Материалдар / Эссе: "Логопедияға қадам басуым..."
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Эссе: "Логопедияға қадам басуым..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бітіруші түлектерге
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Логопедияға қадам басуым...»

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әл-Фараби

Менің мамандығым менің келешекке деген болашағым. Әр адам мамандық таңдауда қателеспеу керек, өйткені мамандығын - өмірің! Адам баласы жаны не нәрсені қаласа, соны аса құштарлықпен орындайды. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеді. Сондықтан да мамандыққа зор махаббатпен, ықыласпен берілу керек. «Мамандық» сөзі латын тілінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау дегенді білдіреді». Әр адам бір мамандықты таңдап, сол мамандықтың шыныңа жетсем деп армандауы қажет. Соған талпынып, бар ерік-күшің, жігерің жұмсауы , бұл профессионалдықтың белгісі. Бала жаның түсіне білу, оны зерттей білу-үлкен өнер.

Мен ең алғаш даярлық сыныпқа барған кезде сынып жетекшім Нүргүл Талғатқызына өте тәнті болдым. Ол кісінің сабақ түсіндіруі, сабақты меңгерту технологиясы, өзін-өзі ұстауы бәрі –бәрі мен үшін мінсіз болып көрінді. Сол ұстазыма еліктеп сабақтан шығып үйге барған кезде мен Нүргүл Талғатықызымын деп рөлге кіріп үйдегі ата-анама, бауырларыма сабақ беретінмін. Яғни, мен бес жасымнан өзіме мамандықты таңдап қойғанмын. Мамандық таңдауым жүрек қалауыммен жүзеге асты. Балғын балалық шағымның арманы орындалғанына қуаныштымын. Қазіргі таңда өзім оқыған мектебімде мұғалім-логопед қызметін атқарамын. Жас маманмын, алғашқы ұстазым Нүргүл Талғатқызының қасындамын. «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» - деп мектеп ұжымынан ақыл кеңес сұраймын. Сабақтарына кіріп, тәжірибе алмасамыз. Қай мамандық болмасын өзінің қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Әр баланың жүрегінің кілтін таба білу, психологиялық ізденісті де талап етеді. Мұғалім уақыт өте, оқушыларын зерттей келе психологиялық дағдыларын қалытасқаның байқайды. Өз оқушыларын бес саусағындай білетін болады. Сонымен қатар мұғалім үнемі шығармашылық ізненісте, жаңалыққа жаны құштар жан-жақты болып, үнемі өзін жетілдіріп отыруы қажет. Халқымызда «Жас келсе-іске» - деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек.

Логопед болу – төзім мен еңбекқорлықты талап етеді. Тек балаларды жандүниесімен сезінетін адам ғана, мұғалім-логопед бола алады. Балалардың тілін жетік меңгерту, ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату біздің жұмысымыздың басты мақсаты. Сөйлеу – бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті болуы және оны белсенді қолдана алуы, осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарға түсініп жауап беру болып табылады. Оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу және күнделікті қарым-қатынаста сөздерді қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше көңіл бөлемін.

Сөйлеу тілінің бұзылуы – мектеп жасына дейінгі және бірінші сынып балаларында арасында жиі кездеседі. Егер сөйлеу тіліндегі кемістікті уақытымен түзетпесе, бала бастауыш сынып бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездеседі. Әр балаға жеке ықпал қойып, бар назарымды аударып түрлі көрнекіліктермен сабағымды өткіземін. Оқушының көңіл-күйін, диагнозын ескере отырып сабаққа деген қызығушылығын арттыруға тырысамын. Түрлі артикуляциялық, тыныс алу, қолдың ұсақ моторикасын дамытатын жаттығулар әрдайым қолданып отырамын. Бұл жаттығулардың бала тілінің сөйлеуіне тигізер септігі мол. Біздің өскелең ұрпағымыз ақылды, мәдениетті, орақ тілді, денсаулығы мықты, парасатты болып өсуі мен үшін мақтаныш. Әр баланың бойына мейірім нұрын төгу маған қуаныш сыйлайды. Мен мамандығымен мамақтанамын! Тіл-байланыс құралы сондықтан да балдырған бөбектерге, балаларға көмегімді тигізіп, сөйлеу тілінің дұрыс жолға қоюына септігін тигізгеніме көңіліме қуаныш ұялатады. Мен бақытты жанмын! Жұмысымнан ләззат алып, балалардың былдырлаған балдай тілінен рахат аламын! Әр бала жұлдыз болуға лайық. Тек оған уақытында  көмектесіп, дем бергенге не жетсін. 










Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі