Баймурзилова Аида
Максутовна
І
санатты биология пәнінің мұғалімі
«А.
Тихоненко атындағы
жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ
Шыңғырлау ауданы, Лубен ауылы
Baimurzilova1990@mail.ru
«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан
да
жақсырақ етіп жасауға
болады».
Генри
Форд
Жаңартылған білімге – жаңаша
көзқарас
Мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман
талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың
бағдарлама. Оқытудың парадигмасы өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда
болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру,
оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Жаңартылған білім беру
бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау
жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне
өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың
пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне
ынталандырады.
Курсқа алғаш келген күннен
бастап тренеріміз Гүлмира Бақытжанқызымен бірігіп көкейімізде
жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру
мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу
барысында биология пәнін жаңа мазмұнда оқыту бойынша
дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру
бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған
сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды
үйрендік. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске
асырдық, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Мұндағы жаңа
оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға
бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және
интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы
олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас
бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын
дамыту.
Қорыта айтқанда, аталмыш
бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын
қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін
өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты
болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз
еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін,
өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп
санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз
де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма
Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол
өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы
бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа
жетелейміз.