Материалдар / "Эссе" жазуға көмекші құрал
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Эссе" жазуға көмекші құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
матрена матери амт материа л материал рам апаапапапапаапаапаппапнуцпереререркенкенкенкпукпмпе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
15932
33 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

`(сырты)Білім беру және «Қазақстанның педагогикалық академиясы»                  корпоративтік қорының ғылыми қауымдастығы



ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ                           Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне                            арналған қосымша оқу-әдістемелік құрал





Шымкент 2016 (Мұқабасы)





(ішкі беті)Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту мен жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді. Кітап қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, жас мамандарға, оқушыларға арналған.

«Эссе жазып үйренейік» курсының бағдарламасы
  • Эссе деген не?
  • Эссенің басқа жазба жанрлардан айрмашылығы
  • Эссе жазуға қойылатын талаптар
  • Эссе жазу үшін нені меңгеру керек?
  • Қазақ тілінің орфографиясы
  • Тыныс белгілерді дұрыс қойып үйренейік
  • Сөз өнері- жазу үшін қажетті асыл өнер
  • Практикалық сабақ
  • Эссені тексеру мен бағалау
  • Қазіргі эссе үлгілері
Эссе жазуға көмек Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс. Мектеп мұғалімдеріне ұсынылып отырған бұл көмекші құрал сондай өткір мәселені шешуге көмек болады. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып жүр.Сондай эссе жазушыларға көмек ретінде ұсынылып отырған жұмыстың нәтижесі - алғашқы жылдардан қалалық байқаулардан алған жүлделеріміз.Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әртүрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі.Эссе - жеке әсер етуді және нақты сылтау бойынша пікір ойды білдіретін кішкене көлем мен еркін композицияның шығармасы. Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Бұдан басқаЭссенің классификациялары. Мазмұны жағынан эссе келесідей болады:
  • философиялық,
  • әдеби- сындық,
  • тарихи,
  • көркемдік,
  • көркемдік-публистикалық
  • рухани-имандылық және т.б.


Қалыптары бойынша эссе келесідей болады:
  • пікірсараптық,
  • лирикалық миниатюрлық,
  • ескертпелер,
  • күнделіктен жазбалар,
  • хаттар және басқа.
Эссе бөлінеді:
  • сипаттамалық,
  • баяндамалық,
  • рефлексивтік,
  • сындық,
  • талдаулық және басқа.


Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 5-сынып 70 -80 сөз6-сынып 80-90 сөз7-сынып 90 - 100 сөз8-сынып 100 – 150 сөз9-сынып 150- 200 сөз10-сынып 200- 300 сөз11-сынып 300 -400 сөз ЖОО –дағы студент 500 сөз немесе 1-2 беттен 20 бетке дейін.Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Деректі дәйектер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылық (пункт., орфогр.);

Жиі кездесетін қателіктер: 1. Проблема ашылмайды; 2. Автордың жеке ұстанымы көрінбейді; 3. Теоретикалық негіздемесі жоқ; 4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; 5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; 6. Ауызекі сөздер, диалект, слэнг, жаргон сөздер; 7. Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы; 8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ; 9. Логиканың болмауы.

Эссе жазуға қалай дайындалу керек?

Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?»

Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?

Ол:-Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;-Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;-Оқырмандарды ақпараттандыру;-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;-Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;-Іс-әрекетке түрткі болу.Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін білу.Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек. Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет. Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: деректерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материалдарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.Қорытындыға тілдік клише: • Осылайша, жоғары баяндалғандар негізінде қорытынды жасауға болады … • Қорыта отырып, айтқым келеді … • Жоғары баяндалғандар негізі келесіге тіркеледі … • оқылған мәтіннің негізінде тұжырым жасауға болады… • Айтылғандарды қортыа отырып, айтуға болады … Бұдан … шығады • Мен мәтін нің авторына шынымен ризашыцлығымды білдіремін, өйткені ол мені ... ойландырып тастады Бұл мәтін мен тағы да ... екеніне сендірді • Қортындыда мен автордың тырысқаны бекер кетпегенін айтамын, олар менің ішкі дүниемді мәселелерді жақсы түсінуге үйретті. • Бұл мәтін мәселеге терең үңілуге, біздің өміріміздегі маңызды нәрселерді қайта бағалауға үйретті Ақырында эссе жазу барысында қажет болатын бірнеше кеңестер береміз: 1. Мәтіннің жанрын анықтауда сақ болыңыз: оны әңгіме немес статья деп атауға асықпаңыз, өйткені сіз қате жіберіп алуыңыз мүмкін. Мәтін, фрагмент, үзінді сөздерін қолданған дұрыс.2. Егер сіз авторлық неологизмді қолдансаңыз, оны міндетті түрде тырнақшаға алыңыз, әйтпесе мәтінде бұл сөз грамматикалыө қате болып есептелінеді. 3. Этикалық нормалады сақтаңыз: дөрекі, балағат сөздерді қолданбаңызЭссені келесі жоспармен жазу керек:● Қарастырылатын мәселемен байланысты берілген мәтіннен цитатаӨмірлік тәжірбиені қолдана отырып:• Менің қарапайым өмірлік тәжірбиеме қарамай, осыған ұқсас жағдайды есіме түсіремін (менің досым, сыныптасым, жерлесім) … автор өмірбаянының, көзқарастарының,сенім-нанымының деректеріне көз салуII. Мәселені тұжырымдау:Мәтінде "мәселе" сөзі (немесе "сұрақ") міндетті түрде айтылуы керек.Сондай-ақ келесі тілдік клишелерді қолдануға болады:

МақұлдауБейтарап ұстаным (деректер констатациясы )Айыптау, мінеу
Автор таңданады...;ұтылады...,сұқтанады..., бізбен бірге қызықтауға шақырады...,болып жатқандарға қызықтай бақылап отырады..,мейірімді дос және ақылды кеңесші ретінде, автор бізбен бірге әңгімелеседіАвтор... туралы ойлайды,Оқырманды диалогқа ...шақырады,Өз ойларымен бөліседі,Оқырман алдына маңызды көкейкесті мәселені қояды,Өмірлік күрделі (философиялық) ұғымдарды түсіндіруге Автор.. . туралы жүрегі езіле отырып жазады...туралы қинала отырып айтады; Авторың ... наразылығын тудырады;Автор... келісе алмайды,Ащы мысқылмен .... туралы жазады ;Өзінің ...эмоциональдық, автор қобалжыған ойларын мазасызқорытындымен жазады
Эссенің құрылымы және жоспары Эссенің құрылымы оған талап етілетіндермен анықталады:
  • Эссенің авторының ойы қысқаша тезистер қалыпындағы мәселелер бойынша баяндалады.
  • Ой дәлелдермен бекітілуі керек - сондықтан да тезистен кейін дәлелдер беріледі. Мысль должна быть подкреплена доказательствами - поэтому за тезисом следуют аргументы


Дәлелдер - бұл фактілер, қоғамдық өмірдің, оқиғалардың, өмірлік жағдайлардың және өмірлік тәжірбиенің, ғылыми дәлелдеулердің, ғалымдардың пікірлерге бағыттамалардың құбылысы. Әр тезистің пайдасына екі дәлел келтіргеніміз жөн: бір дәлел нанымсыздау болады, үш дәлел жанр түрінде орындалып, қысқаша және образдауға бейімделген баяндаманы күрделендіріп жібереді. Осылайша эссе дөңгеленген құрылымға айналады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдап алынған жоспарға, ойдың қисынды дамуына байланысты):
  • кіріспе
  • тезис, дәлелдер
  • тезис, дәлелдер
  • қорытынды.


Тезистерді мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?

Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын деректер болып, автор оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертп т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әртүрлі айқындау құралдары қолданылады.Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды. Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-аудың жатықтығына, ойдың логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек.Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін білу.Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек.



Эссе үлгілері

Ұстаздық еткен жалықпасЖоспар:І КіріспеҰстаз –адам жанына білім дәнін себушіІІ Негізгі бөлім1) Адам тәрбиелеу – ұлы міндет2) Жүрегімнің қалауы – ұстаздықІІІ ҚорытындыҰстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға

«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол - нағыз ұстаз» Л. Н. Толстой

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ғалым да, шахтер де бас иетін,Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне –осы, өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында деп білемін, себебі ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу – кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дарқан адам.Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз, өйткені өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мұхаммет Мұстафа (c.a.у) бір хадисінде: «Маған бір әріп үйреткеннің 40 жыл құлы боламын», - депті. Өзім оқытушы болсам да, мені оқытқан мұғалімдерімнің алдында әрқашан басымды иемін. Осындай дәрежеге жетуіме олардың қосқан үлесі ұшан-теңіз деп білемін. Қазір өзім де қазақ тілі пәнінің оқытушысымын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Студенттік шағымнан бастап менің намысымды қозғайтын бір өзекті мәселе қазақ тілі мәселесі еді. Сол себепті «өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолында өз үлесімді міндетті түрде қосуым керекпін» деген оймен осы мамандықты таңдаған едім. Әрине, өкінішті жайттар да болған еді,дегенмен «бейнет түбі-зейнет» демекші осы бағыттағы үйренем деген студенттеріммен бірг
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!