400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе «Жаңартылған оқу бағдарламасы – заман талабы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жаңартылған оқу бағдарламасының өзектілігі жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы







ЭССЕ

Тақырыбы: «Жаңартылған оқу бағдарламасы – заман талабы»

















































Ұлт көшбасшысы Н.Ә Назарбаев әрдайым білім саласына көп көңіл бөледі. 2017 жылғы 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар - соның дәлелі.

Бүгінгі ғаламдану заманында біздің болашағымызға білім беру - жаңа ізденіс, тың жаңалықтар мен мезгіл сұранысына сай көзқарас  арқылы жүзеге асыруды талап етіп отыр. Осыған орай қазіргі таңда мектеп ұстаздарының ізденіспен жұмыс істеп, шығармашылығын шыңдауға, инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалуда.

Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, түлектеріміз әлемнің қалаған оқу орнына түсіп, өмірлік білімін жалғастыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламасындағы бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтіп келеді.

Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттей бастаған сәтімізде арнайы курсқа жиналуымыз – біз үшін бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымыздың жауабын табуға берілген мүмкіндік.

Бағдарламаның мәні – ол оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенулері керек.

Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары: мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр», -деген болатын.

Шындығын да, бұл жауапкершілікті өз деңгейінде атқару заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген ұстаз үлгісінде болуы болашақ ұрпақ тұлғасының кемел келешегіне жол ашатындығы сөзсіз. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі