400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Кеше ғана бала ем..."

Материал туралы қысқаша түсінік
кітап оқудың маңыздылығы туралы ой бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кеше ғана бала ем...»

Жоспар:

  1. Балалық шағыма саяхат

  2. Кітапқа кезек

  3. Қорытынды



«Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа» деп данышпан Абай айтқандай, өзімді жас санап жүрген мен де, міне, қырықтан асыппын.Бірақ, анам қолымда болғандықтан болар «анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» деген әннің сөзінің жаны бар ма деп те ойлаймын.

Мен бала күнімнен кітап оқуды жақсы көрдім.Өйткені, әкемнен бастап үйде аға-әпкелерім барлығы кітап оқитын. «Жалын» журналын почтальон алып келген кезде анық талас басталатын, ол кезде мен кішкентай едім.Әкем омарта ұстаған кісі еді, үйде соған байланысты қалаң-қалың кітаптар бар болатын, оларды әкем үйде жоқта бір ашып, орысша түсінбегендіктен қайта орнына қойып қоятынмын.Бала күнімді есіме алсам, әкемнің «Мұңлық-Зарлық», «Алпамыс», «Қобыланды» жырларын күйтабақ арқылы тыңдауды ұнатушы еді, мені үйдің кенжесі болғандықтан болар, тізесіне отырғызып тыңдататын, сондағы «әлқиса» деген сөз жадымда мәңгі жатталып қалыпты. Кейінірек, әкемнен енші ретінде сол күйтабақтарды үйіме алып кеттім...

Әлі есімде,сегізінші сыныпта, Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын оқу үшін өз сыныптастарымның арасында кезекке жазылып, сол кітапты зорға дегенде қолыма түсіргенім.Онда да үлкен шарт, үш күнде оқып бітіруің керек, өйткені келесі адам кезекте. Көктем мезгілі еді, қой төлдеп, қозыларын өріске қосқан кез. Көрші балалар, қыздар жиналып қойдың алдынан шығамыз, қозыларымыз жан-жаққа тым-тырақай қашады.Несің айтасың, үйге келмеген қозы, лақтарыңды тауып, әлгі кітабыма түнгі 11 де қолыма аламын. Түнімен кітап оқып, әкемнен «түнде адам ұйықтау керек» деп ұрысқаны есімде сақталып қалыпты.Оралмай кеткен сол кездер десеңші...

Қазір заман басқа дейміз, кітап оқу үшін кезекке тұратынбыз десек, балалардың сенуі екі талай, « кітап- сенің досың» дегенді де түсіне бермейді, өкінішке орай. Дегенмен, қол қусыра отырмай, кітап оқуды жан- жақты насихаттау керекпіз, өйткені рухани даму, ұлттық зияткерлік құндылықтарды қалыптастыру кітапсіз мүмкін емес деп ойлаймын.







Утеулинова Зауре Молдасадыковна, Алматы қаласы

№122 ЖББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 маусым
829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі