400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Жастар:кеше,бүгін,ертең"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жлғары сынып оқушылары үшін кекрті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жастар:кеше-бүгін-ертең



Жастар кімге ерсе, болашақ сондай болады.

-Адольф Гитлер



Жастар деген кім өзі?Кешегі Жұмабаев кімге сенді? Менің түсінігімде , «жастар» деген тек жасы жас емес,көңілі мен жаны жас адамдар,заманында болған қиыншылықтарына қарамастан жүрегінде «ғажайыпқа» сенімін сақтап қалғандар.

Олай болса,жасы үлкендердің азы ғана «жас», ал менің достарымның нешеуі «жас»? Қызық... Кешегінің жастары қандай болды,бүгін қандай,ертең қандай болмақшы? Салыстырып көрейін десем,мен сол жастардың көзімен қарап,миымен ойланамын. Бәлкім,жасы үлкен кісілер менімен келiспес,сондада көрейік тырысып.







Ал,өткеннің жасы қандай болыпты екен? Соғыс пен қиыншылық көрді,адалдық пен шынайылықтың бағасын білді,ерте есейді.

Иә, біз бұлай өмір сүріп жатқан жоқпыз,бәрі қол жететіндей ,қиындықта аз қалағаныңа жетуге,жетелеп қинап жатқан ешкім жоқ, қолымызға қылыш алып жауға шауып, он үшімізде отау иесі атанып жатқан жоқпыз,күнімізді(өмірімізді де) қалай өткізсекте өз еркіміз. Рахат!Шынында рахат.

Алааайда,өткен ғасырдың көзін көрген кісілердің сөзі бізге ұнамайды. Олардың ойынша: «біздің кез»- мүлдем қайғысыз ,өмір жеңілдеген,ал біз қолынан түк келмейтін «жаратылыстаймыз» құдды бір.«Баяғының батыры», «біздің кезді айтсайшы», «сендерге бәрі оңай», «ата-бабаларыңдай болуға тырысыңдар» , «заман қайда барады». Осындайды естігенде олар бізге қызығып, қызғанып қарайтындай сезіледі. Есімде, 7ші сыныпта ағылшын тілінен беретін мұғаліміміз «Интернетпен аудармай,сөздікпен аударыңдар,естеріңде қалады. Біздің кезде мұндай мүмкіндік болмады,барлығын өзіміз істейтінбіз. Ештеңе де болған жоқ ,өстік,өндік» деп бірааз әңгіме айтқан. Сонда ойланбай айтып қалған сөзім бар: «сіздердің ол заманда өмір сүргендеріңізге біз кінәлі емеспіз», -деген.

«Жоқ,сіздер олай қателеспеңіздер,біздің заман сіздердікінен әлдеқайда қиын! Мынау тоқтамсыз ағыста бүтіндігіңді сақтап қалу,онымен қоса дамып, еліңнің дамуына үлес қосу, күніге жаңаланып жатқан жаһанға ілесіп, сансыз ілімнің ілегіне ілініп кетпей, өз тілің,дінің,тарихыңды мынау заманмен қатар алып жүру қиынырақ болып кетті.»,-дегім келеді. Сөзсіз келісемін, майдаланып барамыз, санқилы сұмдықтарды естиміз, мынау заманда терезенің ар жағында болып жатқан, ал заманды жасайтын біз.

Біздің уақыттың бізге жасаған ыңғайы бар, ал талабы одан да көп.

Жоғарыда жазылған себептерге төтеп бере алмаған,нәпсісін тыя алмағандықтан болып жатқан шығар енді мұның бәрі. Осылай болмас үшін жастарға дұрыс жол сілтейтін,ақылын айтып, ұлттық руханиятты дәріптейтін,тәрбие мен тағылымның керегін ұсынатын қария керек,міне әңгіменің төркіні қайда жатыр. Ал ол ақылдың озығын алып, ескіргенін тастайтын,жаңашылдықпен байланыстыра алатын «сана» деген фильтр бізде бар деп ойлаймын. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?!» деген сөз ғой тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.







Кешегі мен бүгінгі жастарды біршама салыстырдым, ертеңгі ше? Ертеңгі жас қандай болмақ? Білмеймін, бірдеңе деп айту қиын. Олар келем дегенше бізде бағанағы қарияның күйіне өтеміз, яғни, егер біз бүгін есті болсақ, ертең беделді қария боламыз, ұрпағымызға айтар өсиетіміз,берер дұрыс тәрбиеміз болады. Осы ғой «болашақ жастардың қолында» деген.





Қорытындылай келе мынаны айтқым келеді: «қай заманда болса да ,кімнің жастық шағы болса да,ол керемет кезең.»

Алпамыш Жания, 11 «Ә»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
4410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі