Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Латын әліпбиі – рухани жаңғыру мен ұлт тұтастығы негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе мұғалімдерге ,оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиі – рухани жаңғыру мен ұлт тұтастығы негізі

 

Еліміз тәуелсіздік алғалы латын әліпбиіне көшу мәселесінің маңыздылығы артып келеді. Жұртшылық пен зиялы қауымның тарапынан қызу талқылауға түсуі қоғамдық дұрыс көзқарастың қалыптасуына ықпал етуде. Құнды ойлар мен ұтымды ұсыныстар – болашақ үшін жасалып жатқан игі іс бастамасы.

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Латын әліпбиін қолдану түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін мұндай шешім қабылдау өте маңызды, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға ықпалы зор. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – осы ортақ әліпбиде жүру.

1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болғаны белгілі, сондықтан да көптеген ғалымдардың пікірін ескерсек, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Өйткені, латын қарпі ғылым мен техникада кең қолданысқа ие, жастарымыз күнделікті қолданып та жүр, тек қазақ тілін білмейтін отандастарымыз үшін қиын болуы мүмкін. Сондықтан да бұл қадамның маңыздылығын ескерсек, қиыншылығын іздеп, терудің қажеті жоқ. Тек бұл тұрғыда басқа латын әліпбиіне көшкен түркі тілдес бауырларымыздың тәжірибесінен сабақ алуымыз керек, жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, зерделеуіміз керек деп ойлаймын. Тарихи, әдеби мұрамызды сақтап қалу үшін сапалы аударма жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сонымен қатар Елбасы білім беру жүйесінде жаңа алфавитті енгізуде әдістемелік база мен мұғалімдер дайындаудың қажеттігін атап көрсетіп, үкіметке кезеңдеп енгізу жоспарын әзірлеуді тапсырды. 2022 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді аяқтап, 2022 жылы жылы мектептерде оқытуды бастау жоспарлануда.

Латын қарпіне көшу – біздің жан-жақты ойластырған, мақсатты түрде ұлт мүддесі үшін қабылданған шешім. Сондықтан да көпшілік тарапынан қызу қолдау табуы баршамызды қуантады, бұл жұмыста нақты ісімізбен үлес қосуымыз керек.

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12