400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Жаратылыстану пәндерін үштілде оқыту жақсы ма, жаман ба?...

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәндерін үштілділікте оқытып жүрген мұғалімдерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Жаратылыстану пәндерін үштілде оқыту жақсы ма, жаман ба?...

Белгісіздік... Түсініксіздік...Қорқыныш...Алаңдаушылық...Үрей... Осыдан екі жыл бұрынғы басымдағы жағдай осындай еді. Белгісіздік , алдыда не күтіп тұрғанын білмей, көппен бірге көрерміз деп бірнеше айлық үштілділік курсқа аттандық. Түсініксіздік, үштілділіктің қажеті қанша, не үшін, маңызы қандай, тағы басқа сансыз сауалдарға жауап тапқанша. Қорқыныш, сонау 30 жыл бұрын мектепте оқып танысқан тілді осынша жыл өткенде қайтадан оқисың, онымен қоймай өз пәніңді сол тілде оқытасың дегенді естіп, тілді білмеу, қалай үйренем, қалай оқимын деген сезім. Осының бәрі бойыңда кәдімгідей үрей туғызып, ақыры үштілділік курсты оқытатын оқу орнына жеткенде тұла бойыңды жоғарыдағы сезімдерден құрылған үрей әбден билеп алған, көңілінде артында қалған отбасына және алдыңдағы белгісіз күндерге деген алаңдаушылығы бар үріккен қойдай боп жәудіреген мұғалімдер бәріне не болса да көндік деген оймен табалдырығын аттадық. Басқаны білмеймін өз басымда тура осы жағдай болды. Басымнан өткен сезімдер. Бұл ағылшын тілін мектепте оқыған, алфавитін білетін, санды ағылшынша санай алатын менің бойымдағы жағдай. Ал бұл тілді мүлдем бұрын оқып-білмеген мұғалімдердің жағдайы қалай болғанын тіпті сезіне алмаймын. Жоқ. Бұның бәрі қазір көрген түстей. Алдарындағы дірілдеп, қорқып отырған, тұла бойы толған комплекс біз сияқты мұғалімдерді (әрине, бүкіл мұғалім сондай болды деп айта алмаймын, өзім үшін ғана айтамын) тілге, оның біз білмейтін қыр-сырына, емле, ережелерін ерінбей-талмай үйреткен курстың тренерлеріне мың алғыс. Тілді таза меңгеріп кетпесек те бір саңылауымыз ашылды. Ең бастысы үштілділіктің қажеттілігін, заман талабы екенін түсінуіміз. Қазіргі таңдағы жаңартылған оқу мазмұнына сай жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту – CLIL бағдарламасының өмір қажеттілігінен туындағанын түсіндік. Жаратылыстану пәндерін, соның ішінде физика пәнінде терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде беру оқушылардың қызығушылығын туғызып қана қоймай, халықаралық байланысты кеңейтуге де үлесі зор. Көптеген терминдер үш тілде ұқсас болғандықтан, көп қиындық туғыза қоймады оқушыларға. Оларға бұл пәндерді ағылшын тілінде меңгеру әрі қызық, танымды, әрі пайдалы. Болашақтарына жол ашады, тіл білуге деген құштарлықтарын одан әрі арттыра түседі.Ағылшын тілі қазіргі заманда өте маңызды рөл алып отыр. Әрбір жас, болашақ маман өз білімін жетілдіру үшін тіл құзіреттілігіне ие болуы өте маңызды. Сондықтан да біз, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, негізгі тіл мамандарымен қатар оқушыларымызға тіл үйренуіне, халықаралық бәсекелестікке қабілетті бола білуіне септігімізді тигізе алсақ, ол біздің ең жақсы жетістігіміз деп ойлаймын.

Менің бұл ойымды жазу себебім, тілді жетік білмесем де, бойымдағы комплексті, қорқынышты жеңіп, алға қарай бір қадам бассам деймін. Өзім қатарлы ұстаздардың тәжірибелерімен танысып, үйренгім келеді.











Физика және математика пәнінің мұғалімі:

Мурзабекова Гулмира Загыперовна





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі