыс.байқауларда қазіргі таңда көбіне көп эссе жазу тапсырмасы келеді, соған орай пайдалануға болатын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа ғасыр ұстазы қандай болу керек?

Әлем өзгеруде. Заман жаһанданған сайын білім беру үдерісі де өзгермек.Демек,біз,педагогтар,заманауи икем дағдыларға бейімделе отырып, жеке тұлғаның бойына да қажетті дағдыларды, құндылықтарды дарытудың жаңаша сипатын міндетімізге алу керекпіз.

XXI ғасыр мұғалімі қандай болу керек? Білім саласындағы реформалармен бірге бітісе қайнайтын, сүттен бөлініп аққан қаймақ секілді кәсібилілігімен ерекшеленетін, өз ісіне сараптама жүргізетін маман иесі болғаны жөн. Алдымен өзі талдап, кейін сол талдауын дәлелдерге сүйене нақтылайтын, түйінін түйіп, астарына үңілетін адам. Бұлай топшылауыма «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы», «Жаңартылған білім мазмұны» курстарынан ұққан ілімім, теориям себеп болды. Бір оқу бір оқуды толықтырып, жаңаша ойлауыма, тәжірибемді саралауыма, кемшін тұстарымды анық көруге түрткі болды. Дегенмен жаңалық деп қабылдап жатқанымыздың көбі ғасырлар бұрын біздің қоржынымызда болған...Тек біз оны аңғармадық, аңғарғанымыз тереңіне үңілмедік. Бала түгіл үлкендердің сүйікті фильміне айналған «Менің атым – Қожадағы» Оспанов ағайдың образы қазіргі ұстаз бейнесін ашады. Майқанова апайдай түзу отырғызып тәртіпке бағындырам демей, Қожаға сеніп, болашағынан үлкен үміт күтті. Қазіргі талап та сол - балаға сенім білдіру. Сыни ойлап, сындарлы пікір айтуға жетелеу.

Ұстаздық кәсіби дағдылардың бірі – «оқушы үнін» тыңдай білу. «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы Джин Радок оқушылардың пікірімен санасып берілетін білім оқу мен оқытуда оң нәтиже көрсететінін дәлелдеген.

21 ғасыр мұғаліміне қажетті дағды-оқу үйлесімділігін(оқу бағдарламасы,педагогикалық тәсіл,бағалау) қисынды жүзеге асыру ұстаз шеберлігін қажет етеді. Ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, методикадан хабардар,оқыта білетін мұғалім»- деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес.

Жаңашыл мұғалімге артар жүк ауыр Қорыта айтқанда, жаңашыл педагог елбасы айтқандай бақылаудың орнына ынталандыратын, мәжбүрлеудің орнына кеңес беретін, қолдау көрсетіп, сенім білдіретін тұлға болуы тиіс. Қай ғасырда болмасын, ұстаз- ұстаз болып қалады, рухани дүниесі өзгермейді.


Кулакова Алтын Женисовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12