400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Кемел Тоқаевтың өмірі мен еңбектері

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен таныған жазушы" тақырыбында Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірі мен еңбектері жайында эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кемел Тоқаевтың өмірі мен еңбектері туралы «Мен таныған жазушы» тақырыбында эссе



Жазушы деген-сөз,қолдаушысы,сөз кестешісі,сөз зергері,зергері болғанда жәй ғана зергері емес,сөз арқылы адамның жан дүниесін,сана-сезімін тәрбиелейтін зергер.Сондықтан да ол «адам жанының инженері».Жазушының ермегі-жазу,ал жазу-өмір тынысы.Жазу-ең бірінші өмір сүруден,ұнатудан,сосын барып танылудан тұрса керек.Менің түсінігімше,әдебиет пен өнер жолы-қиын жол.Әркім танымал болғысы келеді және өзіне біреудің таңданғанын қалайды.Тіпті,ғасырлар бойы шығармасы қолдан түспесе де,әр жазушының бұл арманы орындала ма,жоқ па,ешкім кепілдік бермес еді. Дегенмен,әр қаламгер өзі өмір сүрген дәуір келбетін жазуы керек.Адамда талантпен бірге білім де,тиісті деңгейінде жеткілікті болуы шарт.Осындай дарын біздің қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевта да болған екен.Ал,ендеше, кемеңгер ойшылдың әлеміне тереңінен зер салып көрелік...

Кемел Тоқаевтың Ұлы Отан соғысына қатысып, I және II дәрежелі орденмен марапатталғанынан бөлек,оның жазушылық дарыны да қалыс қалмаған.Жазушының ең алғашқы кітабы «Жұлдызды жорық» деген атпен 1954жылы жарық көрді.Бұдан басқа «Қыс қарлығашы», «Болашақ туралы ойлар», «Арнаулы тапсырма», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті», «Ұясынан безген құс» атты шығармалары бар.Айтып өткенімдей,Кемел Тоқаев –қазақ детективінің негізін қалаушы.Жазушының «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» сияқты шығармалары оны бұл жанрды биік көркемдік деңгейге жеткізген дара автор ретінде танытты.Сонымен қатар,Кемел Тоқаевтың басты кейіпкерлерінің бірі-Қасым Қайсенов. Жазушының «Арнаулы тапсырма» деп аталатын шығармасы әйгілі партизан,Ұлы Отан соғысының ардагері,Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналып жазылған.Қасым Қайсенов баспасөзге берген сұхбатында «Маған үйір боп,табандылық танытып,мен туралы қазақша,орысша кітап жазған Кемел Тоқаевтың еңбегін жоғары бағалаймын»,-деп жазушыны естен шығармай,елеп құрметтеген.Осы кітапты жазу үшін Кемел Тоқаев Қасым Қайсеновпен бірге Украинаға барып,оның партизан достарымен кездескен екен.Ал, «Әке туралы толғаныс» кітабында жазушы өзінің балалық шағы,қилы замандар мен күрделі кезеңдерді,ағасы Қасым екеуінің бір күнде ата-анасынан,кейін қарындасынан айырылған ауыр трагедияны бастан өткергені туралы жазады.

Қазақ халқының ұлттық өзгешеліктері мен қасиеттері өте көп.Олар ең алдымен, әдептілік,инабаттылық,адалдық,ақниеттілік,сый мен сымбат,сыпайылық тағы басқа мәдениеттіліктің белгілері,адамгершіліктің нысаны. Осындай ізгі қасиеттердің бәрі де, менің ойымша,Кемел Тоқаевтың бойынан табылатын еді. Соғыса жүріп,жазу жазғанды қалайша дарындылық демейсің. Бүкіл саналы өмірін халқының игілігі мен болашағы үшін арнаған кемеңгер Кемел Тоқаев жайлы көптеген әңгімелер айтуға болар еді.Ол кісі туралы әлі де талай естеліктер,жыр-дастандар жазылатынына күмән жоқ.Қазақта «Жақсы ісімен жасайды» деген мақал бар.Сондай іргелі ісімен өшпес із қалдырған бірі,бірі емес,бірегейі осы Кемекең дер едім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі