Материалдар / ЭССЕ Жақсы адам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ Жақсы адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастыйынан еңбегі еленіп халыққа еңбегі сіңген азамат туралы әңгіме. Ол кісі менің атам, атам жастайынан мал бағып, кейін халыққа қызмет еткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Тамыз 2022
1044
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп КММ

6 «В» сынып оқушысы Сәбит Іңкәр Дәуренқызы



Эссе

«Адал еңбек»

«Отан - отбасынан басталады» . Менің ойымша әрбір ата - ана ес білген кезден бастап баласының құлағына адалдық туралы ақыл - кеңестерді құйып отыру керек деп ойлаймын... Мен жастайымнан ата – апамның тәрбиесінде болдым, шай үстінде айтылған атамның әрбір сөзін ойыма түйіп, өмірде қолданып келемін. «Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде» деп айтатын. Атамның айтқан ақылы «Адал еңбек ет, адал кәсіп қыл». Мен ес білген шағымда (3 жастамын) әкем балабақшадан алып қайтатын, сондай бір күні жолда балалар көрші атайдың алма – өрігін қолмен үзіп ұрлап жеп жатқанын көрдім. Бала болып меніңде жегім келіп, әкеме алып беруін өтіндім. Сол кезде әкем кісі еңбегін жемеу керектігін айтып, түсіндіріп берді. Сол сәттен бастап өзіме ой түйдім. Содан кейін өзіміз бақшаға жеміс ағаштарын егіп, күтім жасап қазіргі кезде жеміс беруде. Қазіргі кезде осы жемістердің жемісін жеп, ағайын – туыспен алғысын алудамыз. «Адал еңбектің» дәмін, жемісінің тәтті екенін осы кезден бастап түсініп келемін.

Picture 22 Picture 16




Сабақтың тақырыбы: Табиғат – адамзатқа аманат!

Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға,

қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: топтық сабақ
.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы
:

  • Ұйымдастыру кезеңі:

  • «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» (мақалды жалғастыру)

  • «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» (табиғат туралы өлеңдер оқу)

  • «Табиғат – тіршілік иесі» (жұмбақтар шешу)

  • «Құстар – біздің досымыз» (сөзжұмбақ шешу)

  • Қорытындылау


Кіріспе сөз:

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғаттың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.


1.Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер (мақалды жалғастыру)

1. Ер - елдің көркі, орман тоғай.../жердің көркі/.

2. Бір тал кессең, .../он тал ек/.

3. Дәрі.../ шөптен шығады/,дана көптен шығады.

4. Қорада малың болсын, көшеде.../талың болсын/

5. Атаңнан мал қалғанша,.../тал қалсын/.

6. Бұлақ көрсең.../көзін аш/.

7. Жылап жүріп арық қазсаң,.../күліп жүріп су ішерсің/.

2.Таза болса табиғат, аман болар адамзат (табиғат туралы өлеңдер оқу)

Табиғат байлықтарының ішіндегі ең керегі – ауа.

_____________________

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

_______________

Су деген – өмір көзі,

Тіршіліктің нәрі бұл.

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Болмас еді шөп – шалаң,

Болмас еді тірі жан.

Сол себепті балалар,

Ысырап қылмайық суды.

_____________

Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтайық.

Гүл өсіріп, су құйып,

Табиғатты қорғайық.

____________

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,

Сенсіз менің тарылады тынысым.

Биік - биік тауларыңа қарасам,

Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

___________

Сенсің менің тазалығым, тұнығым,

Сенсіз менің үзіледі үмітім,

Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,

Сен бар кезде құлшынамын өмірге.

____________

О, адамзат аялашы, қорғашы,

Өзің туып, өзің өскен ортаны.

Келе жатыр талай сәби өмірге,

Ең болмаса соның жайын ойлашы.

______________

Мен қазақпын жылқы мінез қайсарлы,

Жақсы, жаман айыратын байсалды.

Туған жерім, табиғатым деп бүгін,

Асау тайың бар әлемге жар салды.


«Мен қазақпын!» әні орындайтын Кеңесбек Әлихан


_____________

Ей, ағасы, іні менен бауырлар,

Мен айтатын сөздеріме құлақ сал,

Табиғат пен адам егіз емес пе,

Өкінерсің кетсе егер келмеске.






____________

Бар байлығым қоршап тұрған даламда,

Бау - бақшалы әсем гүлді қаламда.

Қолда барда алтыныңды қадір тұт,

Қолдан шығып кеткеннен соң қайғы жұт.

_____________

О, адамзат аман жүргің келсе егер,

Қарап тұрма несібең ғой қара жер.

Табиғаттың тазалығын сақтағын,

Азаматтық борышыңды ақтағын.

___________

О, табиғат, тіршілікке ұйық болған мекенім,

Құшағыңнан нәр алып мұратыма жетемін.

Алақанға аялаймын ұл-қызыңдай үйдегі,

Адамзаттық борышым қорғаушың боп өтемін.


Би: «Ата толғауы» орындайтын Кеңесбек Мерей

____________________________

Тал отырғыз, көгалдандыр еліңді,

Үлес қосып, нәр берсейші жеріңе.

"Мал қалғанша, тал қалсыншы" деген ғой

Соны түсін аманат бұл атадан.


_________________

Ата - баба елі үшін аттанған,

Сол кездерде бізге сеніп сақтаған.

Ұрпақтардан - ұрпақтарға мұра етіп,

Қазақ жерін қарашықтай сақтаған.

_______________


Ата - баба рухына бас иіп,

Сөз етемін, бақ табам.

Үміт артқан жас ұрпақтың өкілі,

Мен екенмін, бүгінгі күн мақтанам.

_______________

Жаса, жайна, уланбасын жер әлем,

Бастамашыл ағаларым көреген.

Туған жерім, табиғаты деп бүгін,

Мен інің - ем жолдарыңды демеген.

___________

Сеніміңді ақ жүрекпен ақтаймын,

Туған жерім, топырағын баптаймын.

Сеніміне ата - баба дақ салмай,

Табиғатты таза етіп, әлемімді сақтаймын.




________

Мен ұлыңмын аманатқа берікпін,

Бабалардан ұлылықты көріп шын.

Жар саламын бар әлемге айқайлап,

Туған жерім Қазақстан көріктім!

3.Табиғат - тіршілік иесі (жұмбақтар шешу)

1.Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

2. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (ауа)

3.Қараңғыда жымыңдайды, жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (жұлдыз)

4.Тереземіздің әйнегін жуады,

Бірақ сүртпейді. (жаңбыр)

5. Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Аспандағы көлеңке,

Жерге суын шашады. (бұлт)

4.Құстар-біздің досымыз (сөзжұмбақ шешу)

1.Жасыл орман желекті

Оның күтіп-баққаны

Тоқылдатса теректі-

Құртын қуып жатқаны (тоқылдақ)

2.Суда жұбын жазбайтын құс (аққу)

3.Ұшады қалықтайды,

Сайраудан бір жалықпайды. (бұлбұл)

4.Қыран құс (ителгі)

5.Құстың атымен аталатын қыз есімі (Қарлығаш)

6.Бантигі бар басында

Бір құс жүр үйдің қасында (тауық)

7.Сөйлей алатын ,қолға үйренген құс (тотықұс)



Ән «Туған жер» орындайтын Қайрат Қарақат











6.Қорытынды
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық! Сау болыңыздар!


Сөз директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары: Көбенбаева Сандуғаш Батықанқызына беріледі.


Келесі сөз кезегі бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі: Малжанова Шағала Бектұрғанқызына беріледі.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!