Материалдар / Эссе "Жарқын елдің шамшырағы-жас маман"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Жарқын елдің шамшырағы-жас маман"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманың болашағына бағыт бағдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2021
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жарқын елдің шамшырағы -жас маман»


«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» 

Бауыржан Момышұлы


Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға демекші. Менің ұстаздық кәсібін таңдаудағы басты мақсатым өскелең ұрпаққа, еліміздің ертеңі болар мемлекетіміздің атын әлемге әйгілі етер және елін жерін сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеу. Мен ұстаздық ете отырып көптеген ұлағатты ұстаздардан тәжірибе алмасамын. Ал басқа мұғалімдермен тәжірибе алмаса отырып, өз білімімді одан әрі жетілдіре түсемін. Біз өз жұмысымызға махабатпен қараған кезде, ол бізге сондай махабатпен жауап береді . Сондықтан да мен өз мамандығыма сүйіспеншілікпен қарап, үнемі ізденіс пен жаңашылдыққа бетбұрсам заман талабына сай өз ортама, еліме және қоғамға пайдам тиер болса , сонда ғана ол менің нағыз азаматтық борышым және тәуелсіз мемлекетімізге тигізген үлесім деп білемін. Қазіргі таңда жастарға елімізде сапалы білім мен жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеруге барлық жағдай жасалған. Жастар –жердің , елдің иесі, қазақ елінің тәуелсіздігінің биік тұғыры деп санаймын. Себебі әрбір жас ұрпақтың бойында өз еліне, жеріне деген бойында патриоттық сезімі болса, онда еліміз одан әрі кемелдене түспек . Кез келген ел өз болашағын өскелең жас ұрпақпен байланыстырады . Елбасымыздың «Болашаққа бағдар, «Рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей «Жарқын еліміздің шамшырағы -жас мамандарға» ең алдымен заман талабына сай бәсекелестік қабілеті, яғни жас мамандардың білім сапасы, зияткерлік қызметі мен еңбек ету саласындағы сапалы өнімі жоғары болуы тиіс. «Болашаққа бағдар, «Рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілгендей өскелең жастарымыздың бойына еліне, жеріне сүйіспеншілігін оятып, ұлттық және жеке байлықтарымызға немқұрайлы қарамай оларды ысырапшылық пен астамшылдыққа бармай, әр нәрсені ұтымды пайдалануы қажет. Қазіргі таңда жарқын еліміздің шамшырағы болар –біздей жас мамандарға болашаққа айқын бағдарлар керек. Тек қана жас мамандарға ғана емес, ұлтымыздың нақты мақсатқа жетуін көздейтін айқын бағдарлар мемлекетіміздің дамып алдыңғы қатарлы елдермен тереземіз тең болуында маңызы зор. Бәсекеге қабілетті білікті маман қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Мамандық таңдау – біздің өміріміздегі маңызды кезеңдердің бірі.

Мемлекеттің болашағы мен бақыты, ұлттың қасиеті мен намысы болған жалынды жастары бар ел жарқын келешекке қадам басары сөзсіз. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар –  болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

Бірнеше жылдар бойы осы жастарымыздың бойында ізгіліті қалыптастыру жолында дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздықты жаныма сері етіп, өндірістік оқу шебері болып келмін. Ұстаздық сынды ұлғатты істі рухы мықты, көңілі ояу, ұлтын сүйетін нағыз шеберлер ғана істей алады. Әлемнің екінші ұстазы Әл- Фараби бабамыз: «Адам да гүл сияқты жақсы күтіп, баптап тәрбиелемесе қурап қалады» - деген екен. Осы орайда қауызын жаңа жарған жасты жалынды, жігерлі жанға баулуда Жаңаөзен қызмет көрсету және технологиялар колледжі ұстаздарының еңбегі ерен екені анық.

Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Осы еңбек еткен жылдармда студентерім қалалық, облыстық, додаларда дарындылығымен даралап талай жеңісті қанжығасына байлады. Әрбір білім алушымның жеңісінің атында шығармашылық ізденіс пен үздіксіз білім алып жатыр.

Саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетіндей құдіреттісі болса, ол – ұстаз екені сөзсіз. «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмір алсам, ал, Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деген екен Александр Македонский. Ұлылардың ұрпағына үлі болар ұстаздық қызметімді мақтан тұтамын, әрі қалтқысыз қызмет етуді мақсат қыламын.



















Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі







Shape1

Тақырыбы: «Жарқын елдің шамшырағы-жас маман»










Дайындаған: Айтекенова С.Б













Жаңаөзен қаласы -2021оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!