Материалдар / ЭССЕ жазу бойынша толық әдістемелік нұсқаулық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ жазу бойынша толық әдістемелік нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе мен шығарманың айырмашылығы Емтихан жұмысының сипаттамасы Емтиханда жазылатын эссе түрі Академиялық эссе Эссе құрылымы Әдеби-талдау эссе Эссені бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
209
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғы сөз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016
жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2016-2017
оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып
оқушыларын қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізілді. 11-сынып
оқушылары
үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу
міндеттелді. Эссе жазу мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа формат
болғандықтан, Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан көмекші құрал
ретінде әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Әдістемелік нұсқаулықта
эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның
шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілді. Сонымен қатар
эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері
ұсынылып, оларға талдау жасалды.
Эссе талаптары және бағалау критерийлері халықаралық
тәжірибелерге сүйене отырып, бірнеше дереккөздердегі мәліметтерді
қарастырып, сараптап, талдап ұйғарылған қорытынды шешім бойынша
құрастырылды.
Әдістемелік
нұсқаулық
жалпы
білім
беретін
мектеп
мұғалімдеріне, оқушыларға арналады.

Эссе мен шығарманың айырмашылығы
Мектеп бағдарламасына сәйкес
оқушылар әдебиет пәні
бойынша шығарма жазуға дағдыланған, ұсынылған тақырыптарды
таңдау, оларға жоспар құру, шығарма жазу барысында жоспарды
негізге ала отырып, одан ауытқымау сияқты талаптарды игерген.
Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттаудағы өзгеріске
байланысты олардың эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін
түсініп, бір-бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды қажеттілік.
Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы
болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен
шығармалар да ортақ. Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам,
халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жанды
байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр,
олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен,
мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әр түрлі.
Осыларды ескере отырып, оқушылардың назарына екі әдеби жанрдың
өзіндік ерекшеліктері көрсетілген төмендегі кесте ұсынылып отыр. Бұл
кестеде эссе мен шығарманың анықтамасы, құрылымы, мақсаты,
оларды жазуға қойылатын талаптар дараланып көрсетіліп, қазақ тілінің
бай сөздік қорын тиісінше дұрыс қолдана білу туралы нақты
мәліметтер берілген.
3

Анықтамасы

Эссе
Эссе дегеніміз (фр. тіл.
Essai –тәжірбие, лат.т. exagium
– құрау) – философиялық, әдеби,
тарихи,
публицистикалық,
әлеуметтану, саяси және тағы
басқа саладағы ғылыми емес,
автордың
жеке
көзқарасын
білдіретін прозалық мәтін.
Эссе жазылу мақсатына қарай
оған қойылатын талаптар да
әртүрлі болады. Эссе жазушы
мақсатқа сәйкес эссе түрінің
талаптарын
сақтап
отырып
жазады.
Эссенің қатаң түрде жоспарға
негізделуі міндетті емес.
Эссе жеке көзқарас, сараптама,
дәлелдемелерге негізделеді.
Эссенің
мақсаты

эссе
жазушының өзіндік көзқарасын,
сыни ойын жетілдіру, ұстанымын
дәлелді бекіту үшін жан-жақты
білім алып, ақпараттық қарулану,
тақырыпты ашуда метатанымдық
білігін
тиімді
қолдану,
шығармашылық
қабілетін
шыңдау, ой жүйелілігін реттеу,
жазу түрлеріне қарай жазу
тәсілдерін таңдай біліп, эссе
түріне қарай жазу стилін сақтау,
ой
жүйесінің
бірізділігін
сақтаудағы сөз оралымдарын
тиімді қолдану, шығармашылық
жазбаларда
сөздік
қорының
байлығын
дамыту,
талдау
жұмыстарында қажетті термин
сөздерді тиімді қолдану.

4

Шығарма
Шығарма – оқушының туған
халқының әдебиетінен алған
білімін
өз
ойымен,
дүниетанымдық көзқарасымен
еркін
ұштастыра
отырып
баяндайтын
шығармашылық
төл еңбегі.
Шығарма – берілген белгілі бір
тақырып бойынша жазылатын,
міндетті құрылымнан тұратын,
пәндік
білімге
бағытталған
шығармашылық жұмыс.
Шығармада жоспарды жазу
міндетті.
Шығарма
көбінесе
көркем
мәтінді талдауға негізделеді.
Шығарманың
мақсаты

жазылым
тілін, логикалық
ойлауды дамыту.
Шығармашылық
қиялды,
нақты нәрсені еркін, қызықты
түрде беру, әдебиетті іштей
түсіне отырып, оның мәні мен
тиісті орнын өз танымымен
көркемдеп бере алу.

Емтихан жұмысының сипаттамасы
Жазбаша емтихан жұмысы – эссе.
Уақыты: 3 сағат (180 минут).
Оқушылар берілген тақырыптардың ішінен біреуін таңдайды.
Жазылған эссе жұмысы жалпы 20 балмен бағаланады. Оқушылар
өздері таңдаған тақырып бойынша эссе көлемі 200 – 250 сөз болса,
қазақ әдебиетінен тереңдетілген сыныптарда 250 – 300
сөзден
тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады.
Шимай парақты оқушы жұмыспен бірге тапсырады, бірақ
тексерілмейді.
Емтихан
уақытында
әдебиет
хрестоматиясы,
тақырыпқа қатысты көркем әдебиеттер, мақал-мәтел, қанатты сөздер
кітаптары аудиторияға қойылады.

Емтиханда жазылатын эссе түрі
Академиялық эссе
Қорытынды аттестаттау емтихан болғандықтан, жазба жұмысы
Академиялық эссе түрі бойынша жазылады. Академиялық эссе ұзақ
және қысқа мерзімді қамтиды.
Зерттеу жұмыстарына ұзақ мерзімді академиялық эссе тән.
Ұзақ мерзімді академиялық эссеге кеңейтілген эссе түрі жатады.
Оқушы қызығушылығымен таңдап алған тақырыбына зерттеу
жүргізеді. Зерттеу 1- 1,5 жыл мөлшерін қамтуы мүмкін.
Қысқа мерзімді академиялық эссе білім алушының оқыған,
талдаған, сараптаған білімін бағалау үшін беріледі. Қысқа мерзімді
академиялық эссе емтиханға бөлінген уақытта орындалады.
Академиялық эссе кез келген пәндер: жаратылыс, гуманитарлық, тіл,
әдебиет бойынша жазылады. Әр пән функционалдық міндетіне сәйкес
білім алушының білім нәтижесін бағалауға бағыттайды. Ана тілі мен
әдебиеті пәндерінің қорытынды аттестаттау емтиханында әдеби эссе
жазады.
Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу
мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдебисинтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе,
әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әр
түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау
жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор
бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады.
Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін
талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып,
қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе өз ұстанымын көрсете
отырып,
аргументтер
арқылы
дәлелдеп
жазады.
Әдебисалыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол
5

туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаны салыстыра отырып, талдап
жазады. Әдеби-шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны
өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп
немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін
баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.
Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар.
Мақсат,
жазылу
ерекшеліктері
эссе
тақырыптары
арқылы
айқындалады. Мысалы:

«Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және
қатыгез эмоцияларды автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін
талдап жаз». Әдеби-талдау эссе автордың тосын және қатыгез
эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап
жазылады.

«Мұхтар Әуезов «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез
эмоцияларды оқырманына қаншалықты әсерлі жеткізе алды?»
Әдеби-сыни эссе автордың тіл шеберлігіне сыни бағасын бере отырып
жазылады.

«Тосын және қатыгез эмоциялардың М.Әуезовтің «Көксерек»
повесі және әлемдік әдеби туындылардағы көрінісі». Әдеби-синтез
эсседе бірнеше туындылардағы тосын және қатыгез эмоциялардың
берілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады, көзқарасы
тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргізеді.

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез
эмоциялар оқырман психологиясына кері әсер ете ме? Әдебидәлелдеме эсседе білім алушы өз позициясын /ұстанымын/ танытады.
Позициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент
келтіруде Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесімен ғана шектелмей,
неғұрлым өзге дереккөздерден аргументтер келтірген сайын, соғұрлым
эссе бағасы жоғарылайды.
 «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі Құрмашсың. Жоғалып
кеткен Көксеректі күтпеген сәтте кездестірдің. Көксерек саған
қарсы шауып, сен жараландың. Осы сәттегі сезіміңді сипаттап жаз.
Әдеби-шығармашылық эссе жазуда Құрмаш рөліне енеді, сезімін, жайкүйін сипаттап жазады.

6

7

Әдеби-талдау эссе
Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі
автордың батыр мінезін танытуын талдап жазыңыз.
Батыр – ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын, жауға тік
келетін айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі
жағдаят үстінде танылады. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі
кейіпкер – Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы.
Әзілхан Нұршайықов туындыда аты аңызға айналған батырды
оқырманына барынша жеткізуге тырысқан. Оны қан майдандағы батыр
ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.
Роман-диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән
мінезімен көрінеді. Оны автор Серебряковтың Жоғарғы Президиумға
жазған хатындағы: «...ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді
шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге
көремін», - деп, ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты», - деген
жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында жігерін
қайрай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр
жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді. Мұндай батырларды қазақ
халқында қара батыр деп атайды. Батырға тән қасиет алып қара күш
иесі және қорықпайтын жаужүрек болумен ғана шектелмейді. Сонымен
бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән.
Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Бауыржан
Момышұлын кемеңгерлігімен танытады. Автордың «...не бары жаудың
екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы
екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? ... сегіз фашисті
өлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың.
Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!» - деген сөзі арқылы
жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, кеңпейілдігін көрсетті.
Батыр Бауыржан: «Сенің мұның менің батырлығымның қасында түк
емес» - деген сияқты менмендік танытпай, өзі сияқты соғыс
жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті,
«Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп
ойламаушы едім» - деп қанаттанып қалды. Мұндай даналық
батырлықпен пара-пар.
Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың
әр сөзі, әрекеті – оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, отан,
туған жер, абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл
роман-диалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне
аударылып, жалпыадамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің көркем
құралы ретінде таратылуы керек.

8

Әдеби-талдау эссеге құрылымдық талдау
КІРІСПЕ
Тақырыпты түсіну сөйлемі:
Батыр - ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын, жауға тік
келетін айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі
жағдаят үстінде танылады.
Бұл сөйлемде эссе жазушы эссенің тақырыбына орай, эсседе
талданатын мәселе туралы түсінік беріп тұр. Тақырып батыр,
батырға тән мінезді талдауды сұрап тұр.
Тақырыптың өзектілігі:
«Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі кейіпкер Ұлы Отан соғысының
батыры – Бауыржан Момышұлы. Әзілхан Нұршайықов туындыда аты
аңызға айналған батырды оқырманына барынша жеткізуге тырысқан.
Тақырыптың өзектілігі эссе жазуға себеп болған жайдан хабардар
етеді. Өзекті мәселе – автордың батыр мінезін таныта білуі.
Тезис:
Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары
тұрғысынан да таныта білген.
Эссе тақырыбынан тезис қойылады. Тақырып батыр мінезін автордың
жеткізуін сұрап тұр. Сондықтан тезис те автордың Бауыржан
Момышұлының батырға тән мінезін ашуын талдауға байланысты
қойылған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 – абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Роман-диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән
мінезімен көрінеді.
Тезис Бауыржан Момышұлының батырға тән мінезін ашуын
талдауға байланысты қойылды. Соған қатысты тезистегі негізгі ойды
қолдайтын пікір білдірілді. Пікір «қара батырға тән мінезімен
көрінеді».
Аргументке дейінгі баяндау (уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар т.б.)
Оны автор Серебряковтың Жоғарғы Президиумға жазған
хатындағы:
Әдеби эссенің ерекшелігіне қарай аргумент келтіргенге дейін сол
сөздің болған уақыты, мекені, жағдай, кімдердің бұл сөзге қатысы бар
екендігі туралы қысқаша баяндайды.
Аргумент
«...ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді шегінерлік жер
жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге көремін»,- деп
ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты»
9

Бауыржан Момышұлының батырға тән мінезін танытатын
хаттағы сөйлем аргумент ретінде алынған.
Талдау(анализ)
- деген жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының
бойында жігерін қайрай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол
ауыр жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді.
Аргументтен кейін автордың оқырманға танытып тұрған батыр
мінезіне талдау жасайды.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Мұндай батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды.
Абзацта айтылған пікір, аргумент, анализдерден кейін абзацты
қорытындылап, жинақтап, бекітетін сөйлем.
Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацқа өтуші сөйлем
(қажет болғанда)
Батырға тән қасиет алып қара күш иесі және қорықпайтын жаужүрек
болумен ғана шектелмейді.
Бұл сөйлем эсседегі ой бірізділігін сақтау қажет болған жағдайда ғана
жазылады. Осы сөйлем келесі абзацтың не туралы болатынына
сілтеме беріп тұр.
2 – абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Сонымен бірге,
(сөз оралымы) адам бойындағы жақсы
қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде
автор туындыда Бауыржан Момышұлын кемеңгерлігімен танытады.
Аргумент
Автордың «...не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен
сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе
екен!? ... сегіз фашисті өлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан
аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!»
Талдау(анализ)
- деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін,
кеңпейілдігін көрсетті. Батыр Бауыржан: «Сенің мұның менің
батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік
танытпай, өзі сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей
білді. Автор, тіпті, «Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек
сіңірдім деп ойламаушы едім» - деп қанаттанып қалды.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Мұндай даналық батырлықпен пара-пар.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың
әр сөзі, әрекеті – оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, Отан,
туған жер, абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл
10

роман-диалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне
аударылып, жалпыадамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің көркем
құралы ретінде таратылуы керек.
Әдеби-талдау эсседе тезиске оралу міндетті емес. Қозғалған
тақырыптың маңыздылығы туралы жазып, өз көзқарасын қысқаша
жеткізіп, аяқтайды.

Әдеби-дәлелдеме эссе
... Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп,
Мені қаған етіп отырғызған еді.
Ең болмаса бай халыққа отырмадым.
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым.
... Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым...
«Күлтегін» жырындағы осы жолдардың қазіргі Қазақстанмен
байланысы бар ма?
Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас
қолбасшысы, «көк түріктің көк семесері» атанған атақты батыры.
«Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен
жылдарындағы мемлекет жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады.
Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға
болады, яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш
президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.
Біріншіден, Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс
атқарған. Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың
тұрмысы мүшкіл еді. «Күлтегін» жырында:
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, - десе, «Егемен Қазақстан»
газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың
барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. ...Осының
барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүру деңгейі
11

күрт төмендеп кетуіне алып келді», - деген тарихи естелік – осы
күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының осындай хал-ахуалын
көтеруге күш салды. Жырдағы:
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта
елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары,
стратегиялық жоспарлары еліміздің өмір сүру деңгейі минимумынан
төмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың
әлеуметтік жағдайын көтеруімен байланысы бар. Осылайша қаған мен
президент ең бірінші халқының тоқтығын қамдаған.
Екіншіден, ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын
көтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады. Жырдағы
«Тату елге жақсылық қылдым, - деген жолдардан Күлтегін қағанның
көршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы көрінеді. Сол
сияқты Елбасының дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама
көтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер,
халықаралық іс-шаралар әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді
ұстанғанын көрсетеді. Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен
ұқсас.
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған
басшылар идеясында өзара ортақтастық бар. Олардың мақсаты халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт өмір сүруін қамтамасыз
ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең өмір сүру. Күлтегін
қаған мен президент Н.Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері
өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.

Әдеби-дәлелдеме эссеге құрылымдық талдау
КІРІСПЕ
Тақырыпты түсіну сөйлемі:
Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк
түріктің көк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында
оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет
жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға
болады,
Тезис:
яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш
президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.
БӨЛІМ НЕГІЗГІ
1 - абзац
Тезисті қолдаушы пікір
12

Біріншіден,
(сөз оралымы) Н. Назарбаев та Күлтегін қаған
сияқты елінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар
жұмыс атқарған.
Аргументке дейінгі баяндау (уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар
т.б.)
Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы
мүшкіл еді.
Аргумент
1.
«Күлтегін» жырында:
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, - десе, «Егемен Қазақстан»
газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың
барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. ...Осының
барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүру деңгейі
күрт төмендеп кетуіне алып келді»,
2.
Жырдағы:
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта
елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары,
стратегиялық жоспарлары (аргументтер)
Талдау (анализ)
1.
- деген тарихи естелік - осы күндердің айғағы. Екеуі де азат
халқының хал-ахуалын көтеруге күш салды.
2. еліміздің өмір сүру деңгейі минимумынан төмен табысы бар
азаматтардың санының азайып, халықтың әлеуметтік жағдайын
көтеруімен байланысы бар.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Осылайша қаған мен президент, ең бірінші, халқының тоқтығын
қамдаған.
2-абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Екіншіден,
(сөз оралымы) ел басқарушылар халқының тұрмыс
жағдайын көтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады.
Аргумент
1. Жырдағы «Тату елге жақсылық қылдым,
2. дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама көтеруі, елімізде
болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер, халықаралық іс-шаралар
Талдау (анализ)
1. деген жолдардан Күлтегін қағанның көршілес елдермен жақсы
қатынас орната алғандығы көрінеді.
2. әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді ұстанғандығын көрсетеді.
13

Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен ұқсас және басқаларға
үлгі бола алады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған басшылар
идеясында өзара ортақтастық бар
(тезиске оралу).
Олардың мақсаты - халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт өмір
сүруін қамтамасыз ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең
өмір сүру
(негізгі бөлім абзацтарының түйіні)
Эссені қорытындылаушы сөйлем
Күлтегін қаған мен президент Н.Назарбаевтың ел басқарудағы
мүдделері өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.
Эссені бағалау
Бағалау әдеби эссе түрлерінің барлығын қамтиды, бірақ эссе
түріне қарай бағалау критерийінің ішінен сол эссе түріне сәйкесі
бойынша ғана бағаланады.
Балл


9-10









Сыни ой /Анализ/
Тіл сауаттылығы
тақырыпты өте жақсы
 эссе тақырыбына сәйкес
түсінгенін көрсетеді;
жазу стилін (баяндау,
тақырыптан еш ауытқымайды;
дәлелдеу, сипаттау) өте
жақсы таңдайды;
тезисті(ұстаным, негізгі идея)
тақырыпқа сәйкес өте жақсы  стильге қатысты сөздерді
қояды;
өте тиімді пайдаланады;
тезиске қатысты өте жақсы
 ойдың логикалық бірізділігін
пікір білдіреді (сыни ой,
сақтау үшін сөз
көзқарас);
оралымдарын (шылау,
қыстырма сөздер) өте
сыни пікіріне өте жақсы
жақсы таңдайды;
нақты дәлелдер (аргументтер)
келтіреді;
 тілдің бай сөздік қорын дәл,
орынды, өте тиімді
анализ жасау үшін алған
қолданады;
дәлелдерді, автор қолданған
тәсілдерді өте жақсы
 оқырманға ерекше әсер
талдайды;
беру мақсатында
қолданылатын көркем тіл
әдеби терминдерді,
құралдарын өте орынды
деректерді өте орынды
қолданады;
қолданады;
әдеби шығармаға өте жақсы
сыни сараптама жасайды;
Грамматикалық сауаттылық:
ойдың логикалық бірізділігін
3 қатеге дейін
өте жақсы сақтайды;
өз талдауының, сараптауының
14



7-8










5-6





түйінін өте жақсы
қорытындылап, шешім
ұсынады.
тақырыпты жақсы түсінгенін
 эссе тақырыбына сәйкес
көрсетеді, тақырыптан
жазу стилін (баяндау,
ауытқымайды;
дәлелдеу, сипаттау)
жақсы таңдайды;
тезисті (ұстаным, негізгі идея)
тақырыпқа сәйкес жақсы
 стильге қатысты сөздерді
қояды;
тиімді пайдаланады;
тезиске қатысты жақсы пікір
 ойдың логикалық бірізділігін
білдіреді(сыни ой, көзқарас);
сақтау үшін сөз
оралымдарын (шылау,
сыни пікіріне нақты
қыстырма сөздер) жақсы
дәлелдерді (аргументтер)
таңдайды;
жақсы келтіреді;
 тілдің бай сөздік қорын дәл,
анализ жасау үшін алған
орынды, тиімді
дәлелдерді, автор қолданған
қолданады;
тәсілдерді жақсы талдайды;
 оқырманға ерекше әсер
әдеби терминдерді,
беру мақсатында
деректерді орынды
қолданылатын көркем тіл
қолданады;
құралдарын орынды
әдеби шығармаға сыни
қолдануға тырысады.
сараптаманы жақсы жасайды;
ойдың логикалық бірізділігін
Грамматикалық сауаттылық:
жақсы сақтайды;
өз талдауының, сараптауының 7 қатеге дейін
түйінін жақсы қорытындылап,
шешім ұсынады.
тақырыпты
 эссе тақырыбына сәйкес
қанағаттанарлық деңгейде
жазу стилін(баяндау,
түсінгенін көрсетеді,
дәлелдеу, сипаттау)
тақырыптан біршама
қанағаттанарлық
деңгейде ауытқиды;
деңгейде таңдайды;
тезисті(ұстаным, негізгі идея)
 стильге қатысты сөздерді
тақырыпқа сәйкес қоюы әлсіз;
біршама тиімді
пайдаланады;
тезиске қатысты білдірген
пікірі (сыни ой, көзқарас)
 қолданған сөз оралымдары
әлсіз;
(шылау, қыстырма сөздер)
ойдың логикалық бірізділігін
сыни пікіріне анализ жасау
жеткізуге сәйкестілігі
үшін алған дәлелдері
біршама деңгейде;
(аргументтер) жеткіліксіз;
 тілдің бай сөздік қорын
автор қолданған тәсілдерді,
біршама дәлдікпен,
әдеби терминдерді,
орынды қолданады;
деректерді қолдануы өте аз;
15

3-4

 әдеби шығармаға
қанағаттанарлық деңгейде
сыни сараптама жасайды;
 ойдың логикалық бірізділігін
қанағаттанарлық деңгейде
сақтайды;
 өз талдауының, сараптауының
түйінін қанағаттанарлық
деңгейде қорытындылап,
шешім ұсынады.
 тақырыпты шектеулі
деңгейде түсінгенін көрсетеді,
тақырыптан шектеулі
деңгейде ауытқымайды;
 тезисті (ұстаным, негізгі идея)
тақырыпқа шектеулі
деңгейде сәйкес қояды
 тезиске қатысты шектеулі
деңгейде пікір білдіреді (сыни
ой, көзқарас) ;
 сыни пікіріне шектеулі
деңгейде дәлелдер
(аргументтер) келтіреді;
 анализ жасау үшін алған
дәлелдерді, автор қолданған
тәсілдерді шектеулі
деңгейде талдайды;
 әдеби терминдерді,
деректерді шектеулі
деңгейде орынды
қолданады;
 әдеби шығармаға шектеулі
деңгейде сыни сараптама
жасайды;
 ойдың логикалық бірізділігін
шектеулі деңгейде
сақтайды;
 өз талдауының, сараптауының
түйінін шектеулі деңгейде
қорытындылап, шешім
ұсынады.
 тақырыпты түсінуде біршама
ауытқығанын көрсетеді;
16

 оқырманға ерекше әсер
беру мақсатында
қолданылатын көркем тіл
құралдары жеткіліксіз.
Грамматикалық сауаттылық:
10 қатеге дейін

 эссе тақырыбына сәйкес
жазу стилін (баяндау,
дәлелдеу, сипаттау)
шектеулі деңгейде
таңдайды;
 стильге қатысты сөздерді
шектеулі деңгейде
пайдаланады;
 ойдың логикалық бірізділігін
сақтау үшін сөз
оралымдарын (шылау,
қыстырма сөздер)
шектеулі деңгейде
таңдайды;
 тілдің бай сөздік қорын
шектеулі деңгейде ғана
қолданады;
 оқырманға ерекше әсер
беру мақсатында
қолданылатын көркем тіл
құралдарын шектеулі
деңгейде қолданады.

Грамматикалық сауаттылық:
13 қатеге дейін

 эссе тақырыбына сәйкес
жазу стилін (баяндау,
дәлелдеу, сипаттау)

1-2

0

 тезис (ұстаным, негізгі идея)
тақырыпқа сәйкес емес;
 тезиске қатысты тақырыпқа
сәйкес келмейтін пікір
білдіреді (сыни ой, көзқарас);
 сыни пікіріне келтірілген
дәлелдер (аргументтер)
шектеулі деңгейде;
 анализ жасау үшін алған
дәлелдерді, автор қолданған
тәсілдерді талдауы шектеулі
деңгейде;
 әдеби терминдерді,
деректерді шектеулі
деңгейде қолданады;
 әдеби шығармаға жасалған
сыни сараптамасы шектеулі
деңгейде;
 ойдың логикалық бірізділігін
де шектеулі деңгейде
сақтайды;
 өз талдауының, сараптауының
түйінін қорытындылап, шешім
ұсынуы шектеулі деңгейде;
 тақырыпты түсінуде
ауытқығанын көрсетеді;
 тезисті (ұстаным, негізгі идея)
тақырыпқа сәйкес қоя
алмайды;
 тезиске қатысты тақырыпқа
сәйкес келетін пікір (сыни ой,
көзқарас) білдіре алмайды;
 сыни пікіріне дәлелдер
(аргументтер) келтіре алу
деңгейі өте шектеулі;
 анализ жасау үшін алған
дәлелдерді, автор қолданған
тәсілдерді шектеулі
деңгейде де талдай алмайды;
 әдеби терминдерді,
деректерді шектеулі
деңгейде де қолдана
алмайды;
17







шектеулі деңгейде
талдайды;
стильге қатысты сөздерді
шектеулі деңгейде
қолданады;
ойдың логикалық бірізділігін
сақтау үшін сөз
оралымдарын (шылау,
қыстырма сөздер)
шектеулі деңгейде
таңдайды;
тілдің сөздік қорын
шектеулі деңгейде
қолданады;
оқырманға ерекше әсер
беру мақсатында
қолданылатын көркем тіл
құралдарын шектеулі
деңгейде қолданады;

Грамматикалық сауаттылық:
13 қатеден көп
 эссе тақырыбына сәйкес
жазу стилін (баяндау,
дәлелдеу, сипаттау)
шектеулі деңгейде де
таңдай алмайды;
 стильге қатысты сөздерді
шектеулі деңгейде ғана
пайдаланады;
 ойдың логикалық бірізділігін
сақтау үшін сөз
оралымдарын (шылау,
қыстырма сөздер)
шектеулі деңгейде де
таңдай алмайды;
 тілдің бай сөздік қорын
шектеулі деңгейде ғана
қолданады;
 оқырманға ерекше әсер
беру мақсатымен көркем тіл
құралдарын шектеулі

деңгейде де қолдана
 әдеби шығармаға шектеулі
алмаған;
деңгейде де сыни сараптама
жасай алмайды;
 ойдың логикалық бірізділігін
Грамматикалық сауаттылық:
шектеулі деңгейде де
13 қатеден көп
сақтай алмайды;
 өз талдауының, сараптауының
түйінін шектеулі деңгейде
де қорытындылап, шешім
ұсына алмайды.
Әдебиет:
Сыни ой
/Анализ/

Балл
9-10
7-8
4-6
0-3

Баға
5
4
3
2

Қазақ тілі:
Тіл сауаттылығы

Балл
9-10
7-8
4-6
0-3

Баға
5
4
3
2

Сыни ой /Анализ/
Оқушының эссе тақырыбын түсініп, тақырыпқа қатысты сыни ой
білдіруі, оны нақты аргументтермен дәлелдей білуі бағаланады. Эссе
барысында оқушы тақырыптан ауытқымауы керек. Сыни ой,
талдаулары тезистегі негізгі идеяға, ұстанымға сәйкес болуы қажет.
Анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді
түсініп талдай отырып, әдеби шығармаға сыни сараптама жасай білу
дағдысы ескеріледі. Негізгі идеяға сәйкес ойдың логикалық бірізділігін
сақтайды. Эссе бойынша өз талдауының, сараптауының түйінін
қорытындылап, шешім ұсынады.
Тіл сауаттылығы
Эссе тақырыбына сәйкес жазу стилін (баяндау, дәлелдеу,
сипаттау) таңдай білуі бағаланады. Стильге қатысты сөздерді, ойдың
логикалық бірізділігін сақтау үшін қолданылатын сөз оралымдарын
(шылау, қыстырма сөздер) орынды қолдануы қажет. Тілдің бай сөздік
қорын дәл, орынды, нақты қолдана білуі керек. Оқырманға ерекше
әсер беру мақсатында көркем тіл құралдарын қолдануы керек.
Грамматикалық жағынан сауатты жазуы қажет.

18

11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе
жазу емтиханында мектеп бағдарламасы бойынша таңдалған
авторлар мен олардың шығармалары
Эссе тақырыптары мектеп бағдарламаларына сәйкес 10-11сыныптардағы қазақ әдебиеті пәнінің қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математика бағыттарына арналған оқулық пен
хрестоматияға енген авторлар мен олардың шығармалары бойынша
дайындалды.
Оқу-әдістемелік құралда:
1) 11-сынып оқушылары 5-9-сыныптардағы әдебиет пәні бойынша
негізгі мектепті бітіру емтиханын тапсырғандары ескерілді;
2) 10,11-сыныптардағы әдебиет пәні қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математика
бағыттарына
бөлінетіндігі
назарға
алынды;
3) Мектеп бағдарламасы бойынша 10,11-сыныптардағы әдебиет пәні
қоғамдық-гуманитарлық
және
жаратылыстану-математика
бағыттарына арналған оқулық пен хрестоматияда екі бағытқа да
ортақ енгізілген авторлар мен олардың шығармалары ғана
қамтылды.

Эссе жазуға дайындық үшін ұсынылатын шығармалар
10-сынып бойынша:
Авторлары:
Оқулық, Қазақ әдебиеті оқулығы, 10-сынып, ҚҒБ, С.Қирабаев, Ұ.Асыл,
К.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әрінова, «Мектеп» баспасы, 2014 жыл.
Хрестоматия, З.Ахметов, Ұ.Асыл, «Мектеп» баспасы, 2014 жыл.
Оқулық, Қазақ әдебиеті оқулығы, 10-сынып, ЖМБ, Қ.Алпысбаев,
Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова, «Мектеп» баспасы, 2014 жыл.
Хрестоматия, Қ.Алпысбаев, Ж.Сәметова, А.Далабаева, «Мектеп»
баспасы, 2014 жыл.
1. Махамбет Өтемісұлы, «Қара нар керек бұл іске», «Қызғыш құс»,
«Еңселігім екі елі» өлеңдері.
2. Дулат Бабатайұлы, «Еспембет» поэмасы.
3. Шортанбай Қанайұлы, «Зар заман» өлеңі.
4. Сүйінбай Аронұлы, «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»
5. Қашаған Күржіманұлы, «Есқали сұпыға айтқаны», «Байларға»,
«Оразалыға» өлеңдері.
6. Мұрат Мөңкеұлы, «Қыз» өлеңі.
7. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы»
өлеңдері.
19

8. Ыбырай Алтынсарин, «Атымтай Жомарт» («Жомарт») әңгімесі.
9. А.Құнанбаев, «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңі,
19-қарасөзі, «Ескендір» поэмасы.
10. Шәкәрім Құдайбердиев, «Еңлік-Кебек» поэмасы.
11. Жаяу Мұса, «Ақ сиса» өлеңі.
12. Мұхит Мералыұлы, «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдері
13. Үкілі Ыбырай, «Қалдырған» өлеңі.
14. Балуан Шолақ, «Ғалия» өлеңі.
15. Мәди Бәпиұлы, «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері.
16. Біржан сал, «Ләйлім шырақ», «Теміртас» өлеңдері.
17. Ақан сері, «Асыл мен Жасық», «Жақсы мен Жаман», «Құлагер»
18. Әсет Найманбайұлы, «Салиха-Сәмен» поэмасы.
11-сынып бойынша:
Авторлар:
Оқулық, Қазақ әдебиеті оқулығы, 11-сынып, ҚГБ, З.Қабдолов,
С.Қирабаев, Х.Әдібаев, Б.Ыбырайым,
Ұлықман Асыл, «Мектеп»
баспасы, 2015 жыл.
Хрестоматия, Ұлықман Асыл, «Мектеп» баспасы, 2015 жыл.
Оқулық, Қазақ әдебиеті оқулығы, 11-сынып, ЖМБ, Р.Бердібай,
Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым, Ж.Дәдебаев, Қ.Мәдібай, «Мектеп» баспасы,
2015 жыл.
Хрестоматия, Б.Ыбырайым, Р.Бердібай, Р.Нұрғали. «Мектеп»
баспасы, 2015 жыл.
1.Ахмет Байтұрсынов, «Қазақ салты» өлеңі.
2.М.Дулатов, «Бақытсыз Жамал» романы.
3.М.Жұмабаев, «Толқын» өлеңі, «Қойлыбайдың қобызы» дастаны.
4.Ж.Аймауытов, «Ақбілек» романы.
5.С.Сейфуллин, «Сыр сандық» өлеңі.
6.І.Жансүгіров, «Құлагер» поэмасы.
7.М.Әуезов, «Абай жолы» романы.
8.М.Әуезов, «Еңлік-Кебек» драмасы.
9.С.Мұқанов, «Сұлушаш» поэмасы.
10.Қ.Аманжолов, «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.
11.Ж.Молдағалиев, «Мен - қазақпын» поэмасы.
12.С.Мәуленов, «Құлын», «Түбірлер» өлеңдері.
13.Т.Ахтанов, «Шырағың сөнбесін» романы.
14.Ә.Нұршайықов, «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі.
15.М.Мақатаев, «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі, «Дариға-жүрек»
поэмасы.
16.М.Шаханов, «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі.
17.С.Жүнісов, «Заманай мен Аманай» повесі.
20

18.Қадыр Мырза Әли, «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі.
19.Қ.Жұмаділов, «Тағдыр» романы.
Оқу-әдістемелік құрал жазуда пайдаланылған дереккөздер:
 «CLRC Writing Center»
(http://www.udc.edu/docs/asc/Outline_Structure_for_Literary_Analysi
s_Essay_HATMAT.pdf);
 http://www.cie.org.uk/programmes-and-qualifications/cambridgeinternational-as-and-a-level-english-literature-9695/past-papers/
 http://www.bucks.edu/media/bcccmedialibrary/pdf/
 Cambridge International Examinations is part of the Cambridge
Assessment Group. Cambridge Assessment is the brand name of
University of Cambridge Local Examinations Syndicate (UCLES),
which is itself a department of the University of Cambridge.
 http://www.tacomacc.edu/academics/studentlearningcenters/writingtu
toringcenter/
 https://k5unitsofwriting.wikispaces.com/file/view/Grade+5+A+Literary+Essay+
based+on+Eleven+by+Sandra+Cisneros.pdf
 https://www.teacherspayteachers.com/FreeDownload/Essay-Rubric091790000-1376770082
Тағы басқа көптеген қайнаркөздердегі мәліметтер оқылып, талданып,
сарапталды.

21
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!