Тақырып бойынша 24 материал табылды

Эссе жазуға қойылатын талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазу кезінде оқушыларға ұсынылатын талаптар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы білім басқармасының

Қарқаралы ауданы білім бөлімінің

«Матақ ауылының №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ



КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Қарқаралы ауданы білім «Қарқаралы ауданы білім

бөлімінің әдістемелік кабинет бөлімі» ММ-нің басшысы

меңгерушісі: _________ М.Мұратқызы

_________ Қ.Ж.Муслимов

«____» ________ 2026 жыл «____» ________ 2026 жыл














ЭССЕ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Әдістемелік құрал





















Матақ ауылы



Құрастырушы:

Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің

«Матақ ауылының №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қамсетер Анар Жакетқызы



Рецензенттер:

«Матақ ауылының №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог – сарапшы Ержанова Г.Е.












«Матақ ауылының №15 ЖББ мектебі» КММ Әдістемелік кеңесі ұсынған

2026 жыл «____» ________ № хаттама

Хатшы:

Шағын орталық тәрбиешісі ________ Елжасова Г.Б.





Қарқаралы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кеңесі ұсынған

2026 жыл «____» ________ № хаттама

Хатшы: Әдіскер ________ Д.Е.Қалиясова















Эссе –қандай жанр? Эссе адамның жеке көзқарасынан, пікірінен, анализінен, тәжірибесінен тұрады. Эссе –адамның ішкі ойын, эмоциясын білдіретін жанр. Эссе- бұл жай мәтін емес, ішкі ойыңды жеткізу құралы. Эссе -жүйелі түрде үйренуге болатын дағды. Эссе жазу адамның ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелдеуге көмектесетін және шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды дағды.

Кіріспе бөлімінің формуласы:

1- формула: тақырыпты түсіну, тақырыпты ашу;

2- формула: Тақырыптың соңына назар аудару;

3-формула: Тақырыптың тірек сөздерін анықтау;

Эссенің алғашқы сөйлемдері қызықты, тартымды болуы керек.

4-формула: Өзектілікті білдіретін бір сөйлемді бірінші жақта аяқтау;

5-формула: Тезис жазу, тезис бір сөйлеммен беріледі. Берілген тақырыпқа байланысты адамның түйген ойы, қорытынды пайымы.

Тезисте көбінесе екі аспект беріледі.

Тезис өте шебер берілуі керек. Сонда тақырып шебер ашылады.

1-аспект: тірек сөздердің болуы,

2- аспект: аргументтің берілуі.

6-формула: Қорытындылаушы сөйлем. «Сондықтан, олай болса, демек, ойымды аяқтай келе, т.б.» деген сөздерден басталады.

Эссені тек жаздырмай, жеке, жұпта, топта талдау жұмысы да өте тиімді. Оқушылардың қабілетіне қарай жеке, жұпта, топта талдауды ұсынуға болады.

Талданатын эссе оқушының жұмысы болуы керек. Талдау жұмысын жүргізгенде мыналарды есте ұстау қажет.

-Жұмыстың артықшылығы;

-Жұмыстың кем тұстары;

-Қай бөлімге толықтыру ұсынасың? Неге?

Талдауларын тыңдай отырып, оқушының эссені қаншалықты меңгергенін анықтайсыз. Бұл әдіс арқылы оқушылардың деңгейін анықтауға болады. Оқушының жұмысын бағалау үшін 5 критерий бойынша бағалау аздық етеді.



Тақырыптың ашылуы, аргументтердің берілуі, көзқарасының болуы, тіл көркемдігі, сауатты жазуы- бұл критерийлер эссені толық бағалау үшін жеткіліксіз. Тезистің сауатты берілуі, дәйексөздердің тақырыпқа сәйкестігі, статистикалық мәліметтерге деген көзқарасы ескерілуі қажет.

Мәтіннің құрылымын меңгермеген адам жүйелі жазуды білмейді. Бұл эссе жазуға да қатысты талап. Эссе жазу шығармашылық пен жүйелілікті талап етеді.

Эссе жазуға арналған пайдалы құралдар

1.Тақырыпты анықтау.

2.Жоспар құру. (өзіңіз үшін, себебі эсседе жоспар жазылмайды)

3.Грамматиканы, жазу стиліңізді тексеріп алу. Бұл құралдар эссе жазу процесін жеңіл әрі қызықты етеді. Бастысы ойды анық және жүйелі жеткізу.

Эссе жаздырудың үш тәсілі:

1.Эссені бөлшектеп үйрету қажет. Әуелі кіріспе бөлімін, сосын негізгі бөлімін, кейін қорытынды бөлімін меңгерту керек.

2.Эссені топта жаздыру – оңтайлы тәсіл. Оқушы оқушыға

3.Эссені жұпта жаздырып көруге болады. Оқушыларды жұпқа бөлгенде қалауларына қарай отырғызған тиімді. Әдеби – шығармашылық эссенің тақырыбын сұрақ арқылы шығаруға болады.

Шығармашылық эссеге тақырып қоюдың 4 жолы бар.

1-жолы ...шығармадағы кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?

2-жолы ...шығармадағы кейіпкердің қандай қасиетін алар едің?

3-жолы ...шығармадағы құндылықтарға байланысты «Сен үшін не жақын? Не алыс? Не қымбат?»

4-жолы ...шығарманың соңын қалай аяқтар едің?

Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәселеге қатысты өз ойын немесе әсерін көрсетеді.

Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті жақсы дамиды. Баяндау стилі көбіне сөйлеуге бағытталған.






Эссенің сипатты ерекшеліктері:

Эссені дұрыс жазу үшін, алдымен оны басқа жанрлардан ажырататын ерекшеліктерді ескеру қажет.

Эссенің түрлері:

- Сипаттамалық;

- Шығармашылық;

- Анықтамалық;

- Салыстырмалы немесе кереғар;

- Аргументтік;

- Әдеби;

- Дәлелдеме;

Эссенің негізгі белгілері:

  1. Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.

  2. Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе- онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.

  3. Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Аз сөзбен көп мағына беруге тырысу қажет. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды.

  4. Мәселеге толық талдау жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып, дәлел келтіру керек.

  5. Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Эсседе берілген сөз санын дәл шығару үшін жүйелі жоспарлап, сөйлем санын нақтылау қажет.

  6. Құрылысы еркін болады. Эссе –қандай да бір нақты шеңбер аясында жазылмайды. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды.

  7. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.

  8. Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.

Осылайша , эссе баяндаудың ерекше стилімен ерекшеленеді, оның мақсаты оқырманның ойлануына түрткі болу. Эсседе автор өзінің көзқарасына көндірмейді, ол өз ойы арқылы оқырманды ойландырып, мәселені талқылауға шақырады.







Эссе қалай жазылады?

Эссені дұрыс жазу – жанрдың ерекшеліктерін түсінуге байланысты. Жазудың негізгі принциптері мен ұсыныстарын ұстанып жазса, эссе қызықты болады.

Эссе жазу талаптары.

Қолдануына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, олимпиада жұмыстарында, сыныптан сыныпқа көшкенде, аттестаттау кезінде талап етіледі. Ең алдымен, өзінің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын дүние туралы толық білу керек.

Сондай-ақ эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса, қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл – күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.

Эссе жазу кезеңдері:

Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру.

Эссе жазу барысында қатаң сақталуы тиіс талаптар: жеке көзқарастың көрінісі; аргументтер, теориялық негіздеме, терминдерді қолдану, дәйексөздер келтіру, салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану, пунктуациялық, орфогафиялық, стильдік сауаттылықты сақтау.

Жиі кездесетін қателер:

1.Проблеманы аша алмау;

2.Автор өзінің жеке ұстанымын көрсете алмауы;

3. Теориялық негіздемесі жоқ;

4.Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5.Тым қарапайым мысалдарды көп қолдану;

6. Ауызекі сөздер, диалект, жаргон сөздерді қолдану;

7. Мысалдардың автор ұстанымына қайшы келуі;

8.Қорытынды, түйіндеудің жоқ болуы;

9.Логиканың болмауы.

Эссенің құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Маңызды ережелерінің бірі – тезис қою. Эсседе дәлелдейтін ұсынымды – тезис дейміз. Тезис – эссенің жаны, жүрегі. Тезис – эссенің кілті. Кілті табылмаса, эссенің негізгі мақсатына жетуі де қиындыққа ұшыратады. Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі идея. Тезис – 1 сөйлеммен беріледі. Эссе тақырыбына байланысты автордың түйген ойы, қорытынды пайымы. Тезис кіріспе бөлімде қойылады. Кіріспе бөлім нені қамту керек? Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып неліктен өзекті екендігі жазылады. Тақырып және оның өзектілігі туралы жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші сөйлем жазылады. Тезисте көбінесе екі аспект беріледі. Тезис – өте шебер берілуі керек. Сол кезде тақырып шебер ашылады. 1 аспект тірек сөздердің болуы, 2 аспект аргументтің берілуі. Сілтеме белгілі бір зерттеулерден алынады. Кейбір тақырыптар сілтеме, статистикалық мәліметтерді қажет етпейді. Негізгі бөлімде сенімді дереккөзді қолдану қажет. Дәйексөзді, іс – тәжірибені келтіріп, сандық көрсеткіш келтірмей –ақ жаза беруге болады.

Негізгі бөлім тақырыпты ашатын бөлім. Аргументтен басталады. Әр аргумент клише сөздерден басталады. Мысалы: меніңше, менің ойымша, пікірім бойынша деп дәлелдерді келтіріп, бір сөйлеммен түйіндейміз. Негізгі бөлімнің 1 абзацын 5-6 сөйлемнен құрасақ, 250-300 сөздік эссе шығады.

Эсседегі контраргументтің орны, оның артықшылығы.

Контраргументті қолдану – аудиторияны сендіру, иландыру. Контраргумент дегеніміз – қарсы пікірді теріске шығарып, өзінің пайымың арқылы дәлелдеу. Ойды дәлелдеу барысында оқырманның көзін жеткізу үшін өз көзқарасына қайшы келетін өзгенің пікірі ұсынылады. Әдетте контраргумент қарсылықты шылаулармен беріледі. Мысалы, «соған қарамастан», «бірақ, алайда», «Таяқтың екі ұшы бар дегендей», т.б. Эсседе 3 аргумент болса бірінші, екінші аргумент өз ұстанымымыз, үшіншісі контраргумент болады. Контраргумент қосып жазылса эссенің құндылығы арта түседі. Контраргумент барлық тақырыптарға келмейді. Кейбір тақырыптар өзі сұранып тұрады.

Қорытынды бөлім

  • Кіріспе бөлімнің перефразы;



  • «Эссемнің соңында», «Ойымды қорытындылай келе...» клишелерімен басталады.



  • Ұсыныс беріледі, бермесе де болады;



  • Автордың ой түйіні;



  • Жаңа ой болмайды;



  • Дәйексөз қолданылмайды;



  • Өлең жолдары да қажет емес;



  • Ұрандатылған, пафостық сөйлемдер қолданылмайды;



  • Эссе бірінші жақта басталып, бірінші жақпен аяқталады.







Редактура – эссені тексеру әдісі

Эссе тексеруде 5 мақсатты көздеу

1.Эссенің құрылымы, тақырыптың ашылуы, логикалық байланыстың сақталуын тексере отырып оқу;

2.Сөйлемдердің ойнауы, құбылуы, артық сөздер, шұбалыңқы сөйлемдермен жұмыс жасау үшін эссені екінші рет оқу;

3.Эссенің көркемділігін байқау үшін үшінші рет оқу;

4.Орфографиялық қатені тексеру;

5.Пунктуациялық қатені тексеру.

Эссе жазу – бұл жай ғана мәтін құрастыру емес, ол адамның білім деңгейін, ойлау қабілетін және аналитикалық дағдыларын көрсететін ерекше жанр. Эссе жазу дағдылары тек мектеп қабырғасында ғана емес, болашақ кәсіби мансапта, ғылыми зерттеулерде және халықаралық емтихандарда табысқа жетудің негізгі шарты. Бұл процесс оқушылардың сыни ойлауын жетілдіріп, ақпаратты сараптауға және саналы шешім қабылдауға үйретеді. Оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеріп, өзіндік пікірі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге зор ықпал етеді.

Эссе жазу тәртібі үш қадамнан тұрады.

Кіріспе бөлім

Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады. Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені соңына дейін оқуға шақырады. Оқырман қызығып оқитын болады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық фигура, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.

  • Негізгі бөлім

Негізгі бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады.

Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады.  Бұл нақты өмірден алынған фактілер, түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәйексөздер, дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін.





Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

  1. Пайымдау

  2. Түсіндіру

  3. Мысал

  4. Қорытынды пікір

  5. Тұжырым

Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызғушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады.

Эссенің шығармадан айырмашылығы

Дұрыс жазылған эссе шығарма жазудан бөлек. Сондықтан, егер эссе жазу керек болса, онда оны басқалардан ерекшелейтін, жанрлық сипатты ерекшеліктерін ескеру қажет.

Сонымен қатар, эссе мен шығарманың айырмашылықтарының бірі – қарама –қайшылықты болуы. Яғни, жарқын бейнелер мен афоризмдерді және тосын пікірлерді қолдану арқылы оқырманды таңқалдырып, оған әсер ете алу.

Эссе жазуға берілетін кеңестер:

  1. Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен алмастырып қолдану қажет. Сонда мәтін оңай оқылады.

  2. Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданған тиімсіз, әсіресе мағынасы түсініксіз сөздерді қолданбаған жөн.

  3. Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді аз қолданған дұрыс. Эссе автордың жеке пікірін көрсететін бірегей жекеленген жұмыс. Сондықтан әдетте бірінші жақтан жазған тиімді

  4. Әзіл сөздерді қолданғанда абай болу қажет. Себебі, сарказм мен дөрекі сөздер оқырманның ашуына тиюі мүмкін.

  5. Жеке тәжірбие, естеліктер мен әсерлерді көрсету – өз көзқарасыңды көрсетудің тамаша әдісі.

  6. Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз және одан ауытқымай, қажетсіз ақпараттарды жазудан аулақ болған жөн.

  7. Эссені аяқтағаннан кейін, эссенің барлық жерінде ойдың жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, қайталап оқып шығу қажет.

  8. Эссе жазғанда нақты деректер мен зерттеулердің нәтижелерін қолдану – сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі.











5 сынып оқушыларын эссе жазуға үйрететін тапсырмалар:

Эссе деп нені айтамыз?

Эссе деп өзің көрген, қатысқан, талқылаған ақпараттар негізінде белгілі бір тақырып бойынша жеке көзқарасыңды, ойыңды жазбаша жүйелі сипаттауды, әңгімелеуді, түсіндіруді айтамыз. Эссенің сипаттау, пікір, аргументативті түрлері болады.

Эссе туралы оқушы нені білу керек?

Эссемен байланысты тезис, параграф, эссе құрылымы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), аргумент деген ұғымдарды білу керек.

Тезис деп эссе жазушы адамның айтқысы келген негізгі ойы берілген сөйлемді айтамыз.

Параграф (абзац) деп эсседе бір ойды жеткізетін 5-6 сөйлемнің жиынтығын айтамыз. Эссе құрылымы – барлық эссе кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Аргумент деп белгілі бір ойды түсіндіріп, дәлелдеуді айтамыз.

Деталь – эссе авторы назар аударған зат, оның белгілері.

Эссе жазу үшін сөздерді дұрыс таңдап, екінші сөздермен тіркестіре білу керек. Сөздер эссенің мазмұнын толық жеткізіп, ойды дәл беруге көмектеседі.

Сөз тіркестері

Қай сөздер тіркеседі? Қай сөздер тіркеспейді? Дұрысын қорша.

Әсері жоғары сөзді таңда

1.Тілдік сөйлеу/ қарым-қатынас

1. Сөзді түсіну / сөзді ұғу

2.Әр мезгіл /әртүрлі уақыт

2.Сөзге сену / сөзге илану

3.Ана тілі болуы / атануы үшін

3.Сөзді жалғастыру / үдету

4.Сөздерді орынды қоя білу/ қолдана білу

4.Сөзді дұрыс айтпау / бұрмалау

5.Кестені тоқу / тігу

5.Сөзді есте сақтау / жадыда сақтау

6.Сөз құрастыру / шығару

6.Сөзден қашу / бас тарту

7.Сөз айту / сөйлеу / тілдесу

7.Сөзді тыңдау / есту

8.Сөзге құлақ асу / құлақ беру / құлақ тігу

8.Сөздің қисыны /тізбегі /легі /қатары

9.Сөз сарасы/саласы

9.Сөзді бағалау/қадірлеу

Синонимдер қатарынан әсері жоғары етістіктерді белгіле

Қай сөздің әсері жоғары? Астын сыз

1.Көмектесу, қолдау, қол ұшын беру, қол созу

1.Жаңылдыру, шатастыру, адастыру

2.Қоныстану, мекендеу, жерге ие болу, өмір сүру

2.Дұрыстау, жөндеу, реттеу

3.Білім алу, оқу, білім нәрімен сусындау, көзін ашу, сабақ оқу

3.Таңдау, іріктеу, саралау

4.Қадірлеу, құрметтеу, сыйлау, дәріптеу

4.Қисындыру, келістіру, үйлестіру, қиюластыру

5.үйрену, меңгеру, оқу, ие болу, жетілу

5.Жалғастыру, байланыстыру, созу

6.Қуану, шаттану, көңіл көтеру, төбесі көкке жету

6.Жүйе, сала, тарау, желі

7.Даму, өркендеу, жетілу, жоғарылау

7. Аяқтау, бітіру, тиянақтау, тәмамдау

8.Бірігу, бірлесу, қосылу, бір ауызды болу, ынтымақтасу

8.Сәлемдесу, амандасу, жөн сұрасу, амандық білісу

9.Әсер ету, ықпал ету, түрткі болу

9.Қолдану, пайдалану, іске асыру


10.Кездесу, жолығу, кез болу, ұшырасу

Сөздерді тіркестір. Дұрысын қорша

1.Автокөлікті айдау/жүргізу

2.Автокөліктің рөлін басқару/меңгеру

3.Автокөлікті тоқтату/жүргізбеу

4.Жол ережелерін бақылау/қадағалау

5.Жүргіншілерге жол беру/жіберу

6.Май құю/маймен қамтамасыз ету

7.Қоғамдық көлік / халықтық көлік

8.автобусқа міну/ автобусқа отыру

Көліктерді сипаттайтын сын есімдерді шырай түрлерінде үдетпелі түрде жаз.

Үлгі: Жылдам көлік, жылдамырақ көлік, өте жылдам көлік, жылдамдығы жоғары көлік

1.Ескі__________________________________________________________

2.Жаңа__________________________________________________________

3.Әдемі__________________________________________________________

4.Сапалы__________________________________________________________

5.Ауыр__________________________________________________________

6.Жеңіл__________________________________________________________

7.Үлкен__________________________________________________________

8.Пайдалы_________________________________________________________

9.Зиян_____________________________________________________________

Дұрыс нұсқасын қорша

1.Талғаммен / түсінікпен киіну

2.Талғамды жинау / байыту

3.Талғамға ие болу /ұқсау

4.Жібек жіппен әрлеу / тігу

5.Алтынмен безендіру / көмкеру

Синоним сөздерді сәйкестендір

Әрлеу безендіру

Көмкеру ірі жіппен қайырып тігу

Әдіптеу оюлау

Өрнектеу жиегін айнала тігу

Сипаттама мен киім түрлерін сәйкестендір

Сын есім

Зат есім

Биік

Мұрап

Қошқар мүйізді

Шапан

Түлкі жағалы

Камзол

Кең етекті

Ішік

Қынама белді

көйлек

Сөздерді тіркестір

Зат есім

Етістік

Алтын

Алтынмен

Металмен

Оюды

Бейнемен

Күміспен

Қалақшаға


Өрнектеу

Ою (ой)

Тоқу

Көмкеру

Орнату

Күптеу

Әрлеу

Аптау


«ПОПС» формуласы

Эссе жазуға «ПОПС» формуласын қолдануда тиімді. Оқушы төрт сөйлем бойынша ойын ашып жазады.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша...»

Екінші сөйлем: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Эссе жазуда жиі жіберілетін қателіктер

Ең жиі кездесетін қателерді біле жүрген дұрыс. Себебі, олар эссені өзің жазған кезде сол қателерді жібермеуге көмектеседі.

1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.

2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы. Көп кездесетін қателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді.

3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.

4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің көзқарасының болмауы.

Жалпы, эссе жанрының артықшылығы қатаң шектеулердің болмауында. Шығармашылықтың толық еркіндігі, өз пікіріңді білдіру және ойыңмен бөлісу мүмкіндігі, мәселені қалыпсыз шешу – бұл тамаша идеяларды шығаратын шығармашылық адамдарға осы жанрды тартымды ететін эссеге тән ерекшеліктер болып саналады.











Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Ізденіс»газеті 26.03.2026 жыл №6

2.Қ.Бітібаева «Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу жолдары» Семей «Үш биік» баспасы

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12