"Эссе жазып үйренейік!" жобасына есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Эссе жазып үйренейік!" жобасына есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
«Эссе» жазып үйренейік!» жобасы бойынша жүргізілген жұмыс есебі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-а сыныбының қазақ тілі мен әдебиеті

пән мұғалімі Ж.Ж.Атыханованың

«Эссе жазып үйренейік!» жобасы

Бойынша жүргізілген жұмыс есебі .

Қараша айынан бастап мектепішілік « ЭССЕ жазып үйренейік! » атты жобаға сынып оқушыларын қатыстырдым. Ондағы мақсатым : оқушыларымның логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілетін дамыту және алдағы мемлекеттік емтиханға дайындық . Жалпы оқушылардың баяндау стилі көбіне ауызша және жазбаша тілінің сауатты болуына ықпал ету.

Сонымен сынып оқушыларының барлығы демесек те , әлеуеті әртүрлі деңгейдегі он беске жуық оқушы эссе жазуға қатысты. Дұрыс жазылатын эссе кәдімгі шығарма жазудан ерекшеленеді. Сондықтан, ең брінші кездескен сәттен бастап осы екі шығармашылық жұмыстың ерекшелігін мысал келтіре түсіндіріп өттім. Қатысқан барлық оқушылар сияқты жиі сөзшең және өз ойын қағазға түсіру қабілетіне ие балалар да шығарманы , соның ішінде эссені бастауда кедергілерге тап болды. Ең бірінші кездескен кедергілер эссені қалай бастаймыз ?Осының өзіне біраз уақыт кетіп қалады, ал бұл шығармашылық жүмыстың үдерісін едәуір тұмандандырады. Сондықтан эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алу қажеттілігі туындады. Екі күн көлемінде ( сабақтан соң ) ақпарат көздерін іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ал енді кіріспе бөлімді бастадық. Ең бастысы кіріспе бөлімде тоқтап қалмау керек. Алғы сөзді негізгі бөлім жазылғаннан кейін де жазса болады екенін аңғардық , дегенмен бұл жағдайда эссенің не туралы жазылғаны түсінікті болғандықтан, кіріспені де жазу оңайырақ болатынын балаларға бағыттадым. Сондықтан эссені жазуда кіріспе, негізгі бөлімдерді дайындықтан соң( ақпарат көзін тауып, қажеттісін сұрыптап) жазу оңай болды десем қателеспеймін. Енді қорытынды бөлімді жазуда өзімнің бір әдісімді ұсындым. Эссені өз оқырманыңызға сұрақ қоюмен аяқтау. Жоба барысында ең үлкен кедергінің бірі оқушының грамматикалық, стильдік , пунктуациялық сауаттылығы болды. Бұл мен үшін тағы бір жұмысты жоспарлау керектігін көрсетті. Яғни күнделікті сабақтарда оқушының жазу тілінің сауаттылығына ерекше мән бере отырып жұмыс жүргізу .

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі