Материалдар / Эссе жазу үлгісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе жазу үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял жоғарғы сынып оқушыларының эссе жау дағдыларын қалыптастыруда тиер көмегі зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
23818
28 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе жазу үлгісі

Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге … кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.

Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;

Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл – метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар).

Кез келген эссенің мазмұны мен сапасы төмендегілерге байланысты болмақ: оқыған әдебиет бойынша конспект, дәрістер, пікірсайыс материалдары, автордың осы мәселеге байланысты көзқарасы мен өмірден жинақтаған тәжірибесі.

Бар материалды өңдеу (жүйелеу, дәлелдеу).

Дәйектеу (бар материалдың эссе тақырыбына сәйкес келуі).

Эссе жазу үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болады: проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру – түзеу.

 

Эссе жазуда практикалық қадамдар:

1 - қадам. Контексті анықтаңыз.

Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы – эссенің негізгі ойы.

2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз.

Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.


 

3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.

4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз.

Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.

5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.



6 - қадам. Қорытынды жазыңыз.

Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?

7 - қадам. Кіріспені жазыңыз.

Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.

8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.

Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.

9 - қадам. Қателерді тексеріңіз.

Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.

 

Жиі кездесетін қателіктер:

1. проблема ашылмайды;

2. автордың жеке позициясы көрінбейді;

3. теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;

7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;

8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. логиканың болмауы.

Қосымша мәліметтер:

1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.

2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.

3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.

4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.

5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.

Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы – өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.

 

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

Жеке көзқарастың көрінісі;

Фактілі дәлелдер (аргументтер);

Теоретикалық негіздеме;

Терминдерді қолдану;

Цитаталарды келтіру;

Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

Сауаттылық (пунктуация., орфография.);

Юмор, сарказм;

Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Бағалау межелері:

ü эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;

ü тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;

ü талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы;

ü нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;

ü эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;

ü қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;

Эссе, оның құрылымы туралы жеткілікті теориялық мәлімет алдыңыз деп ойлаймыз.

 

Енді сол талаптар бойынша жазылған эссе үлгісін ұсынамыз.

 

Эссенің тақырыбы: Ұрпағымын ұлтымның

1.Тақырыптың мазмұнын ашатын жоспар құрыңыз.

Эссе құрылымы үш бөліктен тұрады. Сіздің жоспарларыңыз да үш бөлімнен тұруы керек. Жоспарды өзіңіз жазатын эссенің мақсаты, пайдаланатын деректер мен дәйектер қозғайтын мәселелерге байланысты құрыңыз. Ол жоспарда Сіз жазуға тиісті барлық пікірлердің түйіні берілгені жөн.

2. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылу үшін қыстырма құрылымдар мен шылаулар, тірек сөздер және сөз тіркестерін пайдалану қажет.

Төмендегі тірек сөздерді эссе жазу барысында қолдану ұсынылады: ұлт болашағы, ұлт тағдыры, байтақ жер, жастар ие болып қалады.

Сіздің әрекетіңіз:

Ұсынылған тақырыпты түсініп, онда түйінделген мәселені нақтылаңыз.

Эссеңізге баяндалатын жағдаятты ойша бірнеше бөлікке бөліп алыңыз.

Әрбір бөлікті қамтитын жоспар құрыңыз.

Эссенің кіріспесін жазыңыз. Эссе жазудың бұл кезеңінде өз жұмысыңызда қандай жауап іздейтініңізді анықтау қажет.

Негізгі бөлімде тарихи, саяси-экономикалық өмірден, кітаптан,өзіңіздің тәжірибеңізден алынған мысалдар ендіре отырып, нақты деректер мен дәйектер арқылы тақырыбыңызды ашуға тырысыңыз. Эссені жеке ұстанымыңыз, пікіріңіз, көзқарасыңыз айқын көрінетін қорытындымен аяқтаңыз.

 

1-тапсырма

Жоспарp>

І Ұлт ұрпағы

ІІ Кең байтақ жер

ІІІ Әр адам өз ұлтымен мақтана алады

2- тапсырма

Ұрпағымын ұлтымның

Қазақ деген ұлттың өкілі болу – зор бақыт. Мен – сол бақытқа ие болған жанның бірімін. Қазақылықтың бәрін сүйемін. Күмбір-күмбір қара домбыра даусынан басқа әсем дауыс жоқтай. Жастарға ақ батасын жаудырған аппақ сақалды қарияның тілегінен артық ешкім айта алмастай. Құдалардың алдында құрдай жорғалағаны да жарасатын секілді. «Еркежан» деп жұмсайтын ақ жеңешелерімнің тауып айтатын, кейде тіпті «сойып салатын» әзіл-қалжындарына төтеп бере алмай, қызарақтап жеңілген қандай ғанибет!

Басқаны қайдам, ақ кимешекті әжелердің «Ай, құрдас, ән айтсайшы», - деп қасындағыларға қолқа сала отырып, олардың әу деуін күтпей-ақ, «Жүгіріп шықтым белестен, Белес жақын емес пе, Осы отырған отырыс, Бір ғанибет емес пе-ай!» деп биязы жүнін түтіп отырып айтар қазақ әнінен өзге әнді тыңдағым келмейді. Жаны дарқан, жүрегі жұмсақ, қолы ашық, көңілі дария қазақ баласымын.

Осындай ұлтқа мекен болған кең-байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларым-ай!

О шеті мен бұ шетіне көзің жетпейтін, шапса тұлпардың тұяғы тозатұғын, ұшса қыранның қанаты талатұғын қазақ жері – менің де жерім.

Жасыл жайлау түкті кілем боп қазаққа төселіп жатыр. Ақ бас тауы өр мінезді қазақ баһадүрі секілді мызғымай қасқаяды. Қыр мен қыраты, шөл мен шөлейті сабырыңды сынайтын, шыдамыңды шыңдап, шалқар шабытыңды шақыратын сырлы өлке де – менің Отаным.

Ұлт болашағы ұстамы мықты, ұят пен намысты ту еткен ұлдарының қолында. Ұлан-байтақ берекесі тасып жатқан елге еміренер ер керек. Ері де бар, «ерім» дейтін елі де бар. Қазақ ұлтының тағдыры үшін алаңдамаймын. Халық барда тіл де, дәстүр де, қасиет те жоғалмақ емес. Киелі жерге жастар ие болып қалады. Қазақ жастары – білімді, озық ойлы, алдына мақсат-міндет қойған Қазақстанның ертеңі.

 

Эссенің жазылу дәрежесіне талдау жасайық және бағалау межелері бойынша бағалап көрейік:

ü эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы -10

ü тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы -10

ü талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы; ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жинақтау әдістерін шебер пайдалануы; көтерілген мәселеге өзіндік баға бере алуы -10

ü нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы ( публицистикалық стильде жазылған) -10

ü эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы -8 (көлемі берілген талаптан аздау болғанмен, ол тақырыптың ашылуына айтарлықтай нұқсан келтірмейді)

ü қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы -10.

 

Эссені бағалауға қойылатын талаптар:

1. Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).

2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.

3. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын…), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.

 

Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

¾ эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;

¾ мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;

¾ жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;

¾ өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;

¾ мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;

¾ ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;

¾ ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;

¾ жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.

 

2. СӨЖ-ді жаздыруға арналған әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің ғылыми-танымдық көзқарасының кеңеюіне, жауапкершіліктерінің артуына, күнделікті үлгерімдерінің жақсаруына сан-салалы шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу нәтижесінде орындалатын курс, бақылау, реферат жұмыстарының да игі әсерін тигізері хақ. Сондай-ақ, бұл жұмыстар студенттердің алған теориялық білімін зерттеу жұмыстарының барысында практикалық тұрғыда қаншалықты қолдана білу біліктілігінің де көрінісі.

Курс, бақылау, реферат жұмыстарын мазмұнды, жоғары талапқа сай орындау студенттерден кәсіби білім мен бейімділікті, жазу мәдениетін, әдеби талдау мен жинақтаудың қағидаларын, амал-тәсілдерді білуді, белгілі мөлшерде әдеби-эстетикалық сауаттылықты, сөз өнерін сүюді қажет етеді.

Курс, бақылау, реферат жұмыстары студенттердің жоғары кәсіби білім алу жолындағы маңызды әрі міндетті оқу-педагогикалық шаралардың бірі болғандықтан олардың құрылысы мен жалпы мазмұнына, орындалуына белгілі бір талаптар қойылады.

 

Бақылау, реферат жұмыстарын орындау жоспары және кезеңдері.

 

Курс, бақылау, реферат жұмыстарын жазуға кірісер алдында студент ең алдымен жалпы жұмыс жоспарын жасап алуы керек. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады:

1) Тақырып таңдау;

2) Таңдаған тақырыпты жан-жақты талдап ашуға қажетті көркем туындыларды іріктеу, әдеби-сын, зерттеу еңбектерді іздестіріп, олардың тізбесін жасау;

3) Іріктелген көркем туындылар мен әдеби-сын, зерттеу еңбектерді оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, мақсат-міндеттерін айқындау;

4) Курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау;

5) Курстық, бақылау, реферат жұмыстарын жазу, аяқтау.

Әрине, қарастырылатын мәселенің, тақырыптың сипатына, мазмұнына қарай жоспардың қай үлгісін құруды студенттің өзі шешеді. Жоспар ғылыми жетекшіге тексеруге, бекітуге ұсынылады.

Курс, бақылау, реферат жұмыстарын жазуға даярлық сатыларынан өткен соң, енді ең жауапты кезең жұмысты жазу басталады. Басты талап-тілек-туындыны тақырыптық-идеялық тұтастықта, мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан қарастырып, көркемдік әлемінің құпия сырларына бойлай білу, осынау алуан тағдырлы адамдар жаратылысы, өмір-тіршілік күйлері жайлы өзінше толғанып, ойлай білу.

Егер таңдалған тақырып жеке бір туынды жайында болса, оның авторының шығармашылық өмірбаянынан, кітап жазылған кезең, әдеби орта жайлы хабардар болу да артық емес. Тақырыпқа қатысты түрлі зерттеу еңбектері, оқулық, әдеби-сын мақалалар бағыт берер, пайдалы ой туғызар көмекші құралдар есебінде ғана.

Курс, бақылау, реферат жұмыстары шығармашылық еңбек болғандықтан, студенттер зерттеу, сын материалдарын, жетекшінің кеңесін басшылыққа ала отырып тақырыпты мүмкіндігінше өзінің көркемдік-эстетикалық түсінігі тұрғысынан талдап, таразылап, түйген ой-тұжырымдарын ортаға салуы керек.

Кіріспеде әдетте курс жұмысына (бітіру жұмысына) өзек, тақырып болып отырған мәселенің ғылымдағы орны, оның өзектілігі жайлы қысқаша шолу жасала келе,тақырыптың маңыздылығы, оны қалай қарастыратыны, яғни студенттің алдына қойған мақсат-міндеті байыпталады. Мұны курс жұмысының (бітіру жұмысының) мақсат-міндетін айқындау деп те айтуға болады. Яғни, кіріспеге негізінен ғылыми аппарат кіреді. Олар:

1. Тақырыптың өзектілігі.

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

3. Зерттеу нысаны.

4. Зерттеудің дереккөздері.

5. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.

6. Жұмыстың құрылымы.

7. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.

8. Зерттеудің әдістері.

Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, бұрын қайда және қашан зерттелінгені, ненің әлсіз, ненің терең зерттелінгені, таңдалған тақырыптың жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі қажеттілігін, бұл тақырыптың әдебиет пен мәдениет, қоғам алдындағы маңызын ашып көрсету керек. Ғылыми стильде баяндалады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек, ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту бағытын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері нақты және дәлелді болу керек.

Зерттеу нысаны – ақын-жазушылар шығармашылығындағы зерттелінетін мәселе. Зерттелініп отырған қаламгердің жұмыста қарастырылатын шығармалары нақтылы аталып көрсетілуі қажет. Бұл жерде ненің зерттелінетіні туралы сөз болу керек.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуге теориялық негіз болған ғылыми еңбектер мен негізгі басшылыққа алынған ғалымдар еңбектері, тарихи мәліметтер, архив материалдары, баспасөз деректері беріледі. Зерттеуге қатысты басшылыққа алынған ғалымдардың есімдері ретімен аталады.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Курстық және диплом жұмыстарында ешкім де ғылыми жаңалық ашпайды. Дегенмен ізденіп тақырып айналасында қол жеткен жетістіктер мен ғылыми талдаулар нәтижесі айтылады. Сондай-ақ бұған дейін бұл тақырыптың жазылып, сөз болғанын ескеріп, одан өзгеше мәселелер қарастырып, басқа ізденістер жүргізгені баяндалады.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Әдебиет теориясында зерттеу әдістері берілген. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден өткізу, соңынан талдау жасау, содан соң жұмысты қорытындылау қажет.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Курстық және диплом жұмыстарының қазақ әдебиеттану ғылымы үшін маңыздылығын атап, қазақ әдебиеті тарихы пәніне қосымша материал болатынын ескерту керек. Теориялық жұмыстың құндылығы мен практикалық маңызы айтылады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың кіріспеден, қанша тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұратындығы хабарланады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!