400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Журналистика - мен қалаған мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының шығармашылық жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Журналистика ‑ мен қалаған мамандық

Эссе

Қарағанды қаласы, «№23 ЖББМ» КММ

11 «Ә» сынып оқушысы

Жанатова Аяулым Ертаевна

Жетекшісі: Мухсинова А.М.



Журналистика - көптеген ғасырлар бойы қоғамдық өмірдің өте маңызды аспектісі, ал қазіргі, ақпараттық ғасырда ол адам өмірінде ең маңызды рөл атқарады. ХХІ ғасыр - жаңа ашылулар мен заманауи технологиялардың ғасыры. Әлемдік прогресс шектеусіз және адамзат та бір орында тұра бермейді, күн сайын жаңа салалар дамып, өркендейді, ескілері де жақсарып жаңарып келеді.

Журналистика - кез-келген адам күнінің маңызды құрамдас бөлігі. Таңертең оянған кезде адамдар ұялы телефонын бірден алады. Олар әлеуметтік желілерді, инстаграмм парақшасын қарап шығады, тексереді. Бірақ бұл маңызды емес, өйткені осы ресурстардың кез-келгенінен олар ұйықтап жатқанда елде және әлемде не болғанын әлеуметтік желілерден оқуға болады. Міне, журналист ‑ қоғамның басты келбеті болып табылады. Ақ халатты абзал жандар адам жанымен арпалысса, журналистер жалпы қоғам тағдырымен арпалысады. Халық пен мемлекет арасындағы басты дәнекер алтын көпір десек те артық болмас. Тіпті іріп‑шіріп жатқан қоғамның тазартушы «дезинфекциясы» десем дұрысырақ болар.

Жалпы мен балалық шағымнан шығармашылық тұлға ретінде қалыптастым. Менің бұл салаға деген қызығушылығымды Алаш зиялылары мен қазақ халқының ұлы билерінің салып кеткен дара жолдары әсер еткен болатын. Нағыз қазақ халқының қызына тән өжеттілік пен қырағылықты бойыма сіңіре отырып, ұлт тағыдырының келешегіне деген сенімімді арқалап отырмын.

Бұл шығармашылық жолда «Ел болу оңай, оны ұстап қалу қиын» екендігін барша жұртқа ұғындырғым келеді. Неге дәл бұл қағидаларды дәл осы жағдайда бірінші орынға қойды дерсіздер, бәлкім. Жоғарыда айтып өткендей журналист мемлекет пен халық арасындағы байланыс. Осы орайда өз үлесімді қосуды бастап кеттім десем де болады. Қазіргі таңда мен Қарағанды облыстық қоғамдық‑саяси “Орталық Қазақстан” және Бұқар Жырау аудандық гаезет редакцияларының тұрақты ойтолғаушы авторы боламын. Ойтолғаулар жазар кезде де үнемі ұлт мәселесін, ұлттық құндылықтар мәселесін, биліктің халықты ашындырған мәселелерді басты назарға ұстай отырып қаймағын бұзбай оқырманға жеткізуге тырысамын. Оған қоса , ұрпақ тәрбиесін басты назарға ұстап, жастарға үңдеу жолдаймын.

Бүгінгі күні тіл мәселесінің өзектілігін ешкім тоқтатқан жоқ. Кезінде қалың тұман арасынан жайма шуақ болып, қазақ халқын алға қарай жетелеген Ахметтей, Міржақыптай, Мағжандай серілеріміздің еңбектері зая кетіп жатқаны қыңжылтады. Қоғам ана тілінің орнын жоғалтып бара жатқан сынайлы. Тіл жойылса, ұлттың да жойылғаны, демек. Тілдері шұбарланып, орысша күмбірлеген қаракөз қарындастарымызды көргенде балықтың басынан шіритініне тағы бір мәрте көзім жетеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің қорыта келсек, келешекте қалайда болсын ел мәселесін көтеріп, ел басына төнген қара бұлтты сиілтіп, қоғамда нағыз айбатты да, қайратты қазақ жастарының тұлғасының қалыптасуына аянбай еңбек етемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі